Балалар сендердің қолдарыңда билеттерің бар, сол билетте көрсетілген сан бойынша вагондарыңа отырыңдар

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Математикадан алған білім, білік, дағдыларын шыңдау.
  • Үйренгендерін пысықтау, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сабақ барысында геометриялық фигуралармен таныстыру.

2) Дамытушылық

  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Ойындар арқылы ой-өрісті дамыту.
  • Зейінді тұрақтандыру, есте сақтау қабілетін және логикалық шапшаңдықты дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақ түрі

Жаңа сабақ, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер

Суреттер, «Көңіл-күй галереясы».

Әдіс-тәсілдер

Талдау–жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ–жауап, көрнекілік және т.б.

Сабақ жоспары

  1. 1.Қызығушылықты ояту
  2. 2.Мағынаны ажырату
  3. 3.Рефлексия

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назар аударту, жұмысқа жұмылдыру.

2) Психологиялық дайындық

Мұғалімнің сөзі

Балалар, бүгінгі күніміз сәтті басталуы үшін алдарыңдағы суреттердің ішінен өз көңіл-күйлеріңе сәйкес келетінін таңдаңдар.

Жалғасы

Енді таңдаған суреттеріңді «Көңіл-күй галереясына» ілейік.

3) Мағынаны ажырату: «Пішіндер әлеміне саяхат»

Балалар, бүгін біз Пішіндер әлеміне саяхатқа барамыз. Ол үшін пойызға мінуіміз керек. Біздің пойызымыз жай пойыз емес — Ғажайып пойыз.

Түстерді ажырату

  • Вагондардың түстері бірдей ме? Жоқ, әртүрлі.
  • Түстері: қызыл, сары, көк, жасыл.

Пойыз құрылымы және санау

  • Алға сүйреуші бөлік — тепловоз.
  • Пойыздың ретін санайық: 1, 2, 3, 4, 5.
  • Билеттегі санға сәйкес вагоныңа отыр.

Ғажайып пойызымыз қалааралық болғандықтан, межелі жерге тез жетеміз. Міне, Пішіндер әлеміне де келдік. Қандай керемет! Енді орындарыңа жайғасып отырыңдар.

Шеңбер (дөңгелек)

Алдарыңдағы пішін — шеңбер. Шеңберді ауада салып көрейік.

Енді айналамызға қарап, осы пішінге ұқсас заттарды табайық.

Шаршы (төртбұрыш)

Барлық қабырғалары тең болатын пішін — шаршы.

Ауада салып, шаршыға ұқсас заттарды табайық.

Үшбұрыш

Үш қабырғасы бар пішін — үшбұрыш.

Ауада қайталап салып, ұқсас заттарды атайық.

Сергіту сәті

Тұрып дем алайық.

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық, орнымызды табайық.

4) Рефлексия

Дәптермен жұмыс

Балалар, берілген суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?

5) Қорытынды

Балалар, бүгін сабақта ерекше — ақылды әрі алғыр болдыңдар.

Бүгінгі сабақта қандай пішіндермен таныстық?

Сабақ сендерге ұнады ма?

6) Мадақтау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, жетістіктерін атап өту.

Күтілетін нәтиже

Білуі

Балалар геометриялық пішіндерді ажырата алады.

Меңгеруі

Заттардың қандай пішіндерден құралатынын түсінеді.

Жасай алуы

Әліппе-дәптеріндегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.