PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Жоба тақырыбы
PISA зерттеуі аясында Қазақстандағы және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Ой салатын шумақ
Уланса ауа — уланамыз бәріміз.
Уланса су — уланатын тағы біз.
Уланса жер — уланады өсімдік.
Уланса мал — у тарайды бізге де.
Улы затпен күреспейміз біз неге?
Мақсаты
Оқушыларға «экология» ұғымын түсіндіру, Қазақстандағы және әлемдік экологиялық проблемалар туралы мағлұмат беру. PISA тапсырмаларын кіріктіре отырып, алған білімді күнделікті өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
- PISA тапсырмалары негізінде экологиялық мәселелерді шешуге үйрету.
- Оқушылардың ой-өрісін және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
- Алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Өзектілігі
Экологиялық мәдениет
Елдің экологиялық дамуына үлес қоса алатын білімді, мәдениетті, парасатты тұлға тәрбиелеу.
PISA және дағды
PISA логикалық тапсырмалары арқылы танымдық белсенділікті арттыру, ойлау, қарым-қатынас жасау және дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
1) Оқушылардың ой-өрісі қалыптасады.
2) Өзін еркін ұстап, сөйлеу дағдылары нығаяды.
3) Экологиялық проблемаларды шешуде алған білімін тиімді қолдана алады.
Сабақ жоспары
- I Топқа бөлу
- II Ой қозғау
- III Миға шабуыл
- IV «Fishbone» стратегиясы
- V Қорытынды журнал
Топтарға бөлу
I топ
«Жерұйық»
II топ
«Зерде»
III топ
«Өркен»
Ой қозғау сұрақтары
III топ
Экология ғылымының негізгі мақсаты қандай?
II топ
«Экология» ғылымы нені зерттейді?
Миға шабуыл тапсырмалары
I топ
Қазақстандағы экологиялық проблемаларды атап шығыңыздар.
II топ
Әлемдік экологиялық проблемаларды атап шығыңыздар.
III топ
Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыныңыздар.
Автор туралы
География пәні мұғалімі: Н. Мұсанова
Ескерту: материал PISA зерттеуі аясында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.
Бұл материал оқушылардың экологиялық сауаттылығын және күнделікті өмірде қолдануға бағытталған дағдыларын дамытуға арналған.