Ананың тура жиырма қолдары бар, құрметті ұстаз

Кештің тақырыбы

«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз»

Мақсаты

  • 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнін атап өту.
  • Анаға деген мейірім мен сүйіспеншілікті арттыру; үлкенге ізет, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.
  • Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық секілді қазақ қызына тән асыл қасиеттерді қалыптастыру.

Көктеммен бірге келген мереке

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

Арман: Армысыздар, құрметті аналар мен қадірлі қонақтар! 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Құрметтейік, адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана — асыл жан ғой,
Ойменен істелік әр қадамды.

Ильяс: Көктем келді — бәріміз үшін көптен күткен шуақты мезгіл. Бүгін біз аналарымызды, ұстаздарымызды 8 наурыз мерекесімен құттықтау үшін жиналдық.

Көктем туралы өлең шумақтары

Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.

О, как прекрасно это слово — мама!
Всё на земле — от материнских рук.
Она нас, непослушных и упрямых,
Добру учила — высшей из наук.

Құттықтау сөзі

Арман: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Адымова Рахат Джарболатқызына беріледі.

«Ана» деген сөз — мәңгілік мән

Ой-толғау

Арман: «Ана» есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер бетіндегі күллі адамзатқа ортақ. Жердің өзін де «Жер-Ана» деп теңейміз. Сондықтан да ғұламалардың ана туралы асыл сөздері жүректен жарып шығады.

Ильяс: Слово «мама» издавна возносят выше самых ярких звезд. В праздники мы несём мамам цветы — и в городе, и в малой деревеньке.

Кеш бағдарламасынан

Ән

«Анаға сәлем» (хор)

Би

«Желбіресін ту»

Ән

«Құттықтаймын, мама — туған күніңмен!»

Би

«Домбыра»

Арман: Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі әрі бірегейі — біздің қазақ» — деген екен. Бүгінгі ақ тілектер, жылы сөздер, күмбірлеген күйлер мен шырқалатын әндер сіздерге арналады.

Оқушылардың жүрекжарды тілегі

Өлең жолдары

Карим:
Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған?
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

Мейрамгүл:
Ана — біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де ардақтаған.
Өзінің аяулысы — Отанды да,
«Ана» деп халқымыз бекер атамаған.

Олжас:
Сенен өскен балалар — батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мерекемен, құрметті жан аналар!

Мадина:
Ана деген — ақылшың,
Анаң барда — батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

Ізгі тілек

Арман: Сізге арналады бүгінгі игі ісіміз — ардақтайтын, мақтанатын мерекеміз. Тәрбиелі ұл-қыз өсірген Ұлы ұстаз — ана, бүгінгі құрметтің төрінде өзіңіз отырсыз.

Ильяс:
С праздником светлым, с праздником ясным,
С праздником нежным, чудесным, прекрасным.
С праздником ласки, любви и внимания,
С праздником женского очарования!

Келесі бөлім

Көрініс: «Ананың қолдары»

Көрініс: «Ананың қолдары»

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Аналар мерекесі қарсаңында «Ананың қолы» туралы шығарма жазып келуге тапсырма берілген. Кім оқығысы келеді?

Қыз: Мен оқиыншы.

Қыз:
Ананың қолдары... Анам бір қолымен май шайқайды. Бір қолымен қасиетті кітабымызды ұстайды. Бір қолымен әкемнің жейдесін жамайды. Бір қолымен ас пісіреді. Бір қолымен менің шашымды өреді...

Мұғалім (күліп): Сонда қалай, қызым? «Бір қолымен, бір қолымен»... Апаң қырықаяқ па? Адамда сонша қол бола ма?

Қыз: Бұл бос сөз емес. Екі қолы — әкем үшін. Жеті баласы бар: әрқайсысына екі қолдан есептесек, он төрт қол болады. Асүй, қора, бақша үшін — тағы алты қол. Кедей-кепшікке көмектесу үшін де қол керек. Дұға үшін де екі қол ойлайық. Сонда — жиырма алты қол. Анамның қолы — өте көп, ұстазым.

Мұғалім: Жазғаның дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасы — осы. Ананың қолы бұдан да көп: ол бәріне үлгереді, бәрін жасай алады.

Әже — аналардың анасы

Әжеге арналған жыр

Арман: Ана деп жырласақ та, ана деп ән айтсақ та, аналардың анасы — ақ жаулықты әжелерімізді де құрметтейміз. Келесі жырымыз әжелер жайлы.

Ақмарал:
Ұл-қызыңа ерген — немерең біз, әже,
Немереңнен өрген — шөберең біз, әже.

Сұнхат:
Ана деген — асқақ ән, орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты таба алмайсың ешқашан.

Дильбара:
Айналайын әжем, мәпелеген жастан,
Менің қымбат данам — көңілі көк аспан.
Балдай тәтті әжем, сіздей жан жоқ маған,
Қуантса екен сізді менің «бестік» бағам!

Бағдарлама үзінділері

Ән

«Ақ әжем» (хор)

Ән

«Асыл әжем» (дуэт)

Арман: Біз сіздерге — аналарға — мәңгілік қарыздармыз. Балалық жүректен мың да бір алғыс айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ильяс:
Пусть в вашей жизни не будет грусти,
Пусть в вашей жизни не будет тоски.
Пусть время для вас отпустит
Много ласки, заботы, любви.

Көктемгі құттықтаулар мен шағын нөмірлер

Өлең шумақтары (орысша)

Саша:
В марте с первого числа начинается весна.
Мамин день — 8 марта — отмечает вся страна.

Юра:
И хотя стоят морозы и сугробы за окном,
Но пушистые мимозы продают уже кругом.

Лёша:
Капли солнечного цвета, брызги солнечного лета
Мы несём сегодня в дом — дарим бабушке и маме.

Илья:
Поздравляем с женским днём! Сегодня цифра 8 — любимей всех других.
Мы с праздником поздравим всех женщин дорогих!

Көмек — құрметтің бір түрі

Ильяс: Ал балалардың бәрі аналарына көмектесе ме? Ендеше, бір үйге «қонаққа» кіріп көрейік.

Сценка

Отбасылық көрініс

Ән

«Анашым» (хор)

Частушки және әзіл-өлең

Ильяс: Қыздар ғана емес, ұлдар да аналарына көмектеседі.

Жасұлан:
Если был бы я девчонкой, я бы время не терял:
Я б на улице не прыгал — я б рубашки постирал.
Я бы вымыл в кухне пол, я бы в комнате подмёл,
Перемыл бы чашки, ложки, сам начистил бы картошки.
Все свои игрушки сам я б расставил по местам.
Отчего я не девчонка? Я бы маме так помог!
Мама сразу бы сказала: «Молодчина ты, сынок!»

Ильяс: Милые женщины, девушки, девочки! Желаю вам здоровья, счастья, долгих лет и тепла. Пусть этот день оставит в душе добрый след.

Ән

«Ақбұлақ» (оқушылар орындауында)

Ару қыз — өмірдің жылуы

Арнау сөздер

Арман:
Арулар — асыл жандар, сағыныштар.
Өкініштер, құшақтар, жалыныштар.
Жек көрсе — жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе — балқытып жанына ұстар.

Ильяс:
Арулар — аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар — тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.

Құрметке арналған номер

Ән

«Қазақ жігіттері» (дуэт)

Ильяс: Құрметті, ең мейірімді, ең сұлу, ең аяулы әйелдер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қорытынды

Арман:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

Ардақты аналар, қадірлі әжелер, аяулы арулар! Мерекелеріңіз құтты болсын!