Алуан түрлі ғаламшарлар2 сыныпСабақ негізделген оқу мақсаттары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Алуан түрлі ғаламшарлар (2-сынып)

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі

Оқу мақсаттары

  • 2.4.2.2 — Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру.
  • 2.1.2.4 — Бақылау жүргізудің жоспарын құру.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс материалдары, стикерлер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.

Сабақ нәтижелері

Барлығы орындай алады

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көбісі орындай алады

  • Жұптық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбіреуі орындай алады

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Жеке және жұптық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара алады.

Сабақ барысы

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу

Сыныппен амандасу, сабаққа назар аударту.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Әнді жалғастыр!»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл күйін көтеру, жағымды эмоция қалыптастыру.

Нұсқаулық

  • Жүргізуші өлеңнің 1-жолын айтады, келесі топ 2-жолын жалғастырады.
  • Көрші топ 3–4-жолын әнмен орындайды.
  • Ойын шеңбер бойымен жалғасады.
  • Соңғы әннің соңғы 2 жолын барлық топ бірігіп орындайды.

Ұсынылатын әндер (әрқайсысы 4 жол)

  1. «Әрқашан күн сөнбесін»
  2. «Анашым»
  3. «День рождения»
  4. «Школьный вальс»
  5. «Жан досым»

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Жариялау» әдісі

Әр топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялайды. Топ ішінен бір спикер таңдалып, 5 минут ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Ортасы

10 минут

Қолдану

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау және талқылау.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

2 минут

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығулары орындалады.

Аяқталуы

10 минут

Сабақты бекіту: ой қорыту

Оқушылар эссе парағына бүгінгі сабақта туындаған сұрақтарды, алған мәліметтерін және білімді меңгеру барысында кездескен қиындықтарды қысқаша жазады.

Кері байланыс

Стикерлер арқылы қысқа пікір қалдыру.

Мұғалім туралы

Мұғалімнің аты-жөні: Тлепбергенов Қ. М.