Мақта неше жылдық өсімдік
5-сынып технология сабағы: мата өндірісі
Тақырып: мақта және зығыр маталарының қасиеттері
Сабақ түрі
Ашық сабақ
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Технология
СТО
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқу құралдары мен дәптерлердің дайындығын тексеру.
- Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қысқа өлең жолдары (мотивация)
Оқу-құрал, дәптер ал —
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
II. Үй тапсырмасын тексеру (карточкамен жұмыс)
- 1Қол жұмыстарын орындау дегеніміз не?
- 2Жұмыс аяқталғаннан кейін құралдарды не істеу керек?
- 3Қол жұмыстарын орындауда дұрыс отыру ережелерін ата.
- 4Қол денеден неше см арақашықтықта болуы керек?
- 5Көз бен бұйым арасындағы арақашықтық неше см болуы тиіс?
III. Жаңа сабақ: мақта және зығыр
Мақта (мақта талшығы)
Табиғи талшықМақта — бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің аппақ ұзын талшықтары қорапшада орналасады, осы талшықтар мақта деп аталады.
Негізгі сипаттамалары
- Талшықтары өте жіңішке, ұзындығы шамамен 6–52 мм.
- Табиғи түсі көбіне ақ, кейде қоңыр-сары немесе жасыл реңктері кездеседі.
- Гидроскопиялығы жоғары: ылғалды жақсы сіңіреді және тез кебеді.
- Күн сәулесінің ұзақ әсерінен біртіндеп беріктігі төмендейді.
Қолмен және жандыру арқылы тексеру
- Қолға ұстағанда жұмсақ сезіледі.
- Жандырғанда ашық-сары жалынмен жанып, күйген қағаздың иісі шығады.
Қолданылуы
Тоқыма бұйымдарын және тігін жіптерін дайындауда кеңінен қолданылады. Мақта матадан көйлек, жейде, іш киім, сырт киім, орамал, төсек-орын жабдықтары сияқты көптеген тұрмыстық бұйымдар тігіледі.
Артықшылықтары
- Мықты, жұмсақ, жеңіл.
- Ауа мен ылғалды жақсы өткізеді, тез кебеді.
- Оңай жуылады, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі.
- Жоғары температураға төзімді.
Мақта мата көбіне біркелкі иірілген жіптен тоқылады, беті тегіс болады. Мұндай маталар негізгі жіп бағыты бойынша созылады және жуған кезде сол бағытта көбірек отыруы мүмкін.
Зығыр (зығыр талшығы)
Табиғи талшықЗығыр — зығыр талшықтарын беретін бір жылдық, шөптектес өсімдік.
Зығырдың түрлері
- Салалы зығыр
- Жабайы зығыр
- Бұйра зығыр
Талшық алу үшін көбіне салалы зығыр өсіріледі: сабағы тік, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді.
Негізгі сипаттамалары
- Талшық жуандығы мақтаға ұқсас, ұзындығы шамамен 15–26 мм.
- Түсі ашық сұрдан қою сұрға дейін өзгереді.
- Өзіне тән жылтырлығы бар.
- Гидроскопиялығы мақтадан жоғарырақ.
- Мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді.
Зығыр матаның ерекшелігі
- Беті тегіс, жылтыр; жіп жуандығы әркелкі болуы мүмкін.
- Таза зығыр мата сетінегіш әрі мыжылғыш келеді.
- Дегенмен үтіктеуге тез көнеді.
Қазіргі өндіріс
Қазіргі кезде зығырға капрон, лавсан сияқты жасанды талшықтар қосылып, матаның мыжылғыштығын азайту және беріктігін арттыру мақсат етіледі.
Қысқаша тарихи мәлімет
Мата қазақ өлкесіне ертеректе Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінен, кейінірек Ресейден әкелінген. Тоқылуына, сапасына, өрнектің түрі мен әдемілігіне қарай матаның атауы әртүрлі болған.
IV. Сарамандық жұмыс: матадан орамалша дайындау
Дайындық
- Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу.
- Қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Ескерту
«Талаппен бастап, талғаммен аяқта» деген халық нақылын есте ұстап, жұмысты ұқыпты орындаңдар.
Қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздігі
- Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
- Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен беруге болмайды.
- Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда оның көңілін бөлуге болмайды.
V. Сергіту сәті: «Адасқан құралдарды тап»
Ине — тігеді
Қайшы — қияды
Сантиметрлік лента — өлшейді
Сызғыш — өлшейді
Карандаш — жазады
Мақта — мата
Тақтамен жұмыс: сөзжұмбақ сұрақтары
- 1. Саусақ басына киетін темір қалпақ? (Оймақ)
- 2. Кесетін құрал? (Пышақ)
- 3. Мата қиятын құрал? (Қайшы)
- 4. Құстың жүнінен жасалған үй жиһазы? (Құстөсек)
- 5. Жұмсақ мата түрі? (Мақта)
VI. Сабақты бекіту
1) Венн диаграммасы (қорытындылау)
Зығыр
- Бір жылдық өсімдік
- Жылтыр, тегіс бет
- Ыстыққа төзімді
Ұқсастығы
- Екеуі де табиғи талшық
- Екеуі де бір жылдық өсімдіктен алынады
- Ылғалды жақсы өткізеді
- Киім тігуге қолданылады
Мақта
- Бір жылдық өсімдік
- Жұмсақ, жеңіл
- Көбіне ақ түсті
2) Топтастыру
I топ — Зығыр
Бір жылдық, жылтыр, тегіс, мықты, ашық сұр.
II топ — Мақта
Бір жылдық, жұмсақ, ақ түсті, ылғалды жақсы өткізеді.
III топ — «Кім тапқыр?»
Мақта мен зығыр талшықтарын салыстыру.
3) Ой түйіндеу: сұрақ-жауап
- 1. Мақта дегеніміз не?
- 2. Зығыр дегеніміз не?
- 3. Мақта неше жылдық өсімдік?
- 4. Зығырдың неше түрі бар?
- 5. Мақта маталардан қандай бұйымдар тігіледі?
- 6. Мата қазақ өлкесіне қай елдерден әкелінген?
- 7. Зығыр матаның беті қандай болады?
- 8. Мақта матаның түсі қандай болады?
Қорытынды рефлексия: әсерді түстермен белгілеу
Жасыл түс
Жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс
Жаңа сабақ әсерлі болды.
Сары түс
Жаңа сабақта жаңа ақпарат алдым.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- Мақта және зығыр тақырыбында шағын коллекция (үлгілер/суреттер) жасау.
- Түсінік айтуға дайындалу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы салыстырмалы түрде бағаланады (белсенділік, жауап беру сапасы, қауіпсіздік ережесін сақтау, ұқыптылық).
Автор туралы мәлімет
Өңір
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы
Мектеп және мұғалім
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп, технология пәні мұғалімі — Құмарова Қорлан