Білгіш географ

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

География пәнінің мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна ұсынған сыныптан тыс жұмыс: «ХХІ ғасыр географтары» зияткерлік сайысы.

Мақсаты

География пәнін терең меңгерген оқушыларды анықтау, көшбасшы топты іріктеу.

Міндеттері

  • Оқушылар білімін тексеру және саралау.
  • Қиындық туғызған тақырыптарды түсіндіру, бекіту.

Сабақ түрі

Жарыс-сабақ (командалық сайыс).

Көрнекіліктер мен құралдар

Карталар

Дүниежүзінің физикалық және саяси карталары

Сандық құрал

Интерактивті тақта

Көрнекілік

Глобустар

Дереккөз

Атластар

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр географтары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Сондықтан бүгінгі мақсатымыз — заман талабына сай ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға ұмтылу.

Бұл сайыс оқушылардың пәнге қызығуын арттырып, ойлау қабілетін дамытуға, мектеп көшбасшыларын анықтауға, алғырлыққа, тапқырлыққа және жылдам шешім қабылдауға үйретуге бағытталған.

Сайыс туралы шумақ

Сайыс — толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Сайыс — толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Әділқазылар алқасы

Ең алдымен сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысамыз:

  1. 1) ____________________
  2. 2) ____________________
  3. 3) ____________________

Сайыс құрылымы: 6 кезең

I кезең — «Бәйге»

Елдер мен астаналарды сәйкестендіру.

II кезең — «Білгір географ»

Атласпен жұмыс: берілген сандарды анықтау.

III кезең — «Жорға»

Географиялық атауларды ортақ белгісі бойынша топтастыру.

IV кезең — «Әріпті ауыстыр»

Әріптер орнын ауыстырып термин құрастыру.

V кезең — «Тапқырлық»

Экологиялық есептер шығару.

VI кезең — «Әділқазылар шешімі»

Ұпайларды қорытындылау және жеңімпазды анықтау.

Ескерту

Әр топ алдымен өзін таныстырады (атауы, ұраны, құрамы).

I кезең — «Бәйге»

Дұрыс жауап: 5 ұпай Уақыт: 3 минут Тапсырма: астаналарды табу

1-топ

  • АлжирАлжир
  • ЛаосВьентьян
  • ЧехияПрага
  • ЭфиопияАддис-Абеба
  • ВенесуэлаКаракас
  • КенияНайроби
  • ДанияКопенгаген
  • АнголаЛуанда
  • СингапурСингапур
  • КанадаОттава

2-топ

  • АргентинаБуэнос-Айрес
  • ФилиппинМанила
  • БангладешДакка
  • ЕгипетКаир
  • ВенгрияБудапешт
  • МароккоРабат
  • ЗамбияЛусака
  • МозамбикМапуту
  • ТайландБангкок
  • МексикаМехико

II кезең — «Білгір географ»

Ең жоғары ұпай: 5 Уақыт: 3 минут Атласты қолдану

1-топ / 2-топ үшін ортақ тапсырма

  • 1620 мБайкал көлі
  • 6194 мМак-Кинли тауы
  • 8848 мДжомолунгма
  • −405 мӨлі теңіз
  • 4506 мБелуха шыңы
  • 2992 мТастау (Тарбағатай)
  • 6995 мХан-Тәңірі
  • 816 мКракатау жанартауы
  • 132 мҚарақия ойысы
  • 11022 мМариана шұңғымасы

Жауапты белгілеуге арналған орын

Командалар атласты пайдаланып, әр санға сәйкес нысанды анықтайды. Жауаптар интерактивті тақтада белгіленеді.

1) ________
2) ________
3) ________
4) ________
5) ________
6) ________

III кезең — «Жорға»

Ұпай: 5 Уақыт: 2 минут Топтастыру

1-топ тапсырмалары

  • Килиманджаро, Эверест, Этна, Фудзияма
  • Бриз, муссон, нивелир, ауа массалары
  • Арарат, Кавказ, Карпат, Хонсю
  • Балқаш, Алакөл, Ван, Ява
  • Гренландия, Элсмир, Банкс, Куба, Хуанхэ

2-топ тапсырмалары

  • Ертіс, Жайық, Сырдария, Балқаш
  • Ява, Сулавеси, Суматра, Гималай
  • Меконг, Янцзы, Хуанхэ, Кукунор
  • Тайвань, Хайнань, Тимор, Ван
  • Мак-Кинли, Орисаба, Элсмир, Аконкагуа

IV кезең — «Әріпті ауыстыр»

Ұпай: 5 Уақыт: 3 минут Анаграмма

1-топ

  • л п о ю сполюс
  • т а р к акарта
  • и а н м е д р имеридиан
  • м т у з и аазимут
  • е ф а м о т а с ратмосфера
  • и о н з г т ь л а р огоризонталь
  • с п м а о ккомпас

2-топ

  • а л л ь л е п р апараллель
  • қ з а ж ыжазық
  • л п н аплан
  • р т о к в э аэкватор
  • ф е с р а и ббиосфера
  • қ л ы й о ббойлық
  • ғ д а а р у а л ббағдарлау

V кезең — «Тапқырлық»

Экологиялық есептер Әр оқушыға: 5 есеп Уақыт: 4 минут

1-оқушының есептері

  1. Есеп 1

    Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегі 10 есе кемісе, 1,5 млн халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?

    Шешуі: 1 500 000 × 10 = 15 000 000 (ағаш)

  2. Есеп 2

    Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?

    Шешуі: 6 × 20 = 120; 120 × 30 = 3600 (кг)

  3. Есеп 3

    1 тонна мата қалдығын өңдеп 600 м мата алуға болады. 35 тонна қалдықтан қанша метр мата алуға болады?

    Шешуі: 35 × 600 = 21 000 (м)

  4. Есеп 4

    Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?

    Шешуі: 20 × 120 = 2400 (жәндік)

  5. Есеп 5

    Жер мен Ай арасы — 384 000 км, ал Жер мен Күн арасы — 149 500 000 км. Ай, Күнге қарағанда, Жерге шамамен неше есе жақын?

    Шешуі: 149 500 000 ÷ 384 000 ≈ 389,3 (есе)

2-оқушының есептері

  1. Есеп 1

    Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 м³ лас зат өзенге құйылады. Жылына өзендерге қанша мөлшерде лас зат құйылады?

    Шешуі: 365 × 350 = 127 750 (м³)

  2. Есеп 2

    Үйрек 70 күнде 4 кг-ға дейін салмақ қосса, 35 күнде қанша салмақ қосады?

    Шешуі: 70 ÷ 35 = 2; 4 ÷ 2 = 2 (кг)

  3. Есеп 3

    Бамбук тәулігіне 30 см өседі, ал терек 2 см өседі. Бамбук терекке қарағанда тәулігіне неше есе артық өседі?

    Шешуі: 30 ÷ 2 = 15 (есе)

  4. Есеп 4

    Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағаз өнімдерін пайдаланады. 1 жылда сенің отбасыңа қанша ағаш қажет? (Мысал: отбасы 4 адам.)

    Шешуі (4 адам): 4 × 3 = 12 (ағаш)

  5. Есеп 5

    60 кг құрттар 1 ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг құрттар неше ағаштың өмірін қорғайды?

    Шешуі: 420 ÷ 60 = 7 (ағаш)

Музыкалық үзіліс

Есептер орындалған кезде қысқа ән/әуен қойылады.

VI кезең — «Әділқазылар шешімі»

Бұл кезеңде сайыскерлердің алғашқы 5 кезең бойынша жинаған ұпайлары қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады.

Қорытындылау тәртібі

  • Әр кезең ұпайы жарияланады.
  • Жалпы ұпай есептеледі.
  • Жеңімпаз топ марапатталады.

Қорытынды

Осымен 7, 8, 9, 10-сынып оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасыр географтары» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан және қолдау білдірген баршаңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!