Аяз ата мен ақшақар келгенше шамдарын жарқыратып қояйық

Рустемханова Айгерим Сериковна

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар мен қадірлі қонақтар, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл әр шаңыраққа жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен шаттық алып келсін.

Кіріспе көрініс

Балалар әндетіп, қол ұстасып залға кіреді де, шеңберге тұрады.

Аққаланың сөзі

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған —
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күткен, сағынған!

Жылқы жылының сөзі

О, алақай, тамаша —
Шыршамыз тұр жараса!
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз тамаша!

Ән орындалады.

Мерекелік диалог

Аққала:

Балалар, сендер бүгін сәнді киініп, ерекше әдемі болып кетіпсіңдер. Бүгін қандай мереке?

Балалар:

Жаңа жыл!

Жылқы жылы:

Шыршамыз сұлу, бірақ шамдары жанбай тұр. Аяз ата мен Ақшақар келгенше шамдарын жарқыратып қояйық.

Аққала:

Бәріміз үрлейік, шапалақтайық!

(Шамдар жанбайды.)

Жылқы жылы:

Мүмкін, тақпақтар айтайық.

Тақпақтар

Қыс келбеті

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.

Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.

Ақ мамық қар

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады — қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Ақшақар

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар —
Көптен күткен, сағынып.

Шырша сәні

Жасыл шырша жайнаған,
Жарқыраған нұрменен.
Қандай ғажап айналам,
Құлпырғандай гүлменен.

Жаңа жылға тілек

Әрқайсымыз — жаңа жылмыз,
Әрқайсымыз — жаңа ғасырмыз.
Өмір таңын жарқыратқан,
Біз де сендей жасылмыз.

Жаңа жылды шақыру

Аққала:

Жоқ, біз өзіміз шамдарды жаға алмайтын сияқтымыз.

Жылқы жылы:

Онда Жаңа жылды шақырайық.

Аққала:

Иә, бәлкім, оның қолынан келер.

Балалар:

Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жылқы жылы:

Алақай! Алақай!
Жыл келеді шапқылап —
Қанеки, қарсы алайық жақсылап!

Шешімі: Аяз ата мен Ақшақар

Жылқы жылы:

Қап, Аяз ата мен Ақшақар келгенше шамдарын жарқыратып қояйық деп едік…

Қой жылы:

Бір жыл ішінде шамдарды тек Ақшақар мен Аяз атаның көмегімен ғана жарқырата алатынымызды ұмыттың ба?

Аққала:

Иә, менің де есімнен шығып кетіпті.

Көңіл көтеру

Қой жылы: Олар келгенше тұра тұрайық. Келіңдер, билейік, зерікпейік, төгілтейік ән мен күй! Қол ұстасып дөңгелейік, көтерейік көңіл-күй!

Би Флешмоб

Аққала:

Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:

Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

Әуен ойнап, Ақшақар мен Аяз ата залға кіреді.