Немен жуынасыңдар

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Суды жақсы көремін, таза болып жүремін»

Мақсаты

  • Балалардың сөздік қорын дамыту.
  • «С» дыбысын анық әрі созылыңқы айтуға үйрету.
  • Дұрыс дыбыстауға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Тазалыққа баулу, гигиеналық дағдыларын бекіту.
  • Сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер

  • Қуыршақ
  • Үлестірмелі суреттер
  • Тазалыққа қатысты заттар

Әдіс-тәсілдер

  • Көрсету
  • Үйрету
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын арқылы бекіту

Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, С. Қалиұлының үлгі өлеңін мәнерлеп оқимыз. Өлең арқылы тазалықтың маңызын ашып, балаларды дұрыс әдетке баулимыз.

Кім жек көрер пысықты, Ылғи бетін жуады. Деп, тәтеміз пысықты Бізге үлгі қылады.

Сөздік жұмыс: «үлгі» — жақсы іс-әрекетке, дұрыс қылыққа бағыт беретін өнеге.

Дыбыстық жаттығу

«С-у-у» деп созылыңқы айтып, дыбысты анық шығаруға жаттығамыз.

Әңгімелесу

  • Мысық не үшін бетін жиі жуады?
  • Сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
  • Таңертең немен жуынасыңдар?
  • Жуынған соң немен сүртінесіңдер?
  • Тістеріңді тазалайсыңдар ма?
  • Шаштарыңды тарайсыңдар ма, айнаға қарайсыңдар ма?

Қорытынды: таза жүру — денсаулықтың кепілі. Тазалықты сақтасақ, өзімізді жақсы сезінеміз және аз ауырамыз.

Өлең-жұмбақтар арқылы бекіту

Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Өлең-жұмбақты тыңдап, қолдарындағы суретке сәйкес келетін затты көтереді. Жауабын тапқан соң, заттың атауын бәріміз бірге қайталаймыз.

Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.

Жауабы: Сабын

Шомылған баланы,
Аймалап алады,
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.

Жауабы: Сүлгі

Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ,
Бірақ та тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.

Жауабы: Тарақ

Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.

Жауабы: Айна

Су бетіңді жу.

Жауабы: Су

Сергіту сәті

Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын,
Тап-таза боламын.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасалады.

Қимылды ойын

«Ақ қоян»

Балалар шеңбер бойымен қозғалып, тәрбиешінің нұсқауына сай қимылдарды орындайды. Ойын тәртіпті, тыңдай білуді және шапшаң қимылдауды дамытуға бағытталады.

Қорытынды

Бүгін біз суды жақсы көру және таза болып жүру туралы әңгімелестік. Сабын, су, сүлгі, тарақ, айна сияқты тазалық құралдарының атауларын қайталап, дұрыс дыбыстауға жаттық. Тазалықты күнде сақтасақ, деніміз сау болады.