Жедел сұрақ
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
География пәні мұғалімі — Сәуле
Сабақтың тақырыбы
«Тапқыр достар» интеллектуалдық-экологиялық сайыс
Сабақтың түрі мен әдісі
- Әдісі
- Топтық жұмыс
- Типі
- Сыныптан тыс сайыс-сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы білімін тереңдету, экологиялық сауаттылығын арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Білімділік
- Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы ұғымдарын түсіндіру.
- Сыртқы орта факторларының өзара байланысын, соның ішінде «адам – қоғам – табиғат» бірлігін ұғындыру.
- Ұжымда жұмыс істеу, тыңдай білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Экология курсынан алған білімді өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету.
- Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік пікірі бар тұлға қалыптастыру.
- Отанын сүйетін, табиғатты аялауға бейім азаматтық ұстанымды нығайту.
Дамытушылық
- Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
- Ойлау қабілетін, логикалық пайымдауды және шешім қабылдауды дамыту.
- Қоршаған ортаның сапасын жақсарту жолдарын қарастыру; тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынасты қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Слайд-шоу
Мақал-мәтелдер
Қазақстанның физикалық картасы
Табиғатты аялауға шақыратын өлеңдер
Видеоролик
Кіріспе: экологиялық ұстаным және жауапкершілік
Экологиялық тәрбиеге мемлекеттік деңгейде ерекше мән беріледі. Бұл бағыттағы ұстанымдар еліміздің ұзақ мерзімді даму құжаттарында айқын көрініс тапқан.
Экологиялық ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстырып отыру — ұстаз бен тәрбиешінің ғана емес, отбасындағы ата-ананың да маңызды міндеті. Өнегелі әрекет арқылы бала табиғатқа жанашыр көзқарасты бойына сіңіреді.
Жүргізуші сөзі
Жер-ана адамдарды көмекке шақырады!
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!
Досың — жер, су, ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?!
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас! Әр ұрпаққа туған жер —
Не берсе де, беретіні қарызға!
Хамит Ерғалиев
Сайыс форматы
Қатысушылар
Сайысқа 9–10-сынып оқушыларынан екі топ қатысады:
- «Жасыл ел»
- «Жас эколог»
Бағалау балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
7 кезең
- 1.Таныстыру
- 2.Жедел сұрақ
- 3.Ойлан тап
- 4.Сен білесің бе?
- 5.Ойлы болсаң, шешіп көр
- 6.Сөз тапқанға...
- 7.Өнерпаз болсаң
I кезең: «Таныстыру»
Әр топ өз атауын, белгісін және ұранын таныстырып, қорғайды (5 ұпай). Сонымен қатар топ басшылары жеке сынға түседі.
Тапсырма: мақалдың жалғасын табу
Әр басшыға 1 минут ішінде 5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1-топ: «Жасыл ел»
-
1. Бір тал кессең, он тал ек.
-
2. Бұлақ көрсең көзін аш, құдық көрсең шегенде.
-
3. Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті.
-
4. Сулы жер — нулы жер.
-
5. Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу.
2-топ: «Жас эколог»
-
1. Орман — ел дәулеті, жер сәулеті.
-
2. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
-
3. Сулы жер құрақсыз болмас, тау бұлақсыз болмас.
-
4. Ер — елдің көркі, орман-тоғай — жердің көркі.
-
5. Дала көркі — мал, өзен көркі — тал.