Туған тілім ұнатқан өлеңдерін жатқа айту

Сабақтың тақырыбы

«Туған ел» — Сәкен Сейфуллин.

Мақсаты

Өлеңнің мағынасын ашу арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру және туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
  • Пәнге қызығушылығы артады.
  • Тапсырманы түсініп, өз деңгейінде орындай алады.

Негізгі идеялар мен міндеттер

  • Өткен материалды қайталау.
  • Тақырыпты меңгерту.
  • Оқушыларды тиянақтылыққа үйрету.
  • Шағын топта жұмыс арқылы бірін-бірі оқытуды қалыптастыру.
  • Тапсырмаларды орындауда өмірлік тәжірибе мен білімге сүйену.
  • Өз бетімен білім алу қабілетін дамыту.
  • Жетістікті формативті бағалау.

Көрнекіліктер

суреттер бейнебаян мультимедиялық проектор флипчарт фломастер стикер түрлі-түсті жетондар маркер

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

бастау
  • Сәлемдесу.
  • Сыныпты суреттер арқылы топқа бөлу.
  • Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері».

Диалог үлгісі

Мұғалім:
Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім:
Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім:
Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:
Екі аяғың не үшін керек?
Оқушылар: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін!

II. Өткен сабақты пысықтау

қайталу

Жатқа айту

«Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдерінен ұнаған үзінділер.

Эссе жазу

  • «Мен үшін бақыт — …»
  • «Қазақ тілім — байлығым!»

III. Мағынаны тану (жаңа сабақ)

ізденіс

Ой қозғау сұрақтары

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?
  • Біз қай облыста тұрамыз?
  • Біздің тұрғылықты жеріміз қалай аталады?

Таныстыру

«Білгенге маржан» өлеңінің авторы Сәкен Сейфуллин туралы бейнебаян көрсетіліп, ақынның өмірбаяны талқыланады.

Сәкен Сейфуллин туралы қысқаша мәлімет

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894–1938) — қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткер. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.

  • Қарағанды облысы, Ақадыр өңірі (қазіргі Шет ауданы), Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
  • Нілдідегі орыс-қазақ мектебінде, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш кластық училищеде оқыған.
  • 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын шығарған.
  • Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымының жетекшілерінің бірі болған.
  • 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген.
  • 1918 жылы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазған, 1 мамырда «Бақыт жолында» пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.

IV. Сергіту сәті

серпіліс

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді жаңғырту.

V. Оқулықпен жұмыс

оқылым
  • Өлеңді іштей оқу.
  • Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқу.

VI. Топтық тапсырмалар

бірлесу

1-топ

Өз туған жерлерің туралы қысқа мәтін құрастырыңдар.

2-топ

Туған ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазыңдар.

3-топ

Суретті пайдаланып, ақынның ойын түсіндіріп көріңдер.

4-топ

Болашақтың көзімен: өскенде туған жерлеріңе қандай көмек көрсетер едіңдер?

5-топ

Ертегіні көру арқылы негізгі ойды анықтаңдар.

VII. Ой толғаныс

қорытынды

Қорытындылау сұрағы: «Біз не үйрендік?»

VIII. Үйге тапсырма

үй жұмысы
  • Туған ел туралы мақал-мәтелдер жинақтау және жаттау.
  • Туған ауылыңды бейнелеу (сурет, коллаж немесе қысқа сипаттама).
  • Туған ел туралы өлең құрастыру.
  • «Туған ел» өлеңін жатқа айту.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында формативті бағалау арқылы қорытындыланады: топтық жұмысқа қатысуы, оқылым мәнері, тапсырмаларды орындау сапасы және ой-пікірін жеткізуі ескеріледі.