Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі
Сабақтың мақсаты
- Білімділігі: оқушылардың ағзаның ішкі сұйық ортасы (қан және қан жасушалары), олардың қызметі, эритроциттер туралы білімін тереңдету және жүйелеу.
- Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тиянақтау, ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру.
- Тәрбиелігі: ұрпақ саулығы — ұлт болашағы екенін ұғындыру; зиянды әдеттен жиренуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- түсіндіру
- биологиялық диктант
- сәйкестендіру тестісі
- проблемалық сұрақтар
- терминдермен жұмыс
Ағзаның ішкі сұйық ортасы және гомеостаз
Ағзаның ішкі ортасын қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы құрайды. Ішкі ортаның тұрақтылығы — гомеостаз — ұлпалардың тіршілігі мен мүшелердің дұрыс қызмет атқаруы үшін аса маңызды. Гомеостазды жүйке және эндокриндік жүйелер реттейді.
Қан: ұлпа ретінде және негізгі қызметтері
Қан — дәнекер ұлпа. Ол қанайналым жүйесінде тамырлар бойымен қозғалып, бірден бірнеше маңызды қызмет атқарады.
-
Газдарды тасымалдау
Оттегін ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газын өкпеге әкеледі.
-
Қоректік заттар мен гормондарды тасымалдау
Жасушалардың қоректенуін және реттелуін қамтамасыз етеді.
-
Зат алмасу өнімдерін шығару
Артық және қажетсіз өнімдерді мүшелерге жеткізіп, шығарылуына қатысады.
-
Байланыстыру және қорғаныш
Жасушаларды байланыстырады, иммундық жауаптарға қатысады.
-
Тұрақтылықты сақтау
Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік пен су мөлшерін тұрақтандыруға қатысады.
-
Ұю
Қанның ұю қасиеті жарақат кезінде қан жоғалтуды азайтады.
Ересек адамның орташа қан көлемі: 5–6 л.
Қанның құрамы: плазма және қан жасушалары
Плазма
Қанның сарғыштау түсті сұйық бөлігі. Ұйымайтын (ерітінді қосылған) қанды тұндырса, ең үстіңгі мөлдір қабат ретінде байқалады.
Эритроцит
Қанның қызыл түйіршіктері; газдарды тасымалдауда негізгі рөл атқарады.
Лейкоцит және тромбоцит
Лейкоциттер — қорғаныш; тромбоциттер — ұю үдерісінде маңызды.
Плазманың құрамы
Негізгі компоненттер
- Су: 90–92%
- Тұз: шамамен 0,9%
- Глюкоза: шамамен 0,12%
- Май: 0,7–0,8%
- Сүт қышқылы, ферменттер, гормондар
Нәруыздар (7–8%)
- Альбуминдер: ~4,5%
- Глобулиндер: 1,7–3,5%
- Фибриноген: ~0,4% (қанның ұюына қатысады)
Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын плазма қан сарысуы (сыворотка) деп аталады.
Маңызды: глюкоза — жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Егер плазмадағы глюкоза мөлшері 0,04%-дан төмен түссе, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысу (судороги) байқалуы мүмкін.
Қан жасушалары: эритроциттерге назар
Қан жасушаларының негізгі түрлері
-
Эритроциттер
Қанның қызыл түйіршіктері.
-
Лейкоциттер
Қанның түссіз жасушалары.
-
Тромбоциттер
Қан пластинкалары.
Эритроциттердің құрылысы мен қасиеттері
- Ядросы: жоқ.
- Орташа диаметрі: 7,2–7,5 мкм.
- Пішіні: ортасы ойыс, екі жағынан қысыңқы дискі тәрізді; бұл беткейін шамамен 1,5 есе ұлғайтып, газ алмасуын тиімді етеді.
- Саны: қанның 1 мм³ көлемінде 4,5–5 млн эритроцит болады.
- Тіршілік ұзақтығы: шамамен 120 күн.
- Түзілу орны: сүйектің қызыл кемігінде.
- Жойылуы: бауыр мен көкбауырда.
- Негізгі қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдау.
Гемоглобин
Эритроцит құрамындағы қызыл түсті нәруыз. Оның құрамына темірі бар гем және нәруыздық бөлігі — глобин кіреді.
Қаназдық (анемия): негізгі себептері
- Қандағы эритроцит санының кемуі немесе гемоглобин мөлшерінің азаюы.
- Көп қан жоғалту.
- Интоксикация (улану) жағдайлары.
- В12 витаминінің жетіспеушілігі.
Жаңа сабақты бекіту
1) Сәйкестендіру тестісі
| Термин | Сипаттама |
|---|---|
| Қан | Организмнің айнасы. |
| Эритроциттер | Қанның қызыл түсті жасушалары. |
| Гемоглобин | Оттегін тасымалдауға қатысатын нәруыз. |
| Гематолог | Қан ауруларын емдейтін дәрігер. |
| Гемофилия | Қан ұйымайтын ауру. |
| Глобулин | Плазмадағы нәруыздардың бір тобы. |
2) Биологиялық диктант
- Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.
- Қан — дәнекер ұлпаның сұйық түрі.
- Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі.
- Қанның құрамы плазма және қан жасушаларынан тұрады.
- Ағзадағы қанның мөлшері шамамен 4,5–5 л.
- Глюкоза — жасушалар үшін негізгі қуат көзі.