Буынға бөлінбейтін сөздерді ата

Тақырыбы

«Зерде» танымдық сайысы

Мақсаты

  • Әліппе мен ана тілі пәнінен алған білімдерін пысықтау.
  • Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Ұйымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Кіріспе

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» демекші, бүгін 1-сыныптар арасында өтетін «Зерде» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең

«Білгенге маржан»

30 секунд

2-кезең

«Жоғалған буынды тап»

30 секунд

3-кезең

«Әліппе» (әріптен сөз құрау)

1 минут

4-кезең

«Дыбыс сырлары»

30 секунд

5-кезең

«Сыймай қалса тастама, келесі жолға тасымалда» (сөзді тасымалдау)

Практикалық тапсырма

Қатысушылардың жауаптарын тыңдап, төрелік ететін бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі Тлеулиева Гулайым Шыңғызовнаға қошемет көрсетейік.

Барысы

Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз! Ендеше сайысымызды бастаймыз. Әр топ өз командасын таныстырып өтсін.

1-кезең: «Білгенге маржан»

Әр топ 10 ұяшықтың бірін таңдап, сұраққа 30 секунд ішінде жауап береді.

Дұрыс жауап: 1 ұпай

1-ұяшық

«Балалар, кітапты таза ұстаңдар!» — осы сөйлемде неше сөз бар?

2-ұяшық

«Отбасы» сөзінде неше буын бар?

3-ұяшық

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

4-ұяшық

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

5-ұяшық

Дыбыстар нешеге бөлінеді? Атап бер.

6-ұяшық

Сызба бойынша сөйлем құра.

7-ұяшық

Буынға бөлінбейтін сөздерді ата.

8-ұяшық

«Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!» — кімнің сөзі?

9-ұяшық

Қазақ тілінде қанша әріп бар?

10-ұяшық

Жұмбақты шеш: Қуалайсың, қоймайсың,
Асыр салып ойнайсың. (Жауабы: доп)

Егер топ жауап бере алмаса, сұрақ келесі топқа қойылады.

2-кезең: «Жоғалған буынды тап»

Әр топқа сөз беріледі. Жоғалған буынды 30 секунд ішінде табады.

Дұрыс жауап: 1 ұпай

Мысал

Ша-(ңы)-рақ

Мысал

Жа-(ңа)-лық

Мысал

Ба-(уыр)-мал

Мысал

Жа-(уын)-гер

Мысал

Ел-(таң)-ба

3-кезең: «Әліппе»

Барлық топқа ортақ бір әріп беріледі. 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздерді жазады.

Ереже

  • Бірдей сөздер есептелмейді.
  • Адам аты, қала, жер-су атаулары есептелмейді.

4-кезең: «Дыбыс сырлары»

30 секунд ішінде берілген дыбыстардың дауысты не дауыссыз екенін жаңылмай айту керек. Дыбыстар әр топқа жеке беріледі.

5-кезең: «Сыймай қалса тастама, келесі жолға тасымалда»

Оқушылар сөздердің тасымалдану түрлерін көрсетеді: сөзді буынға бөліп, жолға дұрыс тасымалдап жазады.

Қорытынды

Сөз төрешіге беріледі. Ұпай қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталады.