Сәйгүлік тобына

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика елінде»

Түрі: жарыс сабақ

Әдістері: ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, ізденушілік, топтық жұмыс

Көрнекілігі: қанатты сөздер, телефон, интерактивті тақта

Қанатты сөз: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек».

Сабақтың мақсаты

  1. Қазақтың салт-дәстүрін еске түсіре отырып, оқушылардың математикадан алған білімін пысықтау; топқа бөліп, жарыс арқылы саралау.
  2. Ой-өрісті кеңейту; жарыса жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу; танымдық қабілетті және пәнге қызығушылықты арттыру.
  3. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу; халықтың салт-дәстүрін жан-жақты түсінуге, білімді азамат болуға бағыттау.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толсын жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Ой тастау

  • Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?
  • Бүгін «Көкпар» ойыны арқылы «қызықты математика елінде» сабағымызды бастаймыз.
  • Екі топқа бөлінеміз: «Тұлпар» және «Сәйгүлік».
  • Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» — деген. Бүгін шынайы көкпар тартпасақ та, білімімізді жарысқа саламыз.

2) «Көкпар» ойыны: сұрақ-жауап

Ереже: қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол топ ұпайды «қазандыққа» салған болып есептеледі.

«Тұлпар» тобы

  • 1 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
  • 2 1 км = 1000 м
  • 3 Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)
  • 4 1 т = 10 ц
  • 5 Уақытты қалай табамыз?
  • 6 Ұзындығы 4 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың периметрі? (12 см)
  • 7 15000 : 3 = 5000
  • 8 Қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
  • 9 4 мин = 240 сек
  • 10 2 ғасыр = 200 жыл

«Сәйгүлік» тобы

  • 1 6² нешеге тең? (36)
  • 2 1 ц = 100 кг
  • 3 Жылдамдықты қалай табамыз?
  • 4 Ең үлкен бес таңбалы сан? (99999)
  • 5 1 м = 1000 мм
  • 6 Қабырғалары 3 см шаршының ауданы? (9 см²)
  • 7 2400 : 6 = 400
  • 8 Қиылыспайтын түзулер? (параллель)
  • 9 3 сағ = 180 мин
  • 10 2 тәулік = 48 сағ

3) «Сиқырлы ұяшықтар»: шабандоздар жарысы

Әр оқушы өзіне берілген тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды.

«Тұлпар» тобының тапсырмалары

  • (40) x : 420 = 13256 − 3314 × 4
  • (20) 87538 + 245018
  • (40) (6 км 82 м + 35 км 92 м) × 7
  • (20) 169589 × 154891
  • (40) B × 165613 = 413 × 2005
  • (20) 4008 × 26
  • (30) 10 сағ 7 мин = 604 мин
  • (30) 26880 : 32
  • (30) 14 м 32 дм 3 см 2 мм × 14 м 32 дм 5 см 2 мм

«Сәйгүлік» тобының тапсырмалары

  • (40) (x − 86) × 204 = 7548
  • (20) 401596 − 164456
  • (40) (6 кг 130 г + 8 кг 800 г) × 3
  • (20) 650210 × 650201
  • (40) 40000 − 54 × x = 7492
  • (20) 4009 × 14
  • (30) 11 сағ 5 мин = 665 мин
  • (30) 3696 : 12
  • (30) 10 м 32 дм 7 см 2 мм × 11 м 31 дм 5 см 2 мм

4) Математикалық диктант: «Дода»

Ескерту: Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласуды «дода» деп атайды. Бұл кезеңде көптаңбалы сандарды жазу арқылы (білімі қалыс оқушылармен) жұмыс жүргізіледі.

Көптаңбалы сандар

  • 1 579 003 019
  • 2 509 618 009
  • 156 408 500
  • 26 492 013
  • 6 901 050
  • 12 700 003
  • 8 901
  • 4 916

5) Сергіту сәті: математикалық фокус

«Ойлаған санды тап» — зейінді сергітетін қысқа ойын.

6) Ой қозғау: жанкүйерлер жарысы

Математикалық сандарға қатысты мақал-мәтелдерді жазудан жарыс ұйымдастырылады.

7) Шынжырлы өрнектер: бапкерлер жарысы

Топ жетекшілерін «бапкер» деп атаймыз. Қай топтың бапкері есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың «тұлпарлары» жақсы бапталған болып есептеледі.

8) «Кәне, кім тапқыр?»: тақым тартыс

Ең мықты дегендердің жекпе-жегін «тақым тартыс» дейді. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екі бағытта жүре тартысады.

Бұл кезеңде оқушылар математикалық ребустарды шапшаң шешеді.

9) «Салма көкпар»: ең білімді оқушыға сұрақ

Бүлдіршін сұрағы: «Ойлан, тап!»

Бұл — басы да, ұшы да жоқ, қызық әрі әдемі фигура. Ол тұрмыста да, техникада да, басқа да салаларда кең қолданылады. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де шыққан жеріңе қайта ораласың. Оны катерлерде және үлкен кемелерде де кездестіруге болады. Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?

Қорытынды

Сарапшылар пікірі

Топтардың жұмысын саралап, қысқаша кері байланыс беріледі.

Бағалау

Ұпай саны бойынша қорытынды жасалып, оқушылар бағаланады.

Марапаттау

Жеңіске жеткен топ марапатталады.