Жапырағыңмен жасыршы, Құшағыңа енейін

Сабақтың бағыты

Білім салалары

  • Қатынас
  • Таным
  • Әлеумет
  • Қоршаған ортамен танысу

Білім бөлімдері

  • Тіл дамыту
  • Көркем әдебиет

Тақырып

«Табиғат сыйы» (презентациямен).

Мақсат

Балалардың табиғатты танып-білуіне, оны қорғауға және қамқорлық жасауға баулу; табиғат құбылыстары мен маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету; жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қыр-сырын түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайдтар
  • Кітаптар

Сабақтың барысы

Сұрақ-жауаппен бастау

Сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік:

  • Табиғат дегеніміз не?
  • «Табиғат сыйы» дегенді қалай түсінеміз?

Табиғат ұғымы

Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, құс, адам — осылардың барлығы табиғат деп аталады. Бұлардың бәрі — табиғаттың бізге берген сыйы.

Ой салатын жолдар

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Табиғат туралы тақпақтар

Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.

Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.

Табиғат — ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауында,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.

Ойындар арқылы бекіту

«Кім жылдам?»

Тірі және өлі табиғатты ажырату

Тәрбиеші сөздерді оқиды. Егер тірі табиғатқа жатса — алақан соғамыз, ал өлі табиғатқа жатса — қолымызды көтереміз.

Сөздер тізімі

Күн Үй Адам Ағаш Ауа Су Кітап Сағат Сиыр Аю Құм Топырақ Тас Тырна Киім

Жарайсыңдар!

«Табиғатты қорғай білеміз бе?»

Сұрақтарға ойланып жауап беріңдер. Дұрыс жауап — табиғатқа зиян келтірмей, қамқор болу.

1) Өте әдемі гүлді көрдің. Ол саған қатты ұнады. Не істейсің?

  • Жұлып алып, вазаға салып қоямын.
  • Қатты ұнаса да жұлмай, тамашалап өтемін.

2) Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдің. Не істейсің?

  • Балаларды балапанды көруге шақырамын.
  • Балапанды үйге алып барамын.
  • Тиіспей, сыртынан бақылап, ересек адамға хабарлаймын.

3) Саяхаттан қайтқанда бірнеше бос ыдыс қалды. Не істейсің?

  • Өзімізбен бірге алып келіп, қоқыс жәшігіне тастаймын.
  • Талдың тасасына, ешкім көрмейтін жерге тығып қоямын.

Тәрбиеші балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады.

«Сен білесің бе?»

Табиғат бізге не береді?

  • Су
  • Ауа
  • Тамақ
  • Киім
  • Үй және басқа да қажет дүниелер

Демек, табиғаттың сыйы — бізге өмір сүруге қажет барлық игілік: су, ауа, қорек, баспана және табиғаттың әсемдігі.