Сабақ қадамдары
Сабақтың тақырыбы
Мен анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Қазақ тілі · 7-сынып
Мақсаты
Оқушылар «ана — ардақты есім», «мейірімі шексіз жан», «ананы құрметтеу», «анамызға сыйлық беру» ұғымдарын меңгеріп, оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойларын анық жеткізуге және ынтымақтаса оқуға машықтанады.
Сабақ қадамдары
- 1 Жаңа сабақты игеру
- 2 Тұжырымды ой айту
Түйінді идея
Нақты ойлау арқылы ой қорыту.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Тапсырмалар
Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже
- Топтық жұмыс барысында түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойын еркін білдіреді және бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
- Оқушылардың бір-бірін оқыту дағдылары артады.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті қағаз қиындылары таратылады. Осы түстер арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ өз атауын таңдап, таныстырады. Топ басшысы сайланады.
«Көбелек» ойыны
Мақсаты: эмоциялық күйзелісті азайту, еркін ахуал қалыптастыру, қарым-қатынасты жақсарту.
Таңертең көбелек оянды, керілді, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды. Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау әдісі қолданылады: әр тапсырма бойынша топ мүшелері және мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Сабақ соңында жиынтық ортақ баға қойылады. Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.
Тапсырмалар барысы
2-тапсырма: Ассоциативті қатар
Сыни ойлау«Аналар» тақырыбындағы презентация көрсетіледі. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
3-тапсырма: «Ана деген кім?» кластері
Топтық жұмыс«Ана деген кім?» сұрағы арқылы оқушылар кластер толтырады. Дайын кластерлерін тақтаға іліп, қысқаша таныстырады.
Қамқоршы
Бақытың
Тірегің
Қорғаның
Болашағың
Әр үйдің күні
Ақылшы
Сүйенішің
Жанашырың
Байлығың
Үйдің жылуы
4-тапсырма: JIGSAW стратегиясы
ЫнтымақтастықОқушыларға үш түрлі мәтін таратылады. Топтағы дарынды оқушылар немесе топ басшысы мәтін мазмұнын топ мүшелеріне түсіндіріп, өзара оқыту жүзеге асырылады.