Әжеге сыйлықтар
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Баланың бойында қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, білімін кеңейту, шеберлігін арттыру және дағдыларын меңгерту.
Міндеттері
- Балаларды ұлттық мәдениетпен таныстыру және жақындастыру.
- Ұлттық тақырыптағы сюжетке қызығушылық ояту.
- Ұлттық мәдениетке қызығушылықтарын білдіруге тәрбиелеу.
- Ойын тәжірибесін байыту және бірлескен ойын жағдайларын құру.
- Ересектермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
- Жас ерекшелігіне сай сюжеттік-рөлдік ойын элементтері арқылы оқыту.
Өзектілігі
Баланың жеке сапалары әр кезеңде оны қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас ерекшеліктері арқылы қалыптасады: қызығушылығы айқындалады, белсенділігі артады, әрекетшілдігі бекиді. Мектепке дейінгі жаста жетекші әрекет — ойын. Ойын балаға ересектер әлемін танытып қана қоймай, рухани құндылықтарды меңгеруге, әлеуметтік тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, бала ойын арқылы алғашқы ұжымдық ойлау сабағын алады.
Тәжірибе
Баланың әлеуметтік ортадағы рөлдерді байқап көруі.
Құндылық
Ұлттық дәстүр мен мәдени мұраға құрмет.
Қарым-қатынас
Үлкендермен және құрдастармен өзара әрекет.
Жоба кезеңдері
I. Дайындық кезеңі
- Әңгімелесу және тақырыпты талқылау.
- Суреттерді қарау, ұлттық киімдермен, ыдыс-аяқтармен, салт-дәстүрмен танысу.
- Киіз үйді безендіру.
- Муляждар жасау: қазы, бауырсақ, құрт, ірімшік.
Киіз үй көркі
Безендіру, тұрмыстық заттар
Ұлттық киімдер
Танысу, салыстыру
Өр Алтай
Табиғат тақырыбы
Көл жағасы
Әсер, байқау
II. Негізгі кезең
Ойын орнын ұйымдастыру және сюжеттік жағдайларды кезең-кезеңімен іске асыру.
Ойын жағдайлары
- Қонаққа дайындық.
- Әжеге сыйлық дайындау.
- Көлікті таңдап, жолға шығу.
- Ауылға жетіп, табиғатты тамашалау.
- Үй жануарларын бақылау, әжеге қолғанат болу.
- Дастарқан әзірлеу, қонақжайлық дәстүрін сезіну.
Рөлдер мен бірлескен әрекет
Балалар өзара келісіп, міндеттерді бөліседі: қыздар дастарқан әзірлеуге қатысады, ұлдар малдарға жем беріп, су құйып, қораға қамайды. Осы арқылы жауапкершілік пен ынтымақтастық дағдылары бекиді.
Әжемнің қою қоңыр шайы
Қонақ күту көрінісі балалар үшін жылы эмоциялық тәжірибеге айналады.
III. Қорытынды кезең
- Сыйлық тарату.
- Қоштасу және жылы лебіз білдіру.
- Естелік фотоға түсу.
Әже балаларға алғыс айтып, ауылға келгендеріне қуанады және құр қол қайтармай, сыйлық ұсынады. Балалар да ризашылық білдіріп, әжені балабақшаға қонаққа шақырады.
Сценарий: «Әжеге қонаққа» ойыны
Басталуы: Әженің қоңырауы
Әже
— Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қалдарың қалай, амансыңдар ма, балапандарым? Ауылға қонаққа келіңдерші. Мен сендерді қатты сағындым.
Тәрбиеші
— Балалар, әжеге қандай сыйлық апарамыз?
Балалар
— Әжемізге ұялы телефон мен білезік алайық. Сәлемдемеге қант, шай, жемістер де алуға болады.
Жолға шығу
Тәрбиеші: — Ауылға бару үшін қандай көлікті таңдаймыз?
Балалар: — Автобуспен барайық.
Тәрбиеші: — Автобусқа кіргенде не істейміз?
Балалар: — Ақша төлеп, билет аламыз.
Рөлдер бөлінеді: жүргізуші, билет сатушы, жолаушылар. Балалар әндетіп, жолға шығады.
Ауылға жету: Табиғатпен қауышу
Балалар ауылға жетіп, таза ауамен терең тыныстайды. Құстардың сайрағанын тыңдап, судың тұнықтығына, жасыл шөп пен құлпырған гүлдерге назар аударады.
Тақпақ
Табиғат ана құшағын аялаймыз,
Қорғау үшін күш-жігер аямаймыз.
Ол болмаса сен жоқсың — осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Кездесу
Балалар: — Әже, сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай? Біз автобуспен келдік.
Әже: — Сәлеметсіңдер ме, балаларым! Қонаққа келіп қалыпсыңдар ғой, төрлетіңдер. Сендерге арнап айран ұйытып, құрт жасап қойдым. Қымыз бен шұбаттан да ауыз тиіңдер.
Сыйлық пен өлең
Балалар әжеге сыйлықтарын ұсынып, телефон әкелгендерін айтып, үнемі хабарласып тұруды тілейді.
Өлең
Әжем менің әлі де,
Бөбегіңнің тілегін
Ұқсамайды кәріге —
Қабыл алшы, әжетай.
Шай қайнатып береді
Қажет болған кісіге.
Ұзақ өмір, жүз жасап,
Жүрші, әже, қамықпай.
Әже: — Рахмет, балапандарым. Ендеше мен сендерге шай қайнатып, бауырсақ пісірейін.
Әжеге көмектесу: үй жануарлары
Балалар: — Әже, малдың бәрі өріске жайылып кетті ме?
Әже: — Иә. Бірақ жақын маңда қозылар мен бұзаулар қалып қойды. Оларға су құйып, жем салу керек.
Балалар: — Әже, шаршаған боларсыз. Біз көмектесеміз.
Тақпақтар
Ауылдың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Сауса тәтті сүті бар,
Сойса дәмді еті бар.
Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сауса сүті бұлақтай.
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Әже: — Рахмет! Қандай жақсы тақпақтар айттыңдар.
Дастарқан, ән және қоштасу
Дастарқан
Қыздар дастарқан әзірлейді, ұлдар малдарға жем беріп, су құяды және қораға қамайды.
Ән
Балалар әженің дәмді шайын ішіп, жаттаған әндерін орындайды (ән: «Әжетай»).
Сыйлық пен жылы лебіз
Әже алдын ала дайындаған сыйлықтарын таратады, балалар естелік фотоға түседі.
Балалар: — Әже, қайтатын уақытымыз келді. Айраныңыз бен шайыңыз өте дәмді екен. Рахмет! Енді сіз бізге қонаққа келіңіз. Сау болыңыз!
Әже: — Рахмет, балаларым. Сендер болмасаңдар қайтер едім. Тағы да ауылға келіп тұрыңдар. Бәріне сәлем айтыңдар.
Балалар автобусқа отырып, қалаға қайтады.