Символдарды кірістіру процедурасын ата

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып
Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ әдістері
Тест, түсіндіру, практикалық жұмыстар, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі: Pascal тіліндегі функциялар мен процедура атауларын оқу және аудару
Көрнекіліктер
ДК, интерактивті тақта, суреттер, жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Литерлік шамаларға қолданылатын операциялармен таныстыру және программалар құру барысында оларды қолдану тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Pascal бағдарламасында есеп шығару арқылы жылдам ойлауға, шешімін түсінікті түрде дәлелдеуге және түсіндіре білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Оқушыларды түгендеу
  3. Оқу құралдарын тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз. Соңында жауап кілті берілген.

1) Мәтіндік режимде жұмыс істеу модулін ата.

  • К) Uses graph
  • Л) Uses crt
  • М) Uses
  • Н) InitGraph

2) Экранда терезе салу процедурасын ата.

  • Ж) TextColor
  • З) TextBackground
  • И) Window
  • К) TextMode

3) SetTextStyle процедурасының қызметі қандай?

  • П) Боялған тіктөртбұрышты салады
  • Р) Толтыру стилін орнатады
  • С) Боялған шеңбер салады
  • Т) Мәтін стилінің шығуын орнатады

4) Курсорды экранның қажетті жеріне көшіретін процедураны ата.

  • Е) GotoXY
  • Ж) TextMode
  • З) TextColor
  • И) TextBackground

5) Bar процедурасы қандай қызмет атқарады?

  • П) Боялған шеңбер салады
  • Р) Боялған тіктөртбұрышты салады
  • С) Экранға сызық салады
  • Т) Графикалық режимде жұмысты аяқтайды

6) CloseGraph процедурасы қандай қызмет атқарады?

  • И) Шеңбер салады
  • К) Экранға сызық салады
  • Л) Графикалық режимде жұмысты аяқтайды
  • Н) Фон түсін береді

7) SetColor процедурасы қандай қызмет атқарады?

  • Ы) Шеңбер салады
  • І) Символ мен сызық түсін анықтайды
  • К) Экранға сызық салады
  • Л) Фон түсін береді

8) Line процедурасы қандай қызмет атқарады?

  • Ж) Символ мен сызық түсін анықтайды
  • З) Шеңбер салады
  • И) Фон түсін береді
  • К) Экранға сызық салады

9) SetBkColor процедурасы қандай қызмет атқарады?

  • Ш) Фон түсін береді
  • З) Шеңбер сызады
  • И) Тіктөртбұрыш сызады
  • К) Экранды тазартады

10) Мәтіндік режимде символдар неше түске боялады?

  • А) 16
  • Б) 19
  • В) 11
  • Г) 17

11) Ellipse процедурасының қызметі қандай?

  • К) Тіктөртбұрыш сызады
  • Л) Шеңбер сызады
  • М) Эллипс сызады
  • Н) Фон түсін береді

12) Rectangle процедурасының қызметі қандай?

  • А) Тіктөртбұрыш сызады
  • Б) Шеңбер сызады
  • В) Эллипс сызады
  • Г) Фон түсін береді

Жауап кілті

1 — Л, 2 — И, 3 — Т, 4 — Е, 5 — Р, 6 — Л, 7 — І, 8 — К, 9 — Ш, 10 — А, 11 — М, 12 — А.

III. Жаңа сабақ: литерлік шамалар

Мәні мәтін болатын шамалар және тырнақшаға алынған ASCII кодындағы кез келген символдар тізбегі литерлік шамалар деп аталады.

Литерлік шама бір немесе бірнеше символдан тұра алады. Литерлік шаманың максимал ұзындығы — 255 символ.

Литерлік айнымалыларды сипаттау үшін алгоритмдік тілде lit қызметші сөзі қолданылады. Pascal тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады: олар апостроф ішінде жазылады. Типін көрсету үшін айнымалы атауынан кейін тік жақша ішінде жолдың ең үлкен ұзындығы беріліп, string түйінді сөзі қолданылады.

Есте сақтаңыз

  • Литерлік шама — символдар тізбегі.
  • Максимал ұзындық: 255 символ.
  • Pascal: тіркестер апостроф ішінде жазылады.
  • Типі: string.

Ой түю

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін оқушыларға сәйкестендіру кестесі ұсынылады. Бұл кезеңде ұғымдарды нақтылап, операциялар мен функцияларды ажыратуға назар аударылады.

IV. Практикалық жұмыстар (деңгейлік тапсырмалар)

1) Міндетті деңгей

Екі тапсырма беріледі. Әр тапсырманы орындаған оқушыға ынталандыру ретінде құрылғы суреттері үлестіріледі (1-тапсырма — пернетақта, 2-тапсырма — монитор).

Тапсырма 1

A жолы «ПЕРНЕТАҚТА»-ға тең. Төмендегі өрнектердің мәндерін табыңыз:

  • A) copy(A, 6, 5);
  • Б) copy(A, 1, 1) + copy(A, 7, 1) + copy(A, 3, 1) + copy(A, 6, 1) + copy(A, 10, 1);
  • В) copy(A, 7, 1) + copy(A, 9, 2);

Тапсырма 2

«МОНИТОР» сөзі берілген. Осы сөзден «ОРАМАЛ», «АЛМА», «ТОР» сөздерін құрастыратын программа жазыңыз.

2) Лайықты деңгей

Тапсырма 2-нұсқада беріледі. Орындаған оқушыға ынталандыру ретінде тышқан суреті ұсынылады.

1-нұсқа

«ТЫШҚАН» сөзіндегі «ТЫ» буынын «Ұ» әрпіне ауыстырып, «ҰШҚАН» сөзін шығаратын программа құрыңыз.

3) Жоғары деңгей

Бір тапсырма беріледі. Орындаған оқушыларға ынталандыру ретінде принтер суреті ұсынылады.

Берілген сөз: «ПРИНТЕР»

Функцияларды пайдаланып, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сөздің ұзындығын табу.
  2. Сөзге «ЛЕР» жалғауын жалғау.
  3. Сөзден «ПРИНТ» бөлігін кесіп алу.
  4. Сөздің алдына «БІЗДІҢ» тұрақтысын қосу.
  5. Сөз ішіндегі «Н» әрпінің орналасу ретін (нөмірін) табу.

V. Сабақты бекіту: «Лото» ойыны

Бекіту кезеңі «Лото» ойыны форматында жүргізіледі. Әр сұраққа қысқа әрі нақты жауап беріңіз.

63

Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?

12

Литерлік шамалар қандай типте болуы тиіс?

82

Литерлік шамалар үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?

33

Мәтін ұзындығын анықтайтын функция қалай аталады?

42

Мәндерді біріктіру операциясы үшін қандай функция пайдаланылады?

37

Қиып алу операциясы Pascal тілінде қандай функция көмегімен орындалады?

67

Символдарды өшіру процедурасы қалай аталады?

14

Символдарды кірістіру процедурасын ата.

23

Тіркестік өрнектің ұзындығы ең көбі қаншаға дейін болады?

VI. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың бағасы практикалық жұмыстар барысында жинаған құрылғы суреттерінің саны мен сапасына қарай қойылады.

VII. Үй тапсырмасы

  1. 1 және 14-тақырыптарды оқу.
  2. 5 және 7-тапсырмаларды орындау.