Ауызша журналдың бірінші беті
Сабақтың тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Әңгіменің тақырыбын айқындау, идеялық мәнін ашу, маңызын түсіндіру, негізгі түйінін нақтылау.
Дамытушылық
Оқушылардың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, өз бетімен ізденіп қорытынды жасауға дағдыландыру; мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Тәрбиелік
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; адалдыққа, бауырмалдыққа, бүкіл адамзатты сүйе білуге тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Қолданылатын көрнекілік
- Ғ. Мүсірепов портреті, шығармалар жинағы.
- Б. Сүлейменовтің «Хан шатырындағы кездесу» кітабы, О. Сүлейменов кітабы.
- Слайдтар, тірек-сызбалар, топтастыру материалдары, үнқабылдағыш.
Сабақ типі
Жаңа әдеби шығарманы меңгерту сабағы.
Сабақ түрі
Ашық журнал сабағы.
Әдіс-тәсіл
Пікірлесу, сұрақ-жауап, талқылау.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.
2) Ауызша журналдың бірінші беті
«Қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс»
Үй тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсіреповтің автобиографиялық әңгімесіне талдау жүргізіледі.
а) Тірек-сызба: Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов (1902–1985)
- Қоғам қайраткері
- Драматург
- Жазушы
- Б. Өтетілеуовтың шәкірті
Өнерге өнер төгумен, өнерге өмір берумен келген шебер.
ә) Тірек-сызба: Бекет Өтетілеуов
Жазушының суреттеуіндегі сүйікті ұстаз бейнесі.
Бекет Өтетілеуов (1883–1949)
- Педагог-жазушы
- Ағартушы
- Тамаша ұстаз
- Аудармашы
б) Салыстырмалы талқылау
ХХ ғасыр басындағы ауыл өмірі мен бала оқыту үрдісін қазіргі Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру ісімен салыстыру.
в) Ойталқы сұрағы
Ғабит Мүсіреповтің Б. Өтетілеуовтай сүйікті ұстазынан алған ықпалы мен өнегесі туралы көзқарасың қандай? (Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Жаңа сабаққа кіріспе
Тілін, дінін, әдет-ғұрпын сүйген,
елін-жерін, жамағат-жұртын сүйген,
ұғымы мен ойы ортақ — ұлы адамды.
Одан қалған өмірлік мұраларды ешкім де өшіре алмас: олар мәңгі.
Ауызша журналдың екінші беті
1945 жыл — қас-қағым сәттегі алапат
Мұғалім АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға жақын кезеңде Жапонияны тізе бүктіру мақсатында Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауы туралы кіріспе әңгіме жүргізеді. (Үнқабылдағыштан мұңлы әуен тыңдалады.)
Хиросима
1945 жыл, 6 тамыз
Таңғы 08:15
Нагасаки
1945 жыл, 9 тамыз
Апаттың жалғасы
Дерек
Бомба қуаты: 20 мың тонна тринитротолуол.
Апат отының температурасы: 300 000°.
Екі қалада 300 мыңнан астам адам небәрі 2 секундта қаза тапты. Радиоактивтік сәуленің салдары бүгінге дейін сезіліп, зардап шеккендердің балалары мен немерелері түрлі ауруларға ұшырап, өмірден ерте өтуде.
Журналдың үшінші беті
I топ: «Арқаның әңгімесі»
Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша баяндайды.
(Слайдта адамның арқасының суреті көрсетіледі.)
Назар
Мазмұндауда кейіпкердің сезімі мен оқиғаның идеялық салмағын ашуға мән беріледі.
Журналдың төртінші беті
II топ: «Көздің әңгімесі»
Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша баяндайды.
(Слайдта көздің үлкейтілген суреті көрсетіледі.)
Талқылау
Көркем детальдің рөлі мен авторлық идеяның берілу тәсілдері белгіленеді.