Балапан тобының ертеңгілігі естияр тобыЖүргізуші

Ертеңгілік: «Ана — біз гүліміз»

Бұл ертеңгілік естияр топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтеді. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралады. Сондықтан, құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар — бүгінгі «Ана — біз гүліміз» атты ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Шуақты көктем келді гүлін алып, көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі де — аналар. «Ана» деп бас иеді күллі халық.

Балалардың тақпақтары

Альбина, Алмат, Альмира, Абу, Малика, Санжар, Томирис, Алтынбек, Гүлзада, Расул.

Ән

«Көктем»

Қойылым: «Мақта қыз бен мысық»

Бүгін балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін өздері сомдап көрсетеді. Қойылым Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша қойылады. Залда «Ерте, ерте, ертеде…» өлеңі орындалады.

Оқиға желісі

Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Бір күні Мақта қыз үстел үстін реттеп жүріп, ыдыстарды жинастырғанда мейіз тауып алады.

Мақта қыз (мысығын шақырады)

— Мияуым менің, қайдасың?

— Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.

Мысық келмейді.

— Келмесең, келмей-ақ қой. Өз обалың өзіңе!

Мақта қыз мейізді өзі жеп қояды.

Осы сәтте үйдің арт жағынан «мяу» деген дыбыс естіледі. Мақта қыз ыңылдап ән салып тұрады, мысық сахнаға шығады.

Мақта қыз

Рөлде: Гүлзада

Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсіңнің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

«Піш-піш» десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда «піш-піш» деп,

«Мяу!» — деп дыбыс бере ғой.

Әжей

Сол кезде мысық шығып, Мақта қызға өлең айтып береді.

Мысық

Рөлде: Асылжан

Менің атым — мысық,

Екі көзім — қысық.

Тышқан аулап отырамын,

Сүт-көжемді ішіп, — дейді.

Диалог

Мысық: — Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: — Айтпаймын!

Мысық: — Онда мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: — Ой-ой, сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық: — Берші құйрығымды!

Мақта қыз: — Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Әжей

Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр

Рөлде: Данияр

Менің атым — сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір, — дейді.

Мысық: — Мяу, сиыр, сиыр, маған қатық берші!

Сиыр: — Маған жапырақ әкел. Қарным ашып тұр.

Әжей

Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш

Рөлде: Дәулет

Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер — гүл ашам.

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым — азық,

Бұтағым — қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: — Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: — Маған су әкеліп бер. Шөлдедім. Сонда мен саған жапырақ беремін.

Әжей

Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатып, алдынан су тасып жүрген қыздарды кездестіреді…