Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Информатика (5-сынып)
Мұғалім
Мұғинадин Назерке
Сабақтың тақырыбы
PAINT графикалық редакторында сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Сабақ параметрлері

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, әдебиет
Көрнекіліктер
Тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар, «Информатика» оқулығы (5-сынып)

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды графикалық редактордың командалары, құралдары және үзінділермен орындалатын жұмыс түрлерімен таныстыру, редакторда дұрыс жұмыс істей білуге үйрету.

Дамытушылық

Графикалық редактор ұғымын меңгерту арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін және пәнге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Эстетикалық талғамды қалыптастыру, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер

  • Түсіндіре баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Миға шабуыл
  • Проблемалық жағдай туғызу
  • Ой қорыту
  • Тұжырым жасау
  • Дәлелдеу

Күтілетін нәтижелер

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
  • PAINT редакторын іске қоса алады.
  • Сурет салу кезеңдерін біледі.
  • Графикалық редактор құралдарының қызметін түсіндіре алады.
  • Салған суретті сақтайды, ашады және қағазға басып шығара алады.

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Амандасу, оқушыларды түгендеу.

  2. II

    Үй жұмысын тексеру

    Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою, талдау жүргізу және «жұлдызшадағы» сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту.

  3. III

    Үй тапсырмасын бекіту

    Негізгі құралдар мен фигураларды салу әрекеттері бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

  4. IV

    Жаңа сабақ

    Тақырыпқа кіріспе, мұғалімнің түсіндірмесі және PAINT бағдарламасымен жұмыс қағидалары.

  5. V

    Практикалық бөлім

    Құралдарды қолданып сурет салу, түстерді таңдау, мәтін енгізу.

  6. VI

    Қорытындылау

    Нәтижені талдау, сұрақтарға жауап беру, негізгі ұғымдарды бекіту.

  7. VII

    Үй тапсырмасы

    Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын беру.

  8. VIII

    Бағалау

    Оқушылардың жұмысына кері байланыс беру және бағалау.

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Дөңгеленген бұрыштары бар тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Эллипс пен шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
  • Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?
  • Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?
  • Құю құралын пайдаланып тұйық фигураның ішін қалай бояуға болады?

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға шағын тапсырма беріліп, ертегі мазмұны арқылы ой қозғау жасалады: компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы қандай?

Мұғалімнің қорытындысы: ерте кезден адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте қағазға түсірді. Қазіргі таңда идеяларымызды компьютер көмегімен де көрнекі түрде көрсете аламыз.

PAINT редакторымен жұмыс

PAINT бағдарламасын іске қосу

Редакторды ашу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

Пуск → Барлық бағдарламалар → Стандартты → Paint

Әрекеттер орындалғаннан кейін экранда PAINT терезесі ашылады.

Сурет салудың негізгі кезеңдері

  • 1) Құралды таңдау

    PAINT редакторында 16 құрал бар. Құралдың қызметін білу үшін, тышқан нұсқағышын құралдың үстіне апарыңыз — қысқа сипаттамасы бар шағын терезе шығады.

  • 2) Қалыңдық пен түрін баптау

    Құралдар тақтасының төменгі жағындағы аймақтан сызық қалыңдығын (1–5 нүкте), қылқалам түрін және төртбұрыш типін таңдауға болады.

Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін палитрадағы қажетті түске меңзерді апарып, сол жақ батырманы шертіңіз.

Фон түсін таңдау

Фон түсін таңдау үшін палитрадағы түске меңзерді апарып, оң жақ батырманы шертіңіз. Бұл әсіресе тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс және дөңгеленген тік төртбұрыш сияқты объектілермен жұмыс істегенде қажет.

Мәтін қосу

Сурет үстіне мәтін енгізу үшін Надпись (Жазу) құралын пайдаланыңыз.

Суретті сақтау

Салған суреттер мен графикаларды кейін пайдалану үшін оларды файл ретінде сақтау қажет. PAINT құжатын алғаш рет сақтау үшін:

  1. 1. Файл → Сохранить как командасын таңдаңыз.
  2. 2. Ашылған диалогтық терезеде Имя файла өрісіне файл атауын енгізіңіз.
  3. 3. Сохранить батырмасын басыңыз.

PAINT редакторында сақталатын суреттің кеңейтілімі: .bmp