Достық тақырыбында өлең жаз

Панорамалық сабақ (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

«Екі бала» (И. А. Крылов, аудармашы: А. Байтұрсынұлы)

Сабақтың типі мен түрі

  • Типі: жаңа білім беру
  • Түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары

  1. 1 Мысал авторлары туралы мәлімет беру; мысалмен таныстыру арқылы шығарманың идеясын анықтай білуге мүмкіндік жасау.
  2. 2 Топпен жұмыс дағдыларын дамыту; сыни тұрғыдан ойлау, оқиғаға баға беру және дәлелді пікір айтуға үйрету.
  3. 3 Достықтың қадірін түсінуге тәрбиелеу; жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажырата білуге баулу.

Әдіс-тәсілдер мен байланыс

Әдіс-тәсілдері

СТО стратегиялары (сыни тұрғыдан ойлау)

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, музыка

Көрнекіліктер

Авторлардың суреттері Мақал-мәтелдер Сюжетті суреттер Таратпалар Маркер Плакат

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сыныпты 4 топқа бөлу.
  • Сынып ережесін еске түсіру және сақтаудың маңызын атап өту.

Сынып ережелері

1 Тыңдай білу
2 Сөзді бөлмеу
3 Белсенділік
4 Шығармашылық
5 Сыйластық
6 Бірлесе жұмыс істеу
7 Әдептілік

II. Үй жұмысын сұрау және бағалау

Үй тапсырмасы

  • «Біреуге ор қазба — өзің түсерсің» ертегісін түсініп оқу және мазмұндау.
  • И. А. Крылов туралы мәлімет жинау.
  • А. Байтұрсынұлы туралы мәлімет жинау.

Ертегіні мазмұндау (топтық бөліс)

1-топ: Баланың өмірі
2-топ: Байдың баланы орға тастауы
3-топ: Жігіттің аман қалуы
4-топ: Байдың орға түсуі

Негізгі ой

Жолдасыңа, досыңа жамандық жасамау керек: жасаған жамандық түбінде өзіңе қайтып оралады.

«Дос» ұғымын топтастыру

адал дос нағыз дос мәңгілік дос шынайы дос

Әр топ өздері таңдаған топ атауын түсіндіріп береді.

Қосымша сұрақтар (авторлар туралы)

  • 1-топ: И. А. Крылов туралы мәлімет.
  • 2-топ: А. Байтұрсынұлы кім?
  • 3-топ: Крылов шығармаларын тағы кімдер аударған?
  • 4-топ: А. Байтұрсынұлы Крылов мысалдарын аударып, қандай кітап шығарған?

Жаңа сабақ және бекіту

III. Жаңа сабақ

Бүгін И. А. Крылов шығармасын А. Байтұрсынұлы аударған «Екі бала» мысалын оқып, мазмұнын талдап, идеясын анықтаймыз.

1) Мағынаны тану (топтық оқу)

1-топ: 1–2 шумақ — оқу, мазмұндау
2-топ: 3–4 шумақ — оқу
3-топ: 5–6 шумақ — оқу
4-топ: 7–8 шумақ — оқу

2) Сұрақтар арқылы пысықтау

Әр топ бір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды.

3) Танымдық сұрақтар

  • 1-топ: Мысал дегеніміз не?
  • 2-топ: Федия қандай бала?
  • 3-топ: «Жақсымен жүрсең — пейіш, жаманмен жүрсең — кейіш» мақалының мағынасын қалай түсінесің?
  • 4-топ: Осы мысалды оқығанда қандай сезім пайда болды?

IV. Сөздік жұмысы

Кейіс
біреуге ренжу, қынжылу, налу
Пейіш
керемет, ғажап, рақат (жақсылықтың, жайлылықтың мәні)

V. Сергіту сәті

«Қызыл өрік» әні/қимыл-қозғалыс жаттығуы.

VI. Дәптермен жұмыс

1-топ

«Жаман дос — көлеңке» мақалының мағынасын ашып жазу.

2-топ

Федияға қандай ақыл-кеңес айтар едің? Хат жазу.

3-топ

«Достық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

4-топ

«Достық» тақырыбында өлең жазу.

VII. Сабақты қорытындылау

1-топ

А. Байтұрсынұлы туралы «бес жолды өлең» құрастыру.

2-топ

«Крылов кім?» — топтастыру жасау.

3-топ

Мысалдың негізгі ойын анықтау.

4-топ

«Достық дегеніміз не?» — пікір айту.

VIII. Бағалау

Оқушылардың көңіл күйі мен қатысу белсенділігіне сүйене отырып бағалау.

IX. Үйге тапсырма

  1. 1 Мысалды мәнерлеп оқу, мазмұндау.
  2. 2 «Менің досым» тақырыбына әңгіме жазу.

X. Қорытынды ән

Хор: «Дос болайық бәріміз».