Әліппенің ар жағы - білім бағыМақсаты

Әліппенің ар жағы — білім бағы

Бұл мерекелік шара — білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтап, оқушылардың өнерін тамашалап, білімінің артқанын, сөздік қорының молайғанын және ой-санасының өскенін көрсетуге арналған.

Шараның тәрбиелік мәні — Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-анасын құрметтеуге баулу.

Мақсаты

  • Әліппеден үйренгенді қорытындылау
  • Өнерлерін көрсету, сахналық мәдениетті дамыту
  • Сөздік қор мен ой-өрістің өскенін таныту
  • Құрмет пен ізеттілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер

  • Шарлар
  • Слайдтар
  • Нақыл сөздер

Атмосфера

Залда баяу ырғақтағы музыка ойнап тұрады. Көрерменді жылы әсерге бөлеп, мерекелік көңіл күй қалыптастырады.

Кіріспе: Әріптер елінің аңызы

Мұғалімнің сөзі

Ерте, ерте, ертеде әріптер мен дыбыстар шашыраңқы өмір сүріпті. Олар бір-бірін сыйлауды білмепті. Бірінің орнына бірі таласып, соңы айқай-шу болып аяқталатын көрінеді.

Әрқайсысы әртүрлі үн шығарып, әлемді азан-қазан қылып жіберіпті. Осындай әрекеттерден шаршаған дыбыстар шыдай алмай, оларды өздерінің үн ырғағына қарай екі топқа бөліпті.

Дауысы анық, әуезді ән айта алатындарға «дауысты» деп ат беріпті. Ал дыбысы түсініксіз, әуелете ән айта алмайтындарға «дауыссыз» деген ат қойыпты.

Осы сәттен бастап екі топ бірін-бірі дұрыс түсінісіп, әртүрлі дыбыстар құрай бастапты. Әрқайсысы өз орнын тауып, «Алфавит» деген ел құрылыпты.

Жыр жолдары: ұстазға құрмет, білімге тағзым

Мұқағали

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бекнұр

Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, ата-әже, әкелер мен аналарым.

Бақдаулет

Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым кілтін оның алып берді.

Айсана

Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктермін.
Өмірде алғашқы өткелім —
Мектебім, мектебім, мектебім.

Айару

Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.

Абылай

Партаға алғаш отырдым —
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.

Айбар

Алғаш рет ояттың санамды,
Алғаш рет ұстаттың қаламды.
Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін,
Түсіндірген жақсыменен жаманды.

Нұртілек

Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым да, дана да.

Ортақ ән мен жұмбақ

Хор

«Әліппе» (ән орындалады).

Мұғалімнің жұмбағы

Балалар, сендерге бір жұмбақ жасырамын. Жауабын бірге айтайық:

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен жауап

Болашаққа жол ашар — ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!

Шақыру

Ендеше ортаға баршамызға ең қымбат — Әліппені шақырамыз!

Хормен: «Әліппе, әліппе, әліппе!» (өз әнімен сахнаға кіреді)

Әліппенің үнқатысуы

Мұхаммеджан

Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата-ана.
Болашаққа жол бастар —
Менің атым Әліппе!

Рамазан

Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Аружан

Әліппем менің, Әліппем,
«А»-дан бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым,
Таңба танып тақылдап мен.

Ерназар

Бар кітапқа бас болған —
Әліппе, ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

Бексапар

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір барлығын —
Үйреткен оны Әліппе.

Қорытынды

Мұғалімнің тілегі

Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Жауапты жетекші

Сыдықова А.