Балалардың күшік туралы білімдерін толықтыру, сурет мазмұнына қарай әңгіме құруға дағдыландыру

Сабақ паспорты

Білім беру саласы
Коммуникация
Тарауы
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы
«Күшік неге көңілсіз?»
Мақсаты

1) Білімділік: балалардың күшік туралы білімін толықтыру, сурет мазмұнына сүйеніп әңгіме құрауға дағдыландыру.

2) Дамытушылық: сөйлеу, тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік: үй жануарларына сүйіспеншілікті арттыру, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сипаттау
  • Ой-толғаныс
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тірек сурет

Қолданылатын ресурстар

Оқу қызметінің түрі
Дәстүрлі
Сөздік жұмыс
жұмсақ, үлпілдек
Көрнекіліктер
күшіктің суреттері, слайд
Пәнаралық байланыс
қоршаған ортамен таныстыру
Технологиялар
модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық
Таңғажайып сәт
көңілсіз күшіктің слайды

Танымды ояту

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, алдымен қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін.

II. Өткенді қайталау

Балалар, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнайық па?

Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандықша»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: тәрбиеші сандықшадағы заттарды сипаттайды, балалар заттың не екенін табады.

  1. Өзі дөңгелек, жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойын ойнауға болады.

    Жауабы: доп

  2. Қағаздан немесе темірден жасалады. Қағаз түрі төртбұрышты, темір түрі дөңгелек. Онсыз дүкенге бара алмаймыз.

    Жауабы: ақша

  3. «Жуын, жуын, жуынсақ, қандай жақсы...»

    Жауабы: қуыршақ

  4. Адамға өте қажет: онымен алыс жерлерге жетеміз, төрт дөңгелегі бар.

    Жауабы: машина

  5. Адамның досы, үйді күзетеді.

    Жауабы: ит

Ұйымдастыру – іздестіру

III. Жаңа тақырып

1) Кіріспе сұрақтар

  • Сұрақ: Ит қандай жануар түріне жатады?

    Жауап: Ит — үй жануары.

  • Сұрақ: Итті адамдар не үшін асырайды?

    Жауап: Үйді күзету үшін.

  • Сұрақ: Иттің баласын қалай атаймыз?

    Жауап: Күшік.

  • Сұрақ: Күшік қандай дыбыс шығарады?

    Тапсырма: бәріміз күшік сияқты үреік.

2) Негізгі бөлім

Балалар, суреттегі күшік туралы әңгімелейік. Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды. Құлақтары ұзын, жүні жұмсақ әрі үлпілдек.

Күшік неге көңілсіз?

  • Атын ұмытып қалған болуы мүмкін.
  • Жаңбырда жаурап қалған болуы мүмкін.
  • Анасынан адасып қалған болуы мүмкін.

Дұрыс, күшік анасынан адасып қалыпты. Ендеше, оған көмектесеміз бе? Күшік бізден көмек сұрап тұр. Білімімізді көрсетіп, тапсырмаларды бірге орындайық.

1-тапсырма: Күшікке ат қою

Күшіктің аты: Ақтөс.

2-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрау

Далада жаңбыр жауып тұр. Күшік жаңбырдың астында қалып қойды да, не істерін білмеді. Сол кезде қыздар күшікті көріп, қасына келді. Олар күшікті үйлеріне алып барды. Күшікке сүт берді. Күшік жылынып, қарны тойып, ұйықтап қалды.

3-тапсырма: Дидактикалық ойын

Лабиринт арқылы күшікті сүйекке жеткізуге көмектесеміз.

4-тапсырма: Сергіту сәті

«Қызыл гүлім-ай» әнімен сергіту жаттығулары.

5-тапсырма: Күшікке сипаттама беру

  • Кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді.
  • Жүні жұп-жұмсақ, үлпілдек.
  • Құлақтары ұзын.
  • Төрт аяғы бар, бір құйрығы бар.
  • Сүйікті асы — сүйек.
  • Доппен ойнағанды жақсы көреді.
  • Үйді күзетеді.

Сөздік жұмыс

жұмсақ үлпілдек

Топтық жұмыс

Тапсырмаларды бірлесе орындау арқылы күшікті анасына жеткізу.

Жеке жұмыс

Айыммен жеке жұмыс жүргізіледі.

Рефлексивті түзету

IV. Оқу қызметін қорытындылау

Балалар, күшік анасына жетті — енді ол өте қуанышты.

Сұрақ
Күшіктің анасы қайда жатыр?
Үйшікте.
Сұрақ
Үйшік төбесінің пішіні қандай?
Үшбұрыш.
Сұрақ
Үйшіктің астыңғы бөлігі қандай пішінде?
Төртбұрыш.

Жарайсыңдар! Күшік сендерге алғысын білдіріп тұр.

Қауіпсіздік ережелері

  • Далада немесе көшеде ойнап жүрген иттің не күшіктің қасына жақындауға болмайды: олар сендерді танымай, тістеп алуы мүмкін.
  • Жануардың үсті лас болуы мүмкін, сондықтан арақашықтық сақтау керек.
  • Тамақ ішіп жатқан иттің не күшіктің қасына баруға болмайды: ол тамағын немесе сүйегін қызғанып, тістеп алуы мүмкін.
  • Иттің тістері өткір әрі қауіпті болуы мүмкін.

Сұрақ

Бүгін біз не істедік?

V. Балалардың білімін бағалау

Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мақтау және мадақтау.

VI. Үйге тапсырма

Сурет бойынша әңгіме құрап келу.

Автор туралы мәлімет

Мекеме: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай бекеті, №3 Ақтоғай балабақша-бөбекжайы

Топ: «Қарлығаш»

Тәрбиеші: Мурумбаева Жанар Аманжолқызы