Шалғын жануарлары

Сабақ туралы мәлімет

Негізгі ақпарат

Пәні / сыныбы
Дүниетану, 4-сынып
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Тақырыбы
Дала жануарлары мен өсімдіктері
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, ана тілі

Құралдар мен көрнекіліктер

  • Шалғын, дала жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері
  • Сызбалар, кестелер, бағалау кестесі
  • Қазақстанның физикалық картасы
  • Жұмбақтар, С. Сейфуллиннің өлеңі
  • Бейнежазба, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік

Дала жануарларының тіршілік ету жағдайларын талқылай отырып, оларды кластарға бөлу; бұрынғы білімді жаңа ақпаратпен байланыстыру; салыстыру арқылы дала тіршілігінің өзара байланысын дәлелдеп, жүйелі баяндауға және қорытынды жасауға үйрету. Шығармашылық ізденіске бағыттау.

2) Тәрбиелік

Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға және оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға жағдай жасау.

Әдістер

Топтау Түртіп алу Классификация жасау «Бір айналым» сөйлеу

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру

  • Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау.
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану.
  • Топпен жұмыс: 4 топқа бөліну, топ басшыларын сайлау.
  • Өзін-өзі бағалауды енгізу: топ басшысы оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейін белгілеп отырады.

Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасы: шалғын өсімдіктері мен жануарларын қорғау. Оқушылар тапсырманы топпен қорғап шығады.

I топ

Шалғындар туралы түсінік; физикалық картамен жұмыс

II топ

Шалғын өсімдіктері

III топ

Шалғын жануарлары

IV топ

Шалғынды қорғау; сызбамен жұмыс

Сұрақ-жауап арқылы тексеру

Шалғынды жер — еліміздің табиғи байлығы. Табиғат байлығы — туған жеріміз, туған еліміз. Бұл тақырып көптеген ақын-жазушылардың шығармаларында жырланған. Солардың бірі — С. Сейфуллиннің «Туған еліме» өлеңі.

II. Топтарға бөліну: жануарларды кластарға жіктеу

Оқушылар тапсырмалар арқылы жануарларды кластарға бөліп, дәлел келтіреді. Әр топ өзіне сәйкес класты анықтап, жауапты негіздейді.

I топ — Жұмбақ

«Жылқыны қарнына қыстырып, түйені ерніне қыстырып, есекті құлағына қыстырып, қасқырды ат қып мініп, айт дегенде жүре берген».

Жауабы: қоян. Қоян сүтқоректілер класына жатады (баласын сүтпен асырайды).

II топ — Дуадақ

Дуадақ туралы не білесіңдер?

Жауабы: Дуадақ құстар тобына жатады. Салмағы шамамен 16 кг, 22 түрі бар, 2–3 жұмыртқа салады.

III топ — Мысал кейіпкерлері

Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы кейіпкерлер қай класқа жатады?

Жауабы: Шегіртке мен құмырсқа — омыртқасыздар тобына жатады.

IV топ — Мақал

«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады». Мақалдағы жануар қай класқа жатады?

Жауабы: жыланбауырымен жорғалаушылар класына жатады.

Негізгі түйін

Дала табиғатында әртүрлі ағзалар өзара байланысып тіршілік етеді. Оларды жіктеу — табиғаттағы үйлесімді түсінудің бір жолы.

Сүтқоректілер

Даладағы сүтқоректілерге мыналар жатады: түлкі, елік, бөкен, бұлан, орқоян, қасқыр.

Түлкі туралы қысқаша мәлімет

  • Қасқырмен бір тұқымдас, дене мөлшері кішілеу.
  • Дене ұзындығы: 70–77 см; салмағы: 6–7 кг.
  • Құйрығы үлпілдек, ұзындығы шамамен 55 см, ұшы ақ.
  • Терісінің түсі ашық сарыдан сұр-қызылға дейін өзгереді.
  • Жұптасып тіршілік етеді; көбіне ұсақ кеміргіштермен, әсіресе тышқандармен қоректенеді.
  • Аяғы қысқа болғандықтан, қалың қарда жүруі қиындайды.
  • Түлкі терісі шаруашылықта пайдаланылған.

Құстар

Дала құстарына мыналар жатады: қарабозторғай, безелдек, дуадақ, дала қыраны, ақбас тырна.

Дала қыраны

  • Қазақстандағы танымал қырандардың бірі; бүркіттен кіші.
  • Қанатының құлашы шамамен 2 м; салмағы 2,5–3 кг.
  • Қауырсыны ашық және ала түсті болып келеді.
  • Қорегі — сарышұнақ.
  • Ұясын көбіне құз шыңдарының қуысына, баурайларға салады.
  • Көбіне 1–3 жұмыртқа салады; балапандарын қоректендіреді.
  • Ауада қалықтап жүріп, қорегін аулайды (бейнематериал арқылы көрсетуге болады).

Автор туралы мәлімет

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы.