Балалардың салған суреттері бойынша әңгіме жүргізу

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ оқушылардың ел туралы білімін тереңдетіп, қиял арқылы көркем ойды қағаз бетіне түсіруге бағытталады. Төменде білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттер нақты көрсетілген.

Білімділік

Тақырыптың мағынасын ашу, оқушыларды сурет салуға үйрету.

Дамытушылық

Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-қиялдың өрістеуіне ықпал ету.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; бастаған істі аяқтауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Жекелей оқушымен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу, жұмысқа дайындықты тексеру.

II. Негізгі бөлім

Тақырып: «Менің қиялымдағы Қазақстан»

Ой қозғау

  1. 1.Қазақстан туралы не білесіңдер?
  2. 2.Қазақстанның астанасы қай қала?
  3. 3.Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Мағынаны тану

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік — еркіндік. Тәуелсіз болу дегеніміз — өз еркіңмен өмір сүру, өз таңдауыңды өзің жасау.

Қазақстанның әрбір азаматы өзіне ұнаған мектепте немесе жоғары оқу орнында білім алуға, қалаған мамандығын таңдауға, сүйікті ісімен айналысуға, қажет болған жағдайда емделуге, демалуға, спортпен шұғылдануға және басқа да мүмкіндіктерді еркін таңдауға құқылы.

Сөзжұмбақ тапсырмасы

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді табыңдар.

  1. 1.Көмір өндіретін облыс?
  2. 2.Қазақстан Республикасының президентінің есімі кім?
  3. 3.Күрішті қай облыс көп егеді?
  4. 4.Ең мұнайға бай облыс?
  5. 5.Астананың бұрынғы атауы?
  6. 6.Абайдың туған қаласын ата.
  7. 7.Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды?
  8. 8.Ысмайыловтың сұлу табиғатты бейнелеген шығармасы қалай аталады?
  9. 9.Мақта егетін өңір?

Жауаптар қатары

Қарағанды Нұрсұлтан Қызылорда Маңғыстау Ақмола Семей Хантәңірі Шымкент

Қандай сөз шықты? Жасырын сөз табылғаннан кейін, тақырыпқа сәйкес қорытынды жасалады.

Шығармашылық жұмыс

Енді «Менің қиялымдағы Қазақстан» тақырыбы бойынша сурет саламыз. Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт беріп, қажет жерінде көмектеседі және жекелей қолдау көрсетеді.

Қорытынды

Оқушылардың салған суреттері бойынша әңгіме жүргізіледі, жұмыстар талқыланады. Соңында салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырылады.