Басқарма тобының сөзі

Сабақтың мазмұны

Бұл жоспар Ұлыбритания тақырыбын жаңа материал ретінде түсіндіруге арналған. Құрылымы топтық жұмысқа, ізденіске және картамен жұмыс істеуге негізделген. Мәтіндер мен тапсырмалар оқушылардың тілдік құзыретін, географиялық сауаттылығын және экологиялық санасын дамытуға бағытталған.

Тақырып

Ұлыбритания

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдістері

  • Топқа бөлу
  • Ізденіс жұмысы
  • Миға шабуыл
  • Картографиялық дуэль

Пәнаралық байланыс

Экономика, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға Ұлыбритания туралы жүйелі білім беру.

Дамытушылық

Өздігінен іздену арқылы білім алуға үйрету, ой-өрісті кеңейту.

Тәрбиелілік

Сауатты сөйлеуге, ойын ашық жеткізуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, сондай-ақ экологиялық тәрбие беру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу.

Әр топтың атқаратын қызметі мен міндеттерін түсіндіру.

2) Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ұлыбританияның табиғаты, ресурстары, халқы және экологиялық саясаты туралы негізгі ұғымдармен танысу.

Топтар: Басқарма тобы және үш жұмыс тобы.

Жұмыс топтары елдер бойынша аталады (мысалы: Франция, Италия, Германия). Басқарма тобы тапсырмалардың орындалуын қадағалайды және қорытынды сұрақтар қояды.

1-тапсырма: Үш бағыттағы жұмыс

А) Орысша мәтінді қазақшаға аудару (Экология)

Проблема защиты окружающей среды в Великобритании

Защита окружающей среды — международное дело огромной важности, и Великобритания уделяет этому большое внимание.

В Британии около 500 000 зданий, которые охраняются государством, и 7000 закрытых зон, представляющих архитектурный и исторический интерес.

Правительство поощряет работу добровольцев по сохранению национального наследия.

С 1960 г. общий выброс дыма в атмосферу снизился на 85%.

Большинство бензоколонок в Великобритании продает бензин без примеси свинца.

Правительство контролирует выброс газов, которые разрушают озоновый слой. Они также способствуют парниковому эффекту, что ведет к глобальному потеплению и поднятию уровня моря.

Британия подчеркивает необходимость изучения науки об изменениях климата.

Зеленые пояса — это области, где земля должна оставаться свободной от городских застроек. Государство придает большое значение их защите.

Национальные парки составляют 9% общей площади Англии и Уэльса.

В Шотландии общество по очистке рек контролирует загрязнение воды.

В Великобритании заботятся об окружающей среде ради самих себя и будущих поколений.

Ә) Бос орындарды толтыру және аудару (Табиғаты және табиғи ресурстары)

Ұлыбританияда тұманды ... жиі байқалады. Ұлыбритания жері мол сулы ..., көрікті ... бай.

Ұлыбритания жерінің 9%-ын ғана ормандар алып жатыр. Кезінде қалың өскен ормандардың орнында соңғы кезде егілген ... өседі.

Ұлыбритания шаруашылығының дамуына оның жеріндегі ... ресурстары әсер етеді. Йоркшир мен Оңтүстік Уэльсте ... өндіріледі. Солтүстік теңіз қайраңында ... мен ... өндіріледі.

Елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ойпатты ..., ал солтүстік және солтүстік-батысында ... аудандар орналасқан.

Сөздік

  • weather — ауа райы
  • river — өзен
  • lake — көл
  • park — саябақ
  • nature — табиғат
  • natural resources — табиғи ресурстар
  • coal — көмір
  • oil — мұнай
  • gas — газ
  • plain — жазық
  • mountain — тау

Тапсырма: мәтіндегі бос орындарды сөздік көмегімен толтырып, кейін орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз.

Б) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқу және талдау.
  • «Халқы» бөлімі бойынша негізгі деректерді анықтау.

Сергіту сәті

Еуропа елдерін атап, олардың астаналарын табу.

Миға шабуыл: логикалық сұрақтар

1-сұрақ

Ол Папуа—Жаңа Гвинеяда — 850, Индонезияда — 670, Нигерияда — 410, Үндістанда — 380, Камерунда — 270, ал Ұлыбританияда — 6. Көп жағдайда оны біреуі ғана өзіне тән ерекшеліктерімен қолданады. Ал сіздер күнделікті өмірде оның екеуін қолданасыздар. Бұл не?

2-сұрақ

Күнделікті жұмыста оның 5 мм-ден 15–20 см-ге дейінгі ұзындықтағы, дөңгелек түрін пайдаланамыз. Ерте кезде ол төртбұрышты болған, ал соңғы кездері бесбұрышты түрі де ұсынылып жүр. Ол не?

3-сұрақ

Бұл құрал басқа ұлы жаңалықтар сияқты алғашында ойыншық болған. Итальяндық Джойя XIII ғасырда оны алғаш рет бөліктерге бөлінген дөңгелек шар түрінде жасаған. Итальян тілінде атауы «өлшеу» мағынасын білдіреді. Бұл ойынның Ұлыбританияға қандай қатысы бар?

Картографиялық дуэль

Кескін картаға берілген нысандарды түсіру.

Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп, дәлдігін бағалайды.

Бекіту, бағалау және үй тапсырмасы

Бекіту

Басқарма тобы қорытынды жасап, сұрақтар қояды.

Бағалау

Орындалған тапсырмалар, аударма сапасы және картамен жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Параграфты оқу.
  • Мәтінде кездескен қалаларды кескін картаға түсіру.