Мағжан Жұмабаев туралы мәліметті оқу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі МДШО мемлекеттік мекемесі. Ашық сабақты бастауыш сынып мұғалімі Имаш Жанар Тұранқызы өткізеді.
Ашық сабақ тақырыбы
«Балапан қанат қақты» — Мағжан Жұмабаев.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен және шығармашылығымен таныстыру.
- «Балапан қанат қақты» мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
- Сауатты, мәнерлі және әсерлі оқуға баулу.
Дамытушылық
- Ойлау шеберлігін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
- Ойын және тапсырмалар арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Әдіс-тәсілдер
- Дамыта оқыту технологиясының тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік арқылы түсіндіру
- Жарыс және ойын элементтері
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Интерактивті тақта
- Бейнежазба
Сабақ жоспары
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй тапсырмасын тексеру
- III Жаңа сабақ
- IV Сергіту сәті
- V Жаңа сабақты бекіту
- VI Қорытындылау
- VII Бағалау
- VIII Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық және амандасу.
Амандасу өлеңі
Амандасу — үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Үйге не берілді?
- М. Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңдерін жаттап келу.
- 2–3 оқушыдан өлеңді сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту
Ойын: «Аққала жасайық!»
1) М. Дулатов туралы әңгімеле
1–2 оқушы жауап береді.
2) Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
Қыс.
Қыста неше ай бар?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыстың бірінші айы қалай аталады?
Желтоқсан.
Желтоқсан айындағы мерекелер
- 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні
- 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні
- 31 желтоқсан — Жаңа жыл
Жұмбақ
3-слайдАқсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Жауабы: Аяз ата.
III. Жаңа сабақ
Бүгін сабаққа қонаққа Аяз ата мен Ақша қар келеді. Жаңа жыл мерекесіне қатысу үшін олар бізге бірнеше тапсырма дайындап әкелген.
1-тапсырма
3-слайдБелгілі ақын әрі жазушы Мағжан Жұмабаевтің «Балапан қанат қақты» шығармасынан үзіндімен танысамыз. Бұл мәтін «Балапан» журналына арналып, қара сөзбен жазылған.
Нақты мақсат
«Балапан қанат қақты» мәтінінің мазмұны мен идеясын ашу; оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Оқулықпен жұмыс
4-слайдМағжан Жұмабаев туралы мәліметті оқимыз.
Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет
5-слайдМағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл өңірінде дүниеге келген. Бала кезінен зеректігімен көзге түсіп, төрт жасынан хат таныған.
Алғаш ауыл мұғалімінен сауат ашып, 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Дегенмен, ізденімпаз жас үшін бұл жеткіліксіз болып, ол білім жолындағы талабын одан әрі жалғастырады.
1938 жылы Мағжан Жұмабаев қамауға алынып, «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесілді.
Дәптермен жұмыс
Тақырыпты жазу: Мағжан Жұмабаев. «Балапан қанат қақты».
Жаңылтпаш
Қыс қатты-ақ,
Қыспаққа ап,
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.
Осы жаңылтпаштағыдай, қыстап қалған құс туралы ойды «Балапан қанат қақты» мәтінімен байланыстырамыз.
Мәтінді оқу
Үзіндіні тыңдап, мазмұнын түсінеміз.
2-тапсырма
Әңгімедегі оқиғаны өзің жалғастырып көр.
Оқиға немен аяқталуы мүмкін? Балапанға біреу көмектесті ме, әлде бәрі басқаша өрбіді ме?
Мәтіндегі автор сөздерін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта. (6-слайд)
IV. Сергіту сәті
Бейнежазба арқылы сергіту жаттығуларын орындаймыз. (7-слайд)
V. Жаңа сабақты бекіту
«Әңгіменің авторы Мағжан Жұмабаев туралы» сызбаға қажетті мәліметтерді түсіреміз. (8-слайд)
Туған жылы, жері
1893, Солтүстік Қазақстан, Сасықкөл
Білімі
Ауыл мұғалімі, 1905 — Қызылжар медресесі
Тағдыры
1938 — қуғын-сүргін құрбаны
VI. Қорытындылау
Сабақта алған білімді жинақтаймыз, негізгі ойды атап, оқушылардың жауаптарын тыңдаймыз. (9-слайд)
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі. (10-слайд)
VIII. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасы слайд бойынша түсіндіріледі. (11-слайд)