Заттың санын білдіретін қай сөз табы

Сабақтың тақырыбы

Зат есім (слайд арқылы)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптастыру.
  • Сұрақ қою арқылы заттың атын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Шапшаң қорытынды жасауға және ұқыпты жазуға дағдыландыру.
  • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі

Сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы бірге

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Жүрегіміздегі осы жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау

6-жаттығу.

  1. Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың — қандай сөз табы?
  2. Қоңыр, қышқыл, әдемі, қызық — қандай сөз табы?
  3. Биледі, өсті, тазалады — қандай сөз табы?
  4. Аққу, емен, оқулық, ауа — қандай сөз табы?

III. Үй тапсырмасын пысықтау

  1. Заттың қимылын, қозғалысын білдіретін сөз табы қайсы?
  2. Заттың сынын білдіретін сөз табы қайсы?
  3. Заттың санын білдіретін сөз табы қайсы?

IV. Жаңа сабақ

а) Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс

1-жаттығу

Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, олардың атын білу үшін қандай сұрақ қоясың?

  • «Бұл не?» сөйлеміндегі сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
  • «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді ата: қарға, сауысқан, қарлығаш.
  • «Кім?» сұрағына қандай сөздер жауап береді? мұғалім, ұшқыш, дәрігер.

Демек, кім? және не? сұрақтарына жауап беріп, заттың не құбылыстың атын білдіретін сөз табы зат есім деп аталады.

ә) Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін жазу.
  • Көркем жазу: З з

3-жаттығу

Зат есімдерді теріп жаз:

қыс аяз қар жәндік түлкі тауық олжа

Сергіту сәті

4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.

Төрт түлік

сиыр, түйе, қой, жылқы

Аңдар

қасқыр, арыстан, аю, жолбарыс

Құстар

көгершін, аққу, қарлығаш, торғай

Отбасы мүшелері

ата, әже, әке, шеше, аға, апа, қарындас, сіңлі

Бес жолды өлең

Зат есім
қой
Сын есім
жуас, момын
Етістік
маңырайды, ішеді, жейді
Сөз тіркесі
Биыл — қой жылы.
Синоним
мал

5-жаттығу (ауызша)

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі — бір сөзбен қалай айтамыз?

Жауабы: үй жануарлары

Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған — бір сөзбен қалай айтамыз?

Жауабы: ыдыс-аяқ

Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз — бір сөзбен қалай айтамыз?

Жауабы: көкөністер