Қосымша қайталау есептері
Сабақтың тақырыбы
«Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталау (7-сынып).
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау және оларды есеп шығаруда қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы
Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру; мұқият тыңдауға, теорияны практикамен ұштастыруға, жылдам шешім қабылдауға және өз білімін нақты көрсетуге үйрету.
Тәрбиелілігі
Шапшаңдыққа, өз ойын анық жеткізуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулу; топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Қайталау және жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, деңгейлеп-саралап оқыту.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Оқулық
- Тест тапсырмалары
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау.
-
III. Негізгі бөлім
Сабақ 4 деңгей бойынша ұйымдастырылады: міндетті, алгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық.
-
IV. Қорытынды
«Жұбыңды тап» ойыны арқылы бекіту.
-
V. Үй тапсырмасы
Қосымша қайталау есептері.
-
VI. Бағалау
Деңгейлік тапсырмалар нәтижесі бойынша бағалау.
III. Негізгі бөлім: 4 деңгейлік жұмыс
1) Міндетті деңгей (сұрақ-жауап)
1–2-слайдҚысқаша көбейту формулалары
- 1. a² − b²
- 2. (a − b)²
- 3. (a + b)²
- 4. (a + b)³
- 5. (a − b)³
- 6. a³ + b³
- 7. a³ − b³
Есептеңіз
- 25 − a²
- (x − 7)(x + 7)
- (y + 2)²
- (2x − 3)²
2) Алгоритмдік деңгей
3-слайдОқушылар өз таңдаған деңгейіне сәйкес топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.
A деңгейі
- (y + 3)(y − 3)
- 100 − b²
B деңгейі
- (a − 3)²
- (x + 4)²
C деңгейі
- (a − 2)(a² + 2a + 4)
- m³ − 27
3) Эвристикалық деңгей
Талдау және сәйкестендіруA деңгейі: жабық тест
Сұрақ беріліп, дұрыс жауапты оқушы анықтайды.
- (m + n)(m − n)
- (a − 3)(3 + a)
- (a − y)²
B деңгейі: сәйкестікті анықта
Берілгендер
- 25 − 4y²
- (5a + b)²
- 125
- 9k² − m²n²
Жауап нұсқалары
- (3k − mn)(3k + mn)
- (5 + 10b)(25 − 50b + 100b²)
- 25a² + 100ab + b²
- (5 − 2y)(5 + 2y)
C деңгейі
- 8c³ + 1
- 27 − b³
- 25a² − 10a + 1
4) Шығармашылық деңгей
9-слайдA деңгейі
(x + 1)(x² − x + 1)
B деңгейі
1 + 8b³
C деңгейі
(m² − 2n)(m⁴ + mn + 4n²)
IV. Қорытындылау: «Жұбыңды тап» ойыны
Оқушылар формулалардың жұбын тауып, өрнектерді толықтырады.
1-тапсырма
y³ + 64 = (y + 4)(…)
2-тапсырма
(4 + 3a)³ = 64 + 3…
V–VI. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Қосымша қайталау есептерін орындау.
Бағалау
Орындалған деңгейлік тапсырмалар нәтижесіне қарай бағаланады.