Грамматикалық тапсырмаларды топқа беру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы, “Бостандық” орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жалмұханбетова Жазира Серікбайқызы.

Үш деңгейлі оқыту курсы негізінде құрастырылған сабақ жоспары. Сынып: 5.

Тақырып: III тарау — Whose T-shirt is this?

Мақсаттар

  • Сілтеу есімдіктерінің көпше түрлерін (these, those) ажырату және қолдану.
  • Өздік/тәуелдік есімдіктерін (mine, yours, his, hers, ours) қолдануға үйрету.
  • Жаңа сөздікпен таныстыру және сөйлесімде бекіту.

Күтілетін нәтижелер

  • These/Those формаларын ажыратады және орынды қолданады.
  • Өздік/тәуелдік есімдіктерді сөйлем ішінде қолданады.
  • Жаңа сөздерді ауызша айтады және жазба түрде дұрыс рәсімдейді.

Қажетті құрал-жабдықтар

Компьютер, флипчарт, маркер, қарындаш, электронды оқулық, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы

Кіріспе

Сабақ басталар алдында оқушылармен амандасып, көңіл күйіне назар аудардым. Қарым-қатынас орнату үшін оқушыларды ортаға шақырып, шеңберге тұрғызып, сұрақ-жауап арқылы олар туралы қызықты мәліметтер жинадым (аты-жөні, жасы, ауа райы, жалпы хал-жағдайы, бүгінгі киім үлгісі).

Оқушыларды үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Әр топқа сабақтың бағалау критерийлері алдын ала ұсынылды.

Бағалау критерийлері

  • Үй тапсырмасының орындалуы
  • Жаңа сөздікті меңгеруі
  • Сұрақтарға нақты жауап беруі
  • Өз ойын ашық жеткізуі
  • АКТ-ны қолдана алуы
  • Топта, жұпта және жеке жұмыс орындауы

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын жұптық жұмыс арқылы тексердім (57-бет, 14-жаттығу): зат есімдердің көпше түрін жазу. Мысалдар: a coin → coins, a stamp → stamps, a camera → cameras, a badge → badges, a watch → watches, a car → cars.

Тұсаукесер: жаңа сөздік

Флипчарт пен суреттер арқылы жаңа сөздерді түсіндірдім. Интерактивті тақтадағы аудио жазба арқылы сөздердің дұрыс айтылуын тыңдаттым. Тілдік тосқауылды жеңу үшін оқушылар сөздерді кезекпен оқып шықты.

“Уақыт шеңбері” әдісі: оқушылар дөңгелек құрып тұрады; мен сөзді қазақша айтамын, оқушы ағылшыншасын айтып, әріптеп береді (мысалы, sock — s-o-c-k).

Жаңа сөздер (киім-кешек)

a sock a T-shirt trainers jeans skirt roller-skates an anorak trousers a shirt a tie a cap a pullover a blouse a jacket shoes a hat a dress

Негізгі бөлім: грамматика және тәжірибе

Электрондық оқулыққа сүйене отырып, сілтеу есімдіктерінің көпше түрлерін (these, those) түсіндірдім. Жекеше түрлерімен (this, that) салыстырып, қолданылу айырмашылықтарын талқыладық.

Сонымен қатар тәуелдік/өздік есімдіктердің (mine, yours, his, hers, ours) сөйлемдегі қызметін түсіндіріп, мысалдар арқылы бекіттік.

Топтық тапсырма A

Артық сөздерді тауып, астын сызу; қазақшаға аудару; көпше түрін жазу:

a sock, skirt, a book, skate, an anorak, a ruler, a shirt, a tie, a cap, shoe, a hat, a rubber, a desk, a dress

Топтық тапсырма B

Берілген сөздерден сілтеу есімдіктерін қолданып сөйлемдер құрастыру: These are socks.

a sock, a T-shirt, trainers, jeans, skirt, skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover

Топтық тапсырма C

Сөйлемдерді қазақшаға аудару және есімдіктердің астын сызу:

  • These skirts are mine.
  • This cap is yours.
  • These trousers are his.
  • These trainers are ours.
  • This tie is mine.
  • This pullover is hers.

Жұптық жұмыс: Pair–Think–Share

Оқушылар жұптасып ойланады, бөліседі. Сурет салып, сипаттама береді. Мысалы: cap — түсі қандай, кім киеді, кімдікі?

Топтық жұмыс: Венн диаграммасы

“Қыздар киімі”, “Ұлдар киімі”, “Ортақ” бөліктері бойынша киім атауларын жүйелеу.

Интерактивті тапсырма

Оқулықтың 59-бетіндегі 13-жаттығуды интерактивті тақтада орындадық. Флипчарттағы “кітапхана” бөлігін пайдаланып, бала мен қыздың бейнесін киіндіру және сипаттау тапсырмасы берілді. Оқушылар сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрлерін орынды қолданды: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers.

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

Тест жұмысына дайындалып келу.

Бағалау тәсілі

“Қателерді бағалау” стратегиясы арқылы бағаладым: Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады?

Рефлексия

Оқушыларға рефлексия парағы ұсынылды: сабақта не ұнады/ұнамады, нені түсінді/түсінбеді — осының бәрін қысқаша жазып, өз ойларын жүйеледі. Оқушылар бір-бірін тексеріп, өз қателерін тауып, түзету жолдарын ұсынды.

Сабақтың өзіндік талдауы

Онлайн форматта өткен 5-сыныптағы “Whose T-shirt is this?” сабағында ең әуелі оқушылармен амандасып, көңіл күйін көтеруге бағытталған қысқа сұрақтар қойдым. Бұл бөлім оқушыларды еркін сөйлесуге ынталандырып, жағымды атмосфера қалыптастыруға көмектесті.

Топтық жұмыс динамикасы

  • Оқушылар топта өзара қолдау көрсетіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
  • Жоғары деңгейдегі оқушылар (мысалы, Тоғжан) топқа бағыт беріп, ортақ шешімге келуге көмектесті.
  • Орташа және төмен деңгейдегі оқушылар (мысалы, Төрежан, Сәулет) жұптық және топтық талқылауда белсенділік танытты.

Үй тапсырмасын тексеру барысында Төрежан жұбының жұмысын сыни бағалап, қатесін байқап, түзетуге қатыса алды. Бұл әрекет оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытуға ықпал етті.

Тапсырмалар арқылы байқалған нәтижелер

Танымдық белсенділік

Оқушылар ақпаратты салыстырып, ережені қолдануға дағдыланды.

Ойлау қабілеті

Топтық талқылау арқылы дәлелдеп айту, шешім қабылдау дамыды.

Сөйлесім дағдысы

Жаңа сөздер мен есімдіктерді сөйлем ішінде қолдануға мүмкіндік туды.

Білімді қорытындылау

Венн диаграммасы арқылы материал жүйеленіп, негізгі ой нақтыланды.

Интерактивті тақтамен жұмыс оқушылар үшін қиындық тудырмады, себебі олар бұл құралды бұрыннан қолданып келеді. Киіндіру және сипаттау тапсырмасында оқушылар this/these құрылымдарын практикада дұрыс қолдануға тырысты.

Сабақ бойынша жоспарланған өзгерістер

Алдағы уақытта интерактивті тақтамен жұмысты сақтай отырып, тапсырмаларды деңгейлеп ұсынуды (жоғары және төмен мәртебелі тапсырмалар) жүйелі түрде енгізуді жоспарлап отырмын. Бұл тәсіл әр оқушының мүмкіндігіне сай ілгерілеуіне жағдай жасайды.