Мазмұнын ашу
Сабақтың тақырыбы
Жер асты сулары
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
- Жер асты сулары және олардың қалай пайда болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; мазмұнды өз сөзімен жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
- Табиғатты қорғауға, суды үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың жұмыс тәртібін белгілеу.
2) Психологиялық дайындық
Табиғат — сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен — күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен — көлсің, сен — ормансың, сен — бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған.Табиғат құдіретінің мәнін түсініп, айнала қоршаған дүниені танып-білуге атсалысып, сабағымызды бастайық.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Су. Табиғаттағы су айналымы
2–3 оқушыдан мазмұнын сұрау.
4) Үй тапсырмасын қорытындылау (тест)
1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
- А) Сұйық, қатты, газ
- Ә) Сұйық, газ, ащы
- Б) Сұйық, газ, жұмсақ
2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
- А) Үштен бір
- Ә) Үштен екі
- Б) Екіден бір
3. 70 кг адамның денесінде қанша кг су бар?
- А) 60 кг
- Ә) 70 кг
- Б) 50 кг
4. Адам су ішпей қанша уақыт шыдайды?
- А) 1 күн
- Ә) 1 апта
- Б) 3 күн
5) Жаңа сабақ
Кіріспе
EXPO 2017 көрмесіне үлес қосу тақырыбын байланыстыра отырып, ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу. Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Мазмұнын талдау, негізгі ойды ашу.
- Оқушылардың өз бетімен оқуы.
- Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекіту.
Сергіту сәті: Бейнеу ауданына 40 жыл
Өлкетану мазмұнымен кіріктіру
Бейнеубай ата (1864–1937) — әйгілі құдықшы. Ол жерден құдық қазуға болатынын дәл таңдай білген, қабілеті ерекше адам болған. Маңғыстаудың ойы мен Үстірт үстіндегі мол сулы ондаған құдықтың шебері ретінде танылады.
1930-жылдары жасы ұлғайған, ескіше сауаты бар Бейнеубай «молда» ретінде қудаланудан қауіптеніп, Иран жеріне көшуге мәжбүр болады. Әйгілі құдықшы жат жерде дүниеден өтеді.
Біздің Бейнеу ауданымыз осы кісінің атымен аталады. Ауданымызға биыл 40 жыл. Мерекеге орай туған жер түлектері шығарған «Бейнеу — бағым» әнін орындайық.
Зерттеу және талқылау тапсырмалары
1) Судың қасиеті: жақсы еріткіш
Тәжірибе: ас тұзын стақандағы суға салып, еріту.
2) Жерге сіңген судың әсері
Жерге сіңген су тау жыныстарындағы түрлі минералды заттарды ерітеді. Соның нәтижесінде судың физикалық қасиеттері өзгеріп, дәмі мен иісі пайда болуы мүмкін.
3) Минералды су: жарамды және жарамсыз
Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде шамамен 2–20 г еріген тұз болады. Ол ағзаға пайдалы болып, кейбір сырқаттардың алдын алуға және емдеуге көмектесуі мүмкін. Сондықтан мұндай суларды шипалы су деп атайды.
Мысалдар: Сарыағаш, Тассай, Қарағайлы, Вита және т.б.
4) Сарыағаш курорты
Деректі кітаптан мәлімет оқыту, суреттерін көрсету.
5) Өлке суы: Қарағайлы
Өз ауданымыздан шығарылатын Қарағайлы суы туралы әңгімелеу.
Шаршағанды басатын,
Сарайыңды ашатын.
Су болмайды қашанда,
Қарағайлы суынан асатын.
6) «Сен білесің бе?» айдары
Оқулықтан 1 оқушыға оқыту.
6) Шығармашылық тапсырма
1-топ
Су туралы мақал-мәтелдер жазу
2-топ
Жұмбақ шешу
3-топ
Тыйым сөздер жазу
7) Сабақты қорытындылау
«Жаңбыр тамшылары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу:
- Егер өсімдік сусыз қалса, не болады?
- Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?
- Маңында өзен-көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?
- Каспий теңізінің суы қалай тазарады?
- Біздің ауылымызда қандай минералды су бар?
Қорытынды өлең жолдары
Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерімде,
Жарқырап көзiң — ай, жұлдыз күлсін көгіңде.
Сулы да болып, нулы да болып, Бейнеуім,
Төрт түлігім жайылып жүрсін төріңде.
8) Оқушыларды бағалау
Оқушылардың белсенділігіне, жауаптарының толықтығына және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.