Анаға арнау

Мақсаты

  • Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және білімге деген қызығушылықты арттыру.
  • Оқушылардың мәнерлеп оқуын, сөйлеу мәдениетін, ән-биге қатысу арқылы ой-өрісін дамыту.
  • Үлкенді құрметтеуге, ата-ананы сыйлауға, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Ана туралы нақыл сөздер мен өлеңдер жазылған плакаттар, аналардың суреттері және басқа да безендіру материалдары.

Ұйымдастыру кезеңі

Қадам 1

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Қадам 2

Сыныптың дайындығын тексеру.

Мұғалімнің құттықтауы

Армысыздар, құрметті аналар!

Қазақ халқы әйел затын ерекше қадірлеген. Ұл баланы өмірдің ащы-тұщысын көріп өссін, шынығып, ысыла білсін деп тәрбиелесе, қызын «аз күндік қонағым», «алтынның сынығы», «шұғаның қиығы» деп әлпештеп өсірген. Міне, жыл артына жыл салып, көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін аяулы қыздарымыз бен ардақты аналарымыздың 8 Наурыз мерекесі құтты болсын!

Енді сыныбымыз дайындаған ашық тәрбие сағатын тамашалауға шақырамын.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Ана — жарық дүниедегі әрбір адамның ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақты жан.

Ана — жүрек, жүректі құдіретте.
Ана — тірек, тіректі құрметте.
Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт.

2-жүргізуші

Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен, ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ: қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де — бәрі де анадан туады. Ана — тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Дүниедегі ең ардақты асыл жан —
Анам мені мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам, қуанады ол бірге,
Мен қиналсам, табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан таралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші —
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Ән «Анашым» Анаға арнау Жанар, Біржан

1-жүргізуші

Өмірде ана — бұлақ, ана — пана,
Өмірде өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.

2-жүргізуші

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Ән «Асыл әжем» Көрініс «Үш сом» Анаға арнау Бергенжан, Ануар

1-жүргізуші

Күлкі естілмесе, бәрі де жалт қарайды, қалжыңмен жарасымға таласады. Әрқашан да әзіліміз жарассын!

Ән «Ән — домбыра» Көрініс «Қожанасыр мен Алдар Көсе» Анаға арнау Елдизар, Жанбота

2-жүргізуші

Ана деген асыл жандар — болаттай,
Ана деген мөлдір жандар — бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай.

1-жүргізуші

Биші қыздар өнеріне сеніңіздер, менімен қанекей еріңіздер. Әлемді қыдырғандай сезінесіз — өнерді жүрекпен көріңіздер.

Би Қыздар тобы Анаға арнау Рауан, Айнұр

2-жүргізуші

Ән әуені көгімізде самғайды,
Көңілдерді қуанышқа жалғайды.
Әнмен бірге мен ұшсам аспанда,
Қос қанатым мәңгі-бақи талмайды.