Әңгімені өзіңше жалғастырып айт

Сабақ тақырыбы

«Өтірік өрге баспайды» (22–23-сабақ). Әдебиеттік оқу.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Мәтінді оқыта отырып, оқушылардың түсініп оқу дағдысын жетілдіру; адам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік

Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін тереңдету, өз ойын жүйелі жеткізуге баулу.

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Қазақ тілі
  • Сурет

Әдіс, түрі, көрнекілігі

  • Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік жұмысы
  • Түрі: аралас сабақ
  • Көрнекілігі: көркем суреттер, жұмбақтар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу әрекетіне бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау

  1. Ертегіден түсінгенін әңгімелету.
  2. «Ақыл, мен сені іздеп жүрмін. Сен болсаң…» тақырыбындағы эссені тексеру.
  3. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айту және мағынасын түсіндіру.

Есту зейінін дамыту жаттығуы

«Алыс–жақын» тапсырмасы: мұғалім әртүрлі дыбыстарды айтады, оқушылар дыбыстың кімге/неге қатысты екенін және жақын ба, әлде алыс па екенін анықтайды.

III. Жаңа сабақ

1) Кіріспе әңгіме

  • Өздеріңе ұнамайтын адам бойындағы жағымсыз қылықтарды атаңдар.
  • Өтірік айтып көрдіңдер ме? Неліктен?
  • Адамдар өтірікті қандай жағдайларда айтады?

2) Мақалдың мағынасын ашу

Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.

Оқушылармен бірге мақалдағы ойды талқылап, мақтаншақтықтың өтірікке итермелейтінін және өтіріктің адамға да, ортаға да сенімсіздік әкелетінін қорытындылау.

3) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Оқушылардың іштей оқуы.
  • Рөлге бөліп оқу.
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

4) Дәптермен жұмыс (топтық тапсырмалар)

1-топ

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

2-топ

«Балалы үйдің ұрлығы жатпас» тақырыбында оқиғаны өрбіту.

3-топ

Бес жолды өлең (синквейн) құрастыру.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?» — есте сақтауды дамыту. Жұмбақтарды мұқият тыңдап, жауаптарын табу.

IV. Сабақты бекіту

  • Саған адам бойындағы қандай жаман қасиет ұнамайды? Неліктен?
  • Әңгімені өз ойыңша жалғастырып айтып бер.
  • Балалардың іс-әрекеті туралы пікіріңді білдір.

V. Үй тапсырмасы

  1. Баланың үйіне келе жатқандағы ойы берілген монологты тауып, мәнерлеп оқы.
  2. Әңгімеден түсінгеніңді қысқаша айтып бер.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, пікір айтуы және топтық тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау.