Оқушы білімін жан - жақты тексеру

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті

Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсембаева Индира Жумабековна

Тақырып

Санды бірнеше есе арттыру және кеміту

Сабақтың ұстанымы

«Бүгін білгенімізді қайталаймыз!»

Мақсаты

  • Оқушыларға санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу.
  • Есеп шығару және есептеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Салыстыруға, талдауға үйрету.

Әдістері

Түсіндіру Талдау Сұрақ-жауап Іздену

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Жүрегіміздегі осы жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

II. Үй жұмысын тексеру

№ 5, № 7.

III. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Ауызша жұмыс

а) Амалдардың қасиеттерін қолдану

5:5 = 1

6·1 = 6

70:70 = 1

7·1 = 7

200·0 = 0

1·0 = 0

1·10 = 10

40:40 = 1

0:56 = 0

Ескерту: 8:0, 25:0, 0:65 сияқты бөлулер анықталмайды (0-ге бөлуге болмайды).

ә) 7-ге көбейту және 7-ге бөлу

7·7 = 49

7·4 = 28

3·7 = 21

56:7 = 8

8·7 = 56

28:7 = 4

7·6 = 42

7·9 = 63

14:7 = 2

2·7 = 14

5·7 = 35

7·6 = 42

IV. Жаңа материалды түсіндіру

Оқулықпен жұмыс.

№ 1

Ұжымдық талдау: салыстыр, қорытынды жаса.

№ 2

Салыстыр, қорытынды жаса.

Негізгі қорытынды

Санды 2-ге арттыру
Санға 2-ні қосу керек.
Санды 2 есе арттыру
Санды 2-ге көбейту керек.
Санды 2-ге кеміту
Саннан 2-ні азайту керек.
Санды 2 есе кеміту
Санды 2-ге бөлу керек.

1) Жұптық жұмыс (№ 3, № 4)

7-ге арттыр 7 есе арттыр 7-ге кеміт 7 есе кеміт
6 + 7 = 13 8·7 = 56 14 − 7 = 7 14:7 = 2
9 + 7 = 16 6·7 = 42 23 − 7 = 16 7:7 = 1
5 + 7 = 12 5·7 = 35 35 − 7 = 28 21:7 = 3
8 + 7 = 15 3·7 = 21 7 − 7 = 0 42:7 = 6
7 + 7 = 14 9·7 = 63 21 − 7 = 14 35:7 = 5

2) Өздік жұмыс (№ 5)

Кесіндіні өлше, сыз.

3) Топтық жұмыс

Дымбілмеске көмектес.

4) № 6

Теңсіздіктер тура ма? Тексеріп, тура теңсіздіктерді жаз.

№ 6 — Топтарға тапсырма

1-топ

  • 15:5 < 17
  • 70 − 17 < 70 − 7

2-топ

  • 80 + 5 < 80 + 15
  • 15 + 12 < 15 + 13

3-топ

  • 18 < 18 + 1
  • 90 + 3 > 90 − 3