Тұлғаны таны
«Тарих әлемі» тарихи-танымдық ойыны
Бұл сабақ-ойын 7А және 7Ә сынып оқушыларына арналған. Мақсаты — білімді тереңдетіп қана қоймай, тарихи ойлау мен шығармашылықты дамыту, сондай-ақ өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлға тәрбиелеу.
Білімділік
Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту; білімге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
Дүниетанымды кеңейту, тарихқа қызығушылықты күшейту, ойды жүйелеу дағдысын және шығармашылықты дамыту.
Тәрбиелік
Өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, тиімді қолдана алатын, жауапкершілігі жоғары оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Тұлғалардың суреттері
- Сызбалар мен кестелер
- Тест тапсырмалары
- Слайд-презентация
Сайыс құрылымы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Тарихтың уақыт шаңы басқан көне заманына саяхат жасайсыңдар. Қазақстан тарихының терең қойнауына жасаған сапарларың сәтті болсын! Сайысымызды бастайық.»
-
I кезең — «Тұлғаны таны»
Тұлғалардың суреттері беріледі. Командалар тұлғаны танып, қысқаша сипаттайды.
-
II кезең — «Ойлан тап»
Слайдта тайпалардың жауынгерлері көрсетіледі. Суретте қай тайпалардың жауынгерлері бейнеленгенін анықтау қажет.
-
III кезең — «Ұяшықтар таңдау»
Слайдтағы ұяшықтарды таңдау арқылы тақырыптарды ашып, тапсырмаларды орындау.
-
IV кезең — «Тест тапсырмалары»
Әр топқа арналған тест сұрақтары беріледі. Жауаптар нұсқалардан таңдалады.
I кезең — «Тұлғаны таны»
I топ: тұлғалар
- Тоқтар Әубәкіров
- Әйтеке би
- Мұстафа Шоқай
Қосымша көмек: Тоқтар Әубәкіров
1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-Май ауылында дүниеге келген. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлерді даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
Қосымша көмек: Әйтеке би
Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. 21 жасынан бастап Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңдар жинағын құруға қатысқан.
Қосымша көмек: Мұстафа Шоқай
(1890–1941) — аса көрнекті саяси, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, гуманист, демократ. Түркістан (Қоқан) Республикасы құрылған кезеңде қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазан төңкерісіне қарсы болған қайраткер.
II топ: тұлғалар
- Жәңгір хан
- Махамбет Өтемісұлы
- Әлихан Бөкейханов
Қосымша көмек: Жәңгір хан
1801 жылы дүниеге келген. 1815 жылы мұрагерлікпен хан атанғанымен, жасының кіші болуына байланысты билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленген. Орыс, татар, неміс тілдерін білген. Оның билігі тұсында Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды.
Қосымша көмек: Махамбет Өтемісұлы
Махамбет — ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Қараойда қаза болған. 1836–1838 жылдардағы көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Белгілі шығармалары: «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» және т.б.
Қосымша көмек: Әлихан Бөкейханов
(1866–1937) — ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, аудармашы. 1917 жылы Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Алаш ұлттық саяси партиясын құрып, 1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақ төтенше құрылтайда Қазақ автономиясы — Алашорданы жариялауға бастамашы болды.
II кезең — «Ойлан тап»
Слайдта тайпалардың жауынгерлері бейнеленеді. Тапсырма: суреттегі жауынгерлердің қай тайпаға тиесілі екенін анықтау.
Моғол жауынгері
Көне түркі
Қыпшақ
Соғды жауынгері
III кезең — «Ұяшықтар таңдау»
Слайдтағы ұяшықтардың бірін таңдап, берілген тақырып бойынша тапсырманы орындаңыз.
1-ұяшық
Алғашқы адамдар өмірі
2-ұяшық
Тас дәуірі
3-ұяшық
Қола дәуірі
4-ұяшық
Кестелер
5-ұяшық
Жылдар
IV кезең — «Тест тапсырмалары»
Тест сұрақтары слайд арқылы беріледі. Әр топ өзіне тиесілі бөлімдегі сұрақтарға жауап береді.
I топ
-
1) Ақ Орданың орталығы болған қала:
- а) Сарайшық
- ә) Отырар
- б) Сығанақ
- в) Шаш
-
2) Қай ханның кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан оқшауланды?
- а) Жұмадық
- ә) Өзбек
- б) Темір–Мәлік
- в) Ұрыс
-
3) Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?
- а) Жошы ұлысының
- ә) Шағатай ұлысының
- б) Үгедей ұлысының
- в) Төле ұлысының
-
4) Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа:
- а) Қаңлы
- ә) Арлат
- б) Үйсін
- в) Дулат
-
5) Батпақ шайқасында кім жеңіске жетті?
- а) Әмір–Темір
- ә) Қызыр–Қожа оғлан
- б) Ілияс–Қожа хан
- в) Қамар ад-дин
II топ
-
1) Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?
- а) Жошы ұлысының
- ә) Шағатай ұлысының
- б) Үгедей ұлысының
- в) Төле ұлысының
-
2) Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылды?
- а) Берке ханның
- ә) Жошының
- б) Батыйдың
- в) Төленің
-
3) Қай ханның тұсында ислам мемлекеттік дін болып жарияланды?
- а) Берке ханның
- ә) Жәнібек ханның
- б) Тоқты ханның
- в) Өзбек ханның
-
4) Моңғол империясының құрылған жылы:
- а) 1155 жыл
- ә) 1076 жыл
- б) 1239 жыл
- в) 1206 жыл
-
5) Моңғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінген?
- а) 59
- ә) 80
- б) 95
- в) 55
Қорытынды
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Енді сайысымыздың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты жариялайық.»