Компьютерлік желілердің негізгі түрлері
Информатика (6-сынып)
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Интернет желісінде ақпарат іздеу ұғымын түсіндіру және іздеу тәсілдерін үйрету.
- Интернет мүмкіндіктері арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
-
Дамытушылық
Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, интернетті тиімді пайдалануға үйрету.
-
Тәрбиелік
Компьютерге қызығушылықты арттыру, еңбекке баулу және интернет арқылы ақпарат алмасу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың форматы
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, компьютер, интернет.
Әдістер
Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
PowerPoint тақырыбы бойынша сұрақтар арқылы қайталау.
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютерлік желілердің түрлері, интернет ұғымы және интернетке қосылу құралдары.
Үй тапсырмасын тексеру: PowerPoint бойынша сұрақтар
- PowerPoint қандай мақсатта қолданылады?
- PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
- Слайд дегеніміз не?
- Презентация деп нені атайды?
- Слайдтарға объектілерді қалай кірістіреді?
- Жаңа слайд ашудың қандай тәсілдері бар?
- Слайдты көрсету және сақтау тәсілдері қандай?
- Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы қайсы?
Жаңа сабақ: Компьютерлік желілер және интернет
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырда ақпараттық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін компьютерлік техника, интернет, телекоммуникациялық желілер, электрондық және телекоммуникациялық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану қажеттігі атап көрсетілген.
Негізгі ұғымдар
Анықтама
Компьютерлік желі
Ресурстарды (диск, принтер, файлдар және құрылғылар) тиімді пайдалану үшін бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарап, алмасуға болады.
Түрі
Жергілікті желі (LAN)
Әдетте 100-ге дейін компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Бір бөлме, бір ғимарат, зауыт немесе оқу орны шеңберінде жұмыс істейді.
Түрі
Ауқымды желі (WAN)
Бір немесе бірнеше желіні өзара байланыстыратын желі. Қамту аймағы қала, аймақ, ел, тіпті бүкіл әлем болуы мүмкін.
Internet және білім беруді ақпараттандыру
Қазіргі таңда маңызды байланыс арналарының бірі — Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру — елдің даму стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі, өйткені XXI ғасыр білім беруді ақпараттандырудың шешуші кезеңі болып саналады.
Заманауи маман компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар, интернетте сауатты жұмыс істей алуы тиіс: ақпаратты іздеу, іріктеу, бағалау және қауіпсіз қолдану дағдылары маңызды.
Интернетке қосылу
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем қажет болуы мүмкін. Модем — телефон желісі мен байланыс арналары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Провайдер ұғымы
Интернетке қосылу үшін пайдаланушы өзіне қолайлы провайдерді таңдап, интернет қызметін пайдалану туралы келісімшарт жасайды. Провайдер интернетке қолжетімділік ұсынады және байланыс арнасын қамтамасыз етеді.