Көшпелілер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы

§ 15. Көшпелілер мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға көшпелілер мәдениеті туралы жалпы түсінік беру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Көшпелілер мәдениетін таныстыру, олардың әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру; сақ, сармат, скиф тайпаларының материалдық және рухани мәдениетін сипаттау; көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

Дамытушылық

Оқушылардың көшпелілер мәдениеті туралы білімін дамыту, діни наным-сенімдері жөніндегі түсінігін тереңдету.

Тәрбиелік

Тарихи санасы қалыптасқан, Отан тарихына қызығушылығы жоғары, білімді азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі және пәнаралық байланыс

Көрнекілігі

  • Тірек-сызба
  • Суреттер
  • Карта
  • Кестелер

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Дінтану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралдарын тексеру, түгелдеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Үй тапсырмасын сұрау.

II. Үй тапсырмасын тексеру (тірек-сызба арқылы)

Мал шаруашылығының 3 түрі

  1. Ерекшеліктері
  2. Таралған аймақтары
  3. Деректер

Мемлекеттің пайда болуы (б.з.д. I мыңжылдық)

  • Рухани мәдениеттің дамуы
  • Әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі
  • Тайпа, тайпалық одақтар
  • Әскери-демократиялық басқару
  • Отырықшы және көшпелі мал шаруашылығы

Алғашқы мемлекеттер

Сақ, Үйсін, Қаңлы.

Үй тапсырмасын бекіту: негізгі қорытындылар

  • Б.з.д. III мыңжылдықта мал қолға үйретілді.
  • Б.з.д. II–I мыңжылдықта мал өсірумен қатар жер өңдеу де қатар дамыды.
  • Б.з.д. XVII–XII ғасырларда көшпелі мал шаруашылығының үш түрі қалыптасты.
  • Алғашқы мемлекеттер б.з.д. I мыңжылдықта пайда болды: Сақ, Үйсін, Қаңлы.
  • Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметтер қытай, грек, парсы жазба деректерінде кездеседі.

Қосымша тақырып

Көшпелі халықтардың әскери жүйесі бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары

  1. Көшпелілердің материалдық мәдениеті
  2. Көшпелілердің рухани мәдениеті
  3. Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері

1) Көшпелілердің материалдық мәдениеті

Б.з.д. VII ғасырдан б.з. V ғасырына дейін Жетісу мен Алтай өңірлерін мекендеген тайпалардың материалдық ескерткіштері қола дәуірімен салыстырғанда әлдеқайда жетілген. Темірдің тұрмысқа енуі еңбек өнімділігін арттырып, шаруашылық пен қолөнердің дамуына серпін берді.

Негізгі нысандар мен бұйымдар

  • Обалар мен күмбездер
  • Екі және төрт дөңгелекті арбалар
  • Киіз үй
  • Қолөнер және әшекей бұйымдар
  • Киім-кешек
  • Жазба деректерге сүйенген мәліметтер

Археологияның дәлелі

Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының көшпелі өркениет аясындағы мәдени дамуын айқын дәлелдейді.

Сұрақ

«Рухани мәдениет» ұғымын қалай түсінеміз?

2) Көшпелілердің рухани мәдениеті

Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу ғұрпына қарағанда, олар о дүниелік өмірдің бар екеніне сенген. Сондықтан марқұмды ең қажетті бұйымдарымен бірге жерлеген.

Негізгі сенімдер

  • Күнге табыну — басты құдай ретінде танылуы
  • Отқа табыну — күн культімен байланысты түсіндірілуі
  • Құрбандық шалу

«Аң стилі» өнері

Діни наным-сенімдермен байланысты «аң стилі» қалыптасты. Бұл өнер тайпалардың өмір салтын, қиялын, аңыз-әфсаналарын бейнеледі. Аңдардың арпалысқан көріністері рулар мен тайпалар арасындағы тартыстарды және көшпелі өмірдің маусымдық қозғалысын ишаралайды. Мұндай бейнелер сақтардың алтын тоғаларында жиі кездеседі.

Аң стилінің шығуы туралы ғылыми болжамдар

  • 1-болжам: Скиф-сақ тайпалары бұл өнерді Алдыңғы Азиядан қабылдаған. Бұл пікірді жақтаушылар б.з.д. V ғасырдан бастап өнердің кең тарала бастағанын алға тартады.
  • 2-болжам: Ықпал б.з.д. VI ғасырдың соңынан басталып, Ахеменидтер дәуірінде ерекше күшейген. Бұл көзқарас бірінші пікірді толық жоққа шығармайды.

Рухани мәдениеттің құрамдас бөліктері

әдет-ғұрып салт-дәстүр зергерлік өнер бейнелеу өнері аң стилі құрбандық шалу отқа табыну

3) Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері

Әлем халықтарының діни наным-сенімдерінде көне дәуірден сақталып келе жатқан салт-дәстүрлердің ізі кездеседі. Қазақстан аумағындағы Таңбалытас жартас суреттері — осының жарқын дәлелі: Алматыдан солтүстік-батысқа қарай шамамен 180 шақырым жерде Күн Құдайының бейнесі қашалған.

Тарихи дерек (отқа табыну дәстүрі)

Византия елшісі Земарх түрік қағаны Дизабұлға келгенде, оны қабылдаудың алдында жанып тұрған оттың арасынан өткізгені туралы жазады.

Ұлы Жібек жолы және діндердің таралуы

Қазақстан жерінің Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы дүниежүзілік діндердің таралуына жағдай жасады. VIII–IX ғасырларда оңтүстік өңір мен Жетісуда ислам діні тарай бастады.

Тақырыптық ұғымдар

наным-сенім табыну несториандық христиандық ислам буддизм рух

IV. Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Бүгінгі күні қолданып жүрген қандай тұрғын үй түрі сақ дәуірінен жалғасын тапқан?
  2. Қазіргі өмірімізде отқа табынудың қандай көріністері байқалады?
  3. Қазіргі уақытта Күн Құдайы қай фестивальдің символына айналған?
  4. VIII–IX ғасырларда оңтүстік және Жетісу аймақтарында ислам діні тарай бастады. Қазақстан аумағында X ғасырда исламды алғаш мемлекеттік дін ретінде жариялаған қай мемлекет?
  5. Қазақстан жерінде қандай діндер дамыды?

V. Үй тапсырмасы

Оқу

§ 14. Көшпелілер мәдениеті.

Зерттеу жұмысы

  • Таңбалытас
  • Есік обасы
  • Берел обасы