Әйелдер мерекесі қай күн
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы • Амангелді орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ошаева Айгүл Тлектесовна
«Ең үздік тұлға» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты
- Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру.
- Білімді, жан-жақты болуға үйрету.
- Еліміздің қажетті мүшесі болуды саналарына сіңіру.
- Дарындылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға арналған тілек-өлең
Дүбірле, мектеп, дүбірле, Жақсылық болсын үйіңде. Жүректің әні шалқысын, Көңілдің күйі үзілме. Қуаныш толып жүзіңде, Арындап шапқан ақ боз ат. Арналы жолдан сүрінбе, Жарыста нағыз тұлпарлар Жеңіске жетер түбінде.
Қатысушыларды таныстыру (өлеңмен мінездеме)
1. Жандосжан
Мінезі бай, салмақты, Байыптайтын жан-жақты. Жандосжан бүгін бәйгеден Жеңімпаз боп қалмақшы.
2. Назерке
Білімді терең меңгерген, Жақсылықты жөн көрген. Назерке тұр құлшынып, «Қалмаймын» деп бәйгеден.
3. Диана
Мың бұрала билеген, Көз тоймайды өзінен. Диана атты қызымыз, Ол да үмітті жеңістен.
4. Темірлан
Әділдік іздеп құлшынып, Тынбайтұғын шарқ ұрып. Темірлан біздің жарыста Озам дейді талпынып.
5. Еркежан
Еркелеген Еркежан Шықты ол да жарысқа. «Бермеймін» деп тізгінін, Сен де бәйгеден қалыспа!
1-кезең — Бәйге
Сұраққа жауап беру үшін қолдағы карточканы бірінші болып көтеру керек. Қате жауап берсе, келесі сұрақты білсе де қатыса алмайды.
Дұрыс жауап: 10 ұпай
- Ең кішкентай екі таңбалы сан: 10
- 1-қыркүйек қандай күн? Білім күні
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3
- Мұнай қандай пайдалы қазба? Жанғыш
- Алғаш мектеп ашқан кім? Ы. Алтынсарин
- Заттың сапасын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы: сын есім
- Әйелдер мерекесі қай күн? 8 наурыз
- Үш майшам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? 2
- Жақия кімнің баласы? Исатайдың
- Табиғатта су неше күйде болады? 3
2-кезең — Көкпар
Мақалды аяқтаңыз.
Әр дұрыс жауап: 5 ұпай
1. Жері байдың — елі бай
2. Екпей егін шықпас — үйренбей білім жұқпас
3. Сабағы жаман жемістің — дәні де жаман
4. Оқу — білім бұлағы, — білім — өмір шырағы
5. Білімдіге дүние жарық, — білімсіздің күні кәріп
6. Өз елім — өлең төсегім
7. Ер жігіт елі үшін туады, — елі үшін өледі
8. Досы көпті жау алмайды, — ақылы көпті дау алмайды
9. Жақсының аты өлмейді, — жазушының хаты өлмейді
10. Жаңбыр бір жауса, — терек екі жауар
Қосымша тапсырма (1 минут)
Алдарыңыздағы қағазға берілген әріптерден сөз құраңыз. Әр сөз — 5 ұпай.
Әріптер:
Соңында әділқазылар алқасы аралық қорытынды жасайды.
Келесі кезең — «Ғажайып төрттік»
Әр цифрды таңдау арқылы пән сұрағы шығады. Ең аз ұпай жинаған ойыншы бірінші болып таңдайды.
Таңдау арқылы сұрақ ашылады
Математика
- 3) Бір кг түбіт ауыр ма, әлде 1 кг қорғасын ауыр ма? Жауабы: бірдей.
- 4) Екі жарым кг ет екі жарым сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі?
- 5) Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Бірақ торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай? Жауабы: бір оқушы қоянды торымен бірге алды.
Ана тілі
- 3) Абайдың әжесінің аты кім? Жауабы: Зере.
- 4) Абылай хан қай батырды «Дарабоз» атаған? Жауабы: Қабанбай (Ерасыл).
Дүниетану
- 3) Дәм сезу мүшесін ата.
- 4) Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал қандай? Жауабы: желбағар (флюгер).
Қазақ тілі
- 4) «Байлық» сөзі қандай зат есім? Жауабы: туынды зат есім.
- 5) Жаңылтпаш айт.
Келесі кезең — «Жанды сұрақтар»
2 ұпайлық сұрақ
Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?
- а) 1992
- ә) 1991
- б) 1986
2 ұпайлық сұрақ
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
- а) Т. Тоқтаров
- ә) Т. Әубәкіров
- б) Т. Мұсабаев
1 ұпайлық сұрақ
ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
- а) Шәкен Ниязбеков
- ә) Шота Уәлиханов
- б) Шәмші Қалдаяқов
1 ұпайлық сұрақ
Ұзындығы 5 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын тап.
- а) 10 см²
- ә) 15 см²
- б) 20 см²
«Егер мен болсам» жағдаяттық тапсырма
Сенімен оқитын Болат өте асығыс, себебі сабаққа үлгеруі керек. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қарт кісіні қағып кетеді. Қария құлап қалады, ал немересі қорыққанынан жылап жібереді.
Бағалау: 5 ұпай
Сұрақ
Егер сен сол жерде болсаң, не істер едің?
Соңғы кезең — «Шешендер сайысы»
«Компьютер» тақырыбы бойынша бір оқушы оның пайдасын, екінші оқушы зиянын әңгімелейді.
Бағалау: 5 ұпай
Қорытынды
Әділқазылар алқасы ойын нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.