Абайдың туған жылы

Тәрбие сағаты туралы мәлімет

Өтетін орны

Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ

Тақырыбы

Ана тіліңді құрметте

Түрі мен әдісі

Түрі: дәстүрлі
Әдісі: екі топ арасындағы сайыс

Көрнекілігі

Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар

Мақсаты

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосу, қазақ тілін сүюге баулу, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстаудың мәнін ұғындыру. Сонымен қатар әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні мен тілдік болмысы болатынын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту
  • Сөздік қорын молайту

Тәрбиелік

  • Жұрт алдында еркін ауызша сөйлеуге баулу
  • Ана тіліне құрмет пен патриоттық сезімді арттыру

Кіріспе бөлім: мұғалімнің сөзі

Тіл — әрбір ұлттың жан дүниесін, сезімін және ойын танытатын тірі бейне. Қазақ халқы — сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен-ақ шеше білген.

Ғасырлар бойы сүрінбей жеткен осы құндылықтың қадірін арттыру — болашақ ұрпақ, яғни сіздердің еншілеріңіз. Бүгінгі тәрбие сағаты оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеру деңгейін байқап, тілге деген патриоттық сезімін күшейту мақсатында екі топтың сайысы түрінде өтеді.

Сайыс құрылымы

  1. 1.Таныстыру
  2. 2.Мақал — сөздің мәйегі
  3. 3.Өлең — сөздің патшасы
  4. 4.Бәйге
  5. 5.Дарын
  6. 6.Тіл — қымбат қазына

Өлең жолдары (тәрбие сағатының идеясы)

Ана тілім, дана тілім — бақытым,
Қазақ тілін білу — менің парызым.

Тілім менің — ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын?

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде,
Сен болмасаң, болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен,
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім, бас иемін мен саған,
Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ана тілін құрметтеген адам өз Отанын да сүйеді.

1-сайыс: Таныстыру

Сөз кезегі «Ұлан» тобы мен «Жігер» тобына беріледі.

2-сайыс: Мақал — сөздің мәйегі

Бірінші топ мақалдың басын айтады, екінші топ жалғасын табады (және керісінше).

1-топ

  • Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  • Дәлелсіз сөз — желмен тең.
  • Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады.
  • Піл көтермегенді — тіл көтереді.
  • Сөз тапқанға — қолқа жоқ.
  • Жеті жұрттың тілін біл — жеті түрлі ілім біл.
  • Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
  • Қақарлы сөз — қамал бұзар.
  • Бас кеспек болса да — тіл кеспек жоқ.
  • Айтылған сөз — атылған оқпен тең.

2-топ

  • Бал тамған тілден — у тамған.
  • Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
  • Жақсы сөз — жарым ырыс.
  • Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
  • Тіл — қылыштан өткір.
  • Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
  • Жыланның уы — тісінде, адамның уы — тілінде.
  • Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
  • Тілден артық қазына жоқ.
  • Сүңгі жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.

3-сайыс: Өлең — сөздің патшасы

Әр топтан бір оқушы ана тілі туралы өлеңді жатқа айтады.

С. Торайғыров

Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілімен сыртқа шықты
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Д. Әбілов

Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

М. Шаханов

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері — түп қазығы айбыны,
Туған тілі — мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы.

Ш. Айтматов

Тілім менің — Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе — менің де бүлінгенім,
Ана тілім, туған тілім, бал тілім.

Сен арқылы дүние танып талпындым,
Сен арқылы әлемге аян бар ісім.
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

4-сайыс: Бәйге (сұрақ-жауап)

Бұл кезеңде оқушылардың жалпы білімі, тілдік қоры және ұлттық құндылықтар туралы түсінігі сыналады.

1-топ сұрақтары

  1. 1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
  2. 2.Күй атасы кім?
  3. 3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
  4. 4.Абайдың әжесі кім?
  5. 5.Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
  6. 6.Балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың өлеңі қалай басталады?
  7. 7.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
  8. 8.«Тіл туралы» заң қашан қабылданды?
  9. 9.Тұрақты сөз тіркесінің мәнін аш: «Жарғақ құлағы жастыққа тимеу». (Мазасыздану, дамыл таппау)
  10. 10.«Төбе шашы тік тұрды» нені білдіреді? (Шошу)

2-топ сұрақтары

  1. 1.Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989)
  2. 2.Абайдың туған жылы? (1845)
  3. 3.«Ақылды» сөзінің түбірі қандай?
  4. 4.Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім?
  5. 5.Ұлттық киімдерді ата.
  6. 6.Беташар қай кезде айтылады?
  7. 7.«Кітап» сөзі: орысша, ағылшынша қалай аталады?
  8. 8.«Қас пен көздің арасы» нені білдіреді? (Лезде)
  9. 9.«Қара қылды қақ жару» нені білдіреді? (Әділ болу)
  10. 10.«Күн тигізбей өсірген» нені білдіреді? (Мәпелеп өсіру)

5-сайыс: Дарын

1-топ: өлең жолын жалғастыр

  1. 1.Мен ұйықтарда айтады
    Ертегісін, әндерін — …
  2. 2.Жауды жаңбыр топ-топ,
    Шелек-шелек көп-көп — …
  3. 3.Ана тілді сүйіп өтем,
    Барлық тілден биік екен — …
  4. 4.Неткен сұлу, неткен көркем,
    Осы менің туған өлкем — …

2-топ: эссе

«Ана тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңдар.

Бастамасы: «Ана тілі дегеніміз…»

6-сайыс: Тіл — қымбат қазына

Бұл кезеңде әр топ көрініс қояды.

1-топ

Көрініс: «Төле бидің жұмбағы»

2-топ

Көрініс: «Сөз қадірі»

Қорытынды

Сайысымыз аяқталды.

Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектенуден жалықпау.

7-кезең: Марапаттау

Әділқазылар алқасының қорытындысымен жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.