Көкөністердің бәрін тазалап алыңыз да ұзынша етіп тураңыз
Етсіз де дәмді: көкөніспен макарон
«Етсіз тамақтың дәмі болмайды» деп жиі айтамыз. Бірақ үйде ет болмай қалған сәтте де макаронды өте дәмді әрі нәрлі етіп дайындауға болады. Бұл нұсқа көкөністің хош иісін алға шығарып, жеңіл әрі қанық дәм береді.
Қажетті өнімдер
- Сәбіз — 1 дана
- Пияз — 1 дана
- Болгар бұрышы — 1–2 дана (қызыл/көк)
- Қызанақ — 1 дана
- Сұйық май — қалауыңызша
- Тұз — қалауыңызша
- Макарон — 200–250 г
Кішкентай кеңес
Макарон мөлшері көкөністердің мөлшерімен шамалас болғаны дұрыс — сонда дәмі теңесіп, тағам жеңіл болады.
Дайындау тәсілі
-
1
Барлық көкөністі тазалап, ұзынша етіп тураңыз. Сәбізді корей сәбізіне арналған үккіштен өткізсеңіз, өте әдемі әрі біркелкі болып шығады.
-
2
Табаны қыздырып, қалауыңызша сұйық май құйыңыз. Көкөністердің барлығын салып, 2–3 минут қуырыңыз.
-
3
Макаронды қосып, 1 минуттай жақсылап араластырыңыз — май мен көкөніс дәмі макаронға сіңе бастайды.
-
4
Су құйып, қайнаған соң тұз салыңыз. Отты бәсеңдетіп, 15–20 минут пісіріңіз.
Ескерту
Егер макарон ұзақ пісетін түрге жатса, оны алдымен тұз қосылған суда бөлек қайнатып пісіріңіз. Содан кейін сүзгіден өткізіп, суын сорғытыңыз да, қуырылған көкөністердің үстіне қосып, 5–10 минуттай баяу отта бұқтырып алыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра