Сау болыңдар достарым

Ашық сабақ

Тақырыбы

Кел, білейік, үйренейік

Мақсаты

  • Балалардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жаттықтыру.
  • Есте сақтау қабілеттерін дамыту, өткен сөздерді еске түсіру және дұрыс айтқызу.
  • Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

А.Е.: Балалар, бүгін тағы бір жақсы, жылуы мол күн туды. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақ келіп отыр. Ендеше, жылы жүзбен қонақтарға сәлем берейік.

«Жылулық шеңбері»

Үлкенге де, кішіге де

Бәріне сәлем біз береміз

Денсаулық тілейміз

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

А.Е.: Мен де сендерге тек қана денсаулық тілеймін. Ендеше, орындарыңа отырыңдар, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

Әңгімелесу: жыл мезгілі

А.Е.: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір көктем мезгілі.

А.Е.: Көктем айларын есімізге түсірейік.

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.

Күн жылынады, көктем келіп, табиғат оянады. Бәріміз қуанышқа бөленеміз. Көктемге деген қуанышымызды білдірейік.

Балалар бірге айтады:

Алақай, алақай,

Көктем келді!

Алақай, алақай,

Қуантып біздерді!

Музыка көңілді естіледі.

Қонақпен танысу: Айсұлу

Балаларға бір қонақ келеді. Ол — Айсұлу.

Айсұлу:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Келіңдер, танысайық. Менің атым — Айсұлу.

Танысу диалогы

Сәлем, досым! Сенің атың кім?

Менің атым Дана. — Үлкен азамат бол. — Рахмет.

Ал сенің атың кім?

Менің атым Юля. — Ақылды қыз болып өс. — Рахмет.

Сенің атың кім?

Менің атым Аделина. — Сұлу, әдемі қыз болып өс. — Рахмет.

Айсұлу: Ту, мына балалар қандай ақылды, қандай жақсы балалар!

А.Е.: Әрине, біздің балалар осындай — білгір, ақылды.

Сиқырлы сандық және домбыра

Айсұлу: Мен балалармен танысып, мына сандықты беріп кетейін деп келдім. Ішінде не бар екенін өздерің ашып көріңдер. Ал мына сиқырлы домбыраны да сыйға тартамын: тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, домбыра өзі белгі береді. Сау болыңдар, достарым!

А.Е.:

Балалар, қандай әдемі сандық! Қане, қайталап айтыңдаршы: сандық. Сандықты ашу үшін мақал-мәтел айтайық.

  • Достық — бірлікте.
  • Отан — оттан да ыстық.
  • Еңбек түбі — береке.
  • Еңбек етсең — өсесің.
  • Ойна да күл, оқы да біл.
  • Өнерлі бала — сүйкімді.

Сандық ашылады. Ішінен түрлі түсті, геометриялық пішіндер бейнесіндегі конверттер шығады.

Тапсырмалар: 5 конверт

1-конверт

Қызыл · сопақша

Тапсырма: суреттен отбасы мүшелерін ата. Ана, әке, ата, апа.

Ана туралы тақпақ (Айнұр):

Анашым — асылым,

Анашым — жүрегім.

Аман бол, анашым,

Аман бол, тірегім.

Домбыра әуені естіледі.

Сергіту сәті:

Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

2-конверт

Көк · үшбұрыш

Тапсырма: тақтада жасырынған ойыншықтарды ата. Әркім өзіне ұнаған ойыншықты алып, қолына ұстап, «Ойыншықтар» өлеңін айтады.

3-конверт

Ақ · шаршы

Тапсырма: жануарларды ата, суреттен тап.

  • Үй жануарларын тап.
  • Жабайы жануарларды тап.

Дидактикалық ойын:

«Жануарларды жина»

4-конверт

Жасыл · дөңгелек

Тапсырма: дене мүшелерін ата.

Ойын:

Кәне, кәне қол — міне, міне қол.

Кәне, кәне бас — міне, міне бас.

т.б.

5-конверт

Сары · тіктөртбұрыш

Тапсырма: ұлттық киімдерді ата: көйлек, қамзол, сәукеле.

Сергіту сәті: «Айгөлек»

Айгөлек, айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек, айгөлек,

Би билейміз дөңгелеп.

Қорытынды тапсырма: әшекейлеу жұмысы

Балалар, сендер Айсұлу әкелген сиқырлы сандықтағы барлық тапсырманы орындадыңдар. Енді соңғы жұмыс: үстел үстіндегі ұлттық бас киімдерді әшекейлейміз. Ұлдар — бөрік, қыздар — сәукеле безендіреді.

Саусақ ойыны: «Қуырмаш»

Қуыр-қуыр-қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Басбармақ, балаң үйрек,

Ортан терек, сылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек,

Қытық-қытық.

Жеңіл музыка ойнап тұрады.

Өзін-өзі бағалау

А.Е.: Өз жұмыстарыңды қалай бағалаймыз? Балалар: «Күшті!»

Қонақтың қайта келуі және қоштасу

Музыка әуенімен Айсұлу келеді.

Айсұлу:

Балалар, сендер менің барлық тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Рахмет сендерге! Ақылды болып өсіңдер, үлкен жігіт пен үлгілі қыз болыңдар!

А.Е.:

Айсұлу, тілегіңе көп рахмет. Біздің балалардың саған беретін сыйы бар — оны сиқырлы сандыққа салып қойдық. Сау бол!

Айсұлу: Рахмет, балалар. Сау болыңдар!

А.Е.: Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сендерге рахмет — бәрің де өте жақсы жұмыс істедіңдер. Енді қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!