Сабақ міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушылар спорт пен волейболға қатысты ұғымдарды меңгереді және оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойын жүйелі жеткізуге, ынтымақтаса оқуға машықтанады.
Сабақ міндеттері
- Оқушылар өздеріндегі ақпараттық ресурстарға сүйене отырып, тақырып бойынша білім-біліктілігін диалогтік оқыту арқылы жетілдіреді.
- Тақырып аясында өз ойын білдіру, жұптық және топтық жұмыс барысында жағдаяттық сұрақтарға бірлесе шешім қабылдау, өзгенің пікірін тыңдау және өз пікірін дәл жеткізу дағдылары дамиды.
- Спорттың денсаулыққа пайдалы екенін тәжірибе арқылы ұғына отырып, шыдамдылыққа, сұлулықты бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді.
Сабақ қадамдары
- Жаңа сабақты игеру.
- Тұжырымды ой айту.
Түйінді идея
Нақты ойлау арқылы ой қорыту.
Күтілетін нәтиже
- Топтық жұмыс барысында түрлі көзқарасты тыңдап, өз ойын еркін айтады және ортақ шешім қабылдайды.
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
- Оқушылардың бірін-бірі оқыту дағдылары күшейеді.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Тапсырмалар
Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелі парақшалар
- Ноутбуктер
- Электронды оқулық
- Кестелер
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Көбелек» ойыны
Таңертең көбелек оянды, тартылды. Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды. Азғана айналып, барлығына күліп, қайта гүліне оралды.
Мақсаты
Эмоциялық қысымды азайту, еркін психологиялық ахуал қалыптастыру және топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту.
Топқа бөлу
«Киіз үй», «қамшы», «домбыра» атаулары арқылы топтарға бөлінеді.
Рөлдер
Топ басшысы, тайм-кипер және бағалаушы сайланады.
Бағалау
Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, сабақ соңында жиынтық ортақ баға қойылады. Бағалау парақтары таратылады.
Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма: «Миға шабуыл»
Оқушылар топпен бірге «Жеңіл атлетика» тақырыбы бойынша сызбаны (схеманы) толтырады.
Жаңа сабақ
Түсіну: ассоциативті қатар
Оқушылар жаңа тақырыпқа қатысты ассоциациялар ұсынады, негізгі ұғымдар айқындалады.
2-тапсырма: тақырыпты анықтау
«Волейбол деген не?» презентациясы көрсетіледі. Оқушылар көрген ақпаратқа сүйеніп, волейбол туралы пікір білдіреді және сабақтың тақырыбын бірлесе анықтайды:
«Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол»
Жаңа сөздермен жұмыс
Бұл жұмыс түрі ойды жіктеуге ғана емес, оқушылардың субъективті тәжірибесін ескеріп, жаңа тақырыпты бірлесе жоспарлауға мүмкіндік береді.
3-тапсырма: кластер құрастыру
«Волейбол қандай ойын түрі?» сұрағы бойынша оқушылар кластер толтырады. Дайын жұмыстарын тақтаға іліп, қысқаша қорғайды.