Дидактикалық кезең
Сабақтың тақырыбы
Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы!
Сабақтың мақсаты
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы отансүйгіштік пен патриоттық сезімнің мәнін оқушылар бойына сіңіру.
- Елбасы Жолдауының қоғамымыздағы маңызын ұғындыру.
Кіріспе: мұғалімнің сөзі
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы ретінде балаға, тәрбиеге және болашаққа айрықша назар аударылады. Отбасы, әке мен бала, ана мен бала арасындағы байланыс мәселелерін көтере отырып, «Бала тәрбиелеу – болашаққа салынған үлкен инвестиция» деген ойдың терең мәні ашылады.
Бұл бастамалардың барлығы ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған. Адамзаттың байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін қоғамды ізгілікке, жауапкершілікке және қамқорлыққа шақыруы — көңілге қонымды, уақыт талабына сай ұстаным.
Білім — басты құндылық
Білім барлық уақытта ең жоғары құндылықтардың бірі болып келеді. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін өз қолына ала алады. Осыны ескере отырып, Елбасы Н. Назарбаев Жолдауында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің нақты бағыттарын айқындайды.
Білім беру саласындағы басым бағыттар
- Инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту.
- Оқыту әдістемелерін жаңғырту, білім сапасын көтеру.
- Елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды тиімді қолдану үшін мамандар даярлау.
Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу, жұмыс ережесін нақтылау және сабақтың күтілетін нәтижелерін қысқаша таныстыру.
2) Дидактикалық кезең
Ой қозғау және толғандыру тапсырмалары арқылы оқушылардың танымдық және мотивациялық белсенділігін арттыру. Әр тапсырмадан кейін мұғалім қорытынды жасап, негізгі ойды жинақтап отырады.
3) Көрнекілік
Интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету, газет материалдарын пайдалану және тақырыпқа сай әуен тыңдату.
4) Әзірлеу кезеңі
Кластер әдісі, ой қозғау, пікірталас арқылы тақырыпты тереңдетіп, дәлелді ой айту дағдыларын дамыту.
Қорытынды
«Қазақстан – 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!