Жаңа білімді дамыту
Сабақ тақырыбы
«Я я» әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты
- 1. «Я я» әрпі мен дыбысын дұрыс дыбыстату; «Я» әрпінің қосарлы дыбыстың таңбасы екенін меңгерту; әріпті таныту; «я» дыбысын дұрыс айтуға төселдіру; пәнаралық білімді қалыптастыру.
- 2. «Әліппе еліне» ойша саяхат жасау арқылы оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.
- 3. Таза жазуға дағдыландыру; жылдамдыққа, өз ойын анық әрі дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді дамыту
- Әдіс-тәсілдері
- Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік
- Көрнекілігі
- Теледидар, орман сызбасы, кеме суреті, иллюстрациялар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа назарын аудару.
Қысқа өлең жолдары
Алфавитті біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып
«Г г» әрпі мен дыбысы. «Құлагер» мәтіні.
Жұмыс түрлері
- Сұрақтарға жауап беру:
-
- Сөйлем қай әріптен басталады?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Бағандағы сөздерді және «Құлагер» мәтінін мәнерлеп оқу.
- «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3) Жаңа білімді меңгерту
Бастау
Теледидар арқылы «Білім кемесін» көрсету. «Әліппе аралына» саяхатқа шығу.
Жол үстіндегі тапсырма
Аралға жеткенше өткен әріптерге байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер айту.
Орманға саяхат
Аралға келген соң кемеден түсіп, орманды аралау. Табиғат көріністерін тамашалау.
Жұмбақ
Екі теңдей құлағы
Дыбыс сезіп тұрады.
Негізгі оқу әрекеті
Қасқыр қуып келе жатқан қоянды «құтқару» үшін «қоян» сөзін буынға бөлу. «Я я» әрпінің баспа және жазба түрлерімен танысу. «Қоян» сөзіне буындық және дыбыстық талдау жасау.
4) Ойын: «Бұлттан әріптер жауады»
Күн бұлттанып, бұлттан әріптер «жауған» сәтте оқушылар «я» әрпі бар сөздерді ойлап айтады.
5) Қорытынды сұрақ
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстардан құралады.
6) «Құстарға толған орман» тапсырмасы
Күн ашылып, орманға құстар жиналады. «Бозторғай» әні қосылады. Әр құстың артында оқулықтағы баған сөздері жазылған. Әр сөздің мағынасы ашылып, буындық және дыбыстық талдау жасалады.
Сөздер
- аяқ
- қоян
- қияр
- аяз
- тақия
- таяқ
- шаян
- пияз
- саяз
- дария
7) Мәтінмен жұмыс
- «Ұя» сөзін буынға бөлу.
- Қ. Баянбаевтың «Ұя» өлеңін мәнерлеп оқу.
8) Оқу дағдыларын дамыту
Оқушыларға тізбектей және хормен оқыту ұйымдастырылады.
9) Сурет бойынша әңгімелеу
Берілген суретке сүйеніп, оқушылар қысқаша әңгіме құрастырады.
10) Саяхаттан қайту және дәптермен жұмыс
«Ауылым» әнімен саяхаттан оралу. Дәптерде «Я я» әрпінің бас және кіші түрлерін жазу. «Ұя» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
11) Жаңа білімді бекіту
Рефлексия сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін не туралы білдік?
Тілек сөздер
Бүгінгі сабақ көңілді,
Серпілттік бір сәт өмірді.
Ауамыз таза болсын,
Жан-жануардың бәрі аман болсын.
12) Бағалау
Оқушыларды мадақтау, белсенді қатысқандарын атап өту.
13) Үй тапсырмасы
Оқулық бойынша тапсырмалар беріледі (мұғалім нақтылайды).