Қоршаған ортаны қорғау. Қоршаған орта
Бұл материал — жаратылыстану-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныпта өткізілген ашық сабақтың жоспары. Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау».
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға экологиялық білім беру.
- Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
- Табиғатқа немқұрайды қарамауға баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілікті нығайту.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ.
- Сабақтың әдісі
- Сөздік, практикалық.
- Сабақтың формасы
- Жеке, топпен, сыныппен.
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі, экология.
- Көрнекілігі
- Сөз басы, суреттер, карточкалар, тесттер, бағалау парағы.
Бағыт беру кезеңі
- 1 Оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу.
- 2 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау — бабаңның
Емес пе еді басты ұраны?!
Іске асыру кезеңі
I. Топтастыру
Негізгі ұғым: «Қоршаған орта».
II. Мақал-мәтелдер
Тақырып: табиғат туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
III. Мәтінмен жұмыс
а) Оқу тәртібі
- Мұғалім мәтінді оқиды.
- Оқушылар түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.
Қоршаған ортаны қорғау — қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделене түсті. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апат аймақтарына айналды. Жер шарындағы халықтың 40–45%-ы экологиясы нашар өңірлерде тұрып жатыр. Жыл сайын атмосфераға 20 млрд тонна көмірқышқыл газы тарайды.
Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен.
Иә, табиғат — адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып-төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі мен қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі — басатын жерге, тыныстайтын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты.
Демек, адам баласы болашақты ойласа, барды күтіп-аялап сақтаумен қатар, табиғатты қалпына келтіруге, көркейтуге де мән беруі керек.
ә) Сөздік жұмысы
- өткір мәселе
- острая проблема
- тепе-теңдіктің бұзылуы
- разрушение равновесия
- санасының өсуі
- рост сознания
- көмірқышқыл газы
- углекислый газ
- игеру
- освоить
- күнкөріс көзі
- источник жизни
б) Мәтін бойынша сұрақтар
- 1 Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру неге әкеліп соғуда?
- 2 Жер шарындағы халықтың неше пайызы экологиясы нашар жерлерде тұрып жатыр?
- 3 Жыл сайын атмосфераға неше тонна көмірқышқыл газы тарайды?
- 4 Соңғы он жылда нелер жойылып кетті?
- 5 Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма?
- 6 Ендеше қандай жұмыстар жүргізу керек?
IV. Тапсырмалар
1) Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар зат есімдерді табу
2) «Табиғатты қорғау» тіркесін септеу және сөйлем құрау
Үлгі сөйлем
Табиғатты қорғау — баршаның міндеті.
3) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру (ауызша)
1-баған
- апатты
- қоршаған
- табиғатты
- таза
- адамның
2-баған
- орта
- сақтау
- ауа
- денсаулығы
- аймақ
4) Карточкалармен жұмыс (4 оқушы)
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру:
- Қоршаған орта үшін біз жауаптымыз.
- Экологиялық мәселелерге адамдар өздері кінәлі.
- Адамның дені сау болуы үшін қоршаған орта таза болуы керек.
- Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні — 5 маусым.
5) Сурет бойынша әңгіме және Венн диаграммасы
Әңгіме: «Қазақ балалары» тақырыбы бойынша суретке қарап әңгімелеу.
Талдау: Венн диаграммасы арқылы таза ауа мен лас ауаның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын белгілеу.
6) Сөйлем мүшелеріне талдау
Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады.
Қорытынды кезеңі
1) Тест жұмысы
Оқушылар мәтін мазмұны мен тақырыптық ұғымдарды бекіту мақсатында тест тапсырмаларын орындайды.
Ей, адамдар! Күн мен гүлден жаралған.
От сезім мен мейірім содан тараған.
Тіршілік иесі Жер-Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде, «аһ» ұрады дүние.
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
Үй тапсырмасы
«Адам — табиғат перзенті» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағалау парағы арқылы критерийлер бойынша қорытындыланады.