Оқушыларды дәлдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Берілген өрнектерді түрлендіруде және теңдеулерді шешуде ережелерді қолдану, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ойлау, ауызша есептеу және сөйлеу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Дәлдікке және тапқырлыққа тәрбиелеу, жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы мен қатысуы тексеріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№752 есеп: өткен тақырып бойынша 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру (шығармашылық жұмыс).
Рөлдік ойын арқылы тексеру
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топта сыншы, сарапшы, қорғаушы рөлдері бөлінеді. Олар тапсырманы орындаған оқушының жұмысын талдап, қалай орындалғанын айтып, пікір білдіреді.
- Жауаптар жауап парағы бойынша тексеріледі.
- Топ жетекшілері бағалау парағына әр оқушының бағасын қояды.
III. Өткен сабақты пысықтау
а) Ережелерді қайталау
- Жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақша қалай ашылады?
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына қалай шығарамыз? Мысалмен түсіндір.
ә) Ауызша есептер (плакат бойынша)
Тақтадағы плакатта берілген тапсырмаларды әр топтан оқушылар жеке-жеке ауызша орындайды.
I топ
- (-0,3m)·(-4n)
- 5x·(6x+3y)
- 4·(3n-m)
II топ
- (-4a)·5b
- 2y·(3x-y)
- 8·(4y-x)
III топ
- 2b·(-3c)
- -6a·(5b-2a)
- 6·(a-2b)
IV. «Брейн-ринг» (оқыта-үйрету ойыны)
Сынып оқушылары 4 адамнан топтарға бөлінеді. Үстелде 4 бөлікке бөлінген жаймалар болады, әр бөлікте тапсырма жазылған карточкалар орналасады.
Деңгейлер тәртібі
- A Міндетті деңгей: тапсырмаларға бірден, дайындықсыз жауап беріледі.
- B Негізгі деңгей: ойлануға уақыт беріледі.
- C Қолдау деңгейі: қосымша дайындықпен орындалады.
Ойын барысында ойыншылар мен топ жетекшілері жетон арқылы бағалайды.
V. Сергіту сәті
Бір оқушы ортаға шығып, сергіту жаттығуын жүргізеді.
Өлең
Атадан он баламыз,
Әрбір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Көбейіп те аламыз,
Бөлініп те қаламыз.
VI. Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
№761, №762: ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Үлгі жауаптар
- 4a + 3a² = a(4 + 3a)
- -20m + 30n = -10(2m - 3n)
- 5a² - 15a = 5a(a - 3)
- -6xy + 9y² = -3y(2x - 3y)
- 0,5x³ - 2,5x = 0,5x(x² - 5)
- 8xy - 4y² = 4y(2x - y)
Үй тапсырмасы
Келесі сабаққа берілген тапсырмаларды орындап келу.
Назар аударғандарыңызға рақмет!