Көбейтужәне бөлу өзара кері амал

Сабақ туралы мәлімет

Орны: Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл атындағы орта мектебі

Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Ділмұханова Бибігүл Қабекенқызы

Сабақ тақырыбы: санды 5-ке көбейту және бөлу

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Оқыту әдісі: білім беруді ізгілендіру әдісі

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

5-ке көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, тиянақтау және бекіту.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қабілетін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту; ауызша санау, көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Оқытуды өмірмен байланыстыру; шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер

  • 5-ке көбейту және бөлу кестесі
  • Электрондық оқулық
  • «Кім жылдам?» ойыны

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Математикалық диктант:

5×2
7×2
3×9
6×5
40:5
4×3
9×2
4×5
8×5
35:5

III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Көбейту дегеніміз не? Бірдей қосылғыштарды қосуды көбейту дейміз.

5 санына қатысты ұғымдар (ой қозғау)

  • 5 нәрсеге асық бол
  • 5 нәрседен қашық бол
  • 5 парыз
  • 5 арыс
  • 5 қару
  • Көбейту амалының компоненттерін атау

IV. Кестемен жұмыс: өзара кері амалдар

Өрнектер

  • 5×6=30
  • 30:6=5
  • 30:5=6
  • 6×5=30

Ережелер

  • Егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
  • Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсек, бөлгіш шығады.
  • Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсек, бөлінгіш шығады.

Қорытынды: көбейту мен бөлу — өзара кері амалдар.

V. Оқулықпен жұмыс

№3 (ауызша)

5×7=
35:7=
35:5=
7×5=35
5×6=
30:5=
30:6=
6×5=30

1-есеп

5 қораптың әрқайсысында 10 ойыншық бар. Тағы 25 ойыншық алынды. Барлығы неше ойыншық болды?

Шешуі: (10×5)+25=75

Жауабы: барлығы 75 ойыншық.

Есеп екі амалмен шығарылады, өйткені сұраққа бір ғана амалмен жауап беруге болмайды (қораптардағы ойыншық саны мен қосымша алынған ойыншықтар бірге есептеледі).

2-есеп

Кері есептер құрастыру (дәптер бағасы мен саны):

Бағасы Саны Құны
5 теңге 7 ?
5 теңге ? 35 теңге
? 7 35 теңге

1) 1 дәптер — 5 теңге. 7 дәптер — ? 7×5=35 → Жауабы: 35 теңге.

2) 1 дәптер — 5 теңге. 35 теңгеге — ? дәптер 35:5=7 → Жауабы: 7 дәптер.

3) 7 дәптер — 35 теңге. 1 дәптер — ? 35:7=5 → Жауабы: 5 теңге.

Бұлар — өзара кері есептер: бір есептегі белгісіз шама келесі есепте белгілі шама болады.

VI. «Миға шабуыл»

Берілген сандар

5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50

  • 5-ке кеміт
  • 5 есе кеміт
  • 5-ке арттыр

Логикалық сұрақ (№6)

Санды 5-ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін?

11:5=2 (қалдық 1)
43:5=8 (қалдық 3)
22:5=4 (қалдық 2)
34:5=6 (қалдық 4)

Қорытынды: 5-ке бөлгенде 5-тен кіші қалдықтар ғана қалуы мүмкін: 1, 2, 3, 4. Ал 0 немесе 5-ке аяқталатын сандар 5-ке қалдықсыз бөлінеді.

VII. Ой толғау: сәйкестендіру және теңдеу шешу

№7. Теңдеулер

  • 45:a=5
  • x×5=25
  • 40:a=5
  • 4×x=16

Қорытынды сұрақ

Біз нені үйрендік? 5-ке көбейту және бөлу кестесін қолдану арқылы көбейту мен бөлудің өзара кері амал екенін дәлелдеуді және есептерді кестеге сүйеніп шығаруды.

Үй тапсырмасы: кестемен жұмыс (берілген тапсырмалар бойынша).
Бағалау: сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындауына қарай.

Толық нұсқасын жүктеу (қосымша материал ретінде).