Сөз таптарын ата. Сын есім

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Қазақ тілі (3-сынып)
Тақырыбы
55–59-жаттығулар
Сабақтың типі
Қайталау сабағы
Әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын элементтері, «Кубизм», «Қағып ал да, лақтыр» (ауызша жұмыс)
Көрнекіліктер
Сызбалар, суреттер, бейнематериалдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін пысықтау және бекіту.

Дамытушылық

Тіл байлығын, сөздік қорын және танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Тапқырлыққа, ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралдарын дайындау, назарды сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері (өлең)

Күн көзінен күлімдеп, Көңілді болып жүрелік. Қазіргі болар сабаққа Жүректен ақ жол тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру

52-жаттығу

«Көбелектерді өз гүліне қондыр» тапсырмасы арқылы жұрнақтарды қайталау: -леу, -лау, -деу, -рақ.

Мысал сөздер: кіші, сары, қысқа, үлкен.

III. Өткенді бекіту («Кубизм» әдісі)

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Сын есімнің қандай түрлері бар?
  3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
  4. Туынды сын есім дегеніміз не?
  5. Сөз таптарын ата.
  6. «Үлкен» сөзіне зат есімді тіркестіріп, мысал келтір.

IV. Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту (суретпен жұмыс)

«Мектеп» суреті бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы сын есімді анықтау:

  • Түсі қандай? — ақ
  • Көлемі қандай? — үлкен
  • Пішіні қандай? — төртбұрыш тәріздес
  • Сапасы қандай? — көне

55-жаттығу (бейнематериал)

Мақта туралы бейнематериалды көріп, өлеңді мәнерлеп оқу.

Осы — біздің Оңтүстік, Қауашағын қақ жарған, Ақ мақтасы — ақ маржан. Алмасы аппақ ақықтай, Жүзімі бар жақұттай. Түні салқын, күні ыстық — Осы — біздің Оңтүстік.

Өтебай Тұрманжанов

56-жаттығу

Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай кестеге орналастыр.

қызыл ұзын шұбар таза қалың сұр аласа қызық суық жүйрік тегіс өткір үшкір сүйір дәмді жалпақ тәтті тұщы дөңгелек доғал ащы

57-жаттығу («Қағып ал да, лақтыр» әдісі, ауызша)

Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді тауып айт.

семіз — арық

арзан — қымбат

жаңа — көне

жуас — асау

қараңғы — жарық

қою — сұйық

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

58-жаттығу

Өлеңді оқып, жатқа жаз. Отан туралы бейнематериалды тамашала. Негізгі және туынды сын есімдерді тап.

Керемет биік тауларың, Кестедей бақша, бауларың. Айнадай мөлдір көлдерің, Анамдай ізгі елдерің.

Әдібай Табылды

59-жаттығу

Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.

  1. 1. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. Жауабы: күн

  2. 2. Қабат-қабат тоны бар, кішкене ғана бойы бар. Жауабы: қой

  3. 3. Қара үңгірде қара тас, жанғанда бет қаратпас. Жауабы: от

  4. 4. Түсі аппақ қардан да, жесең тәтті балдан да. Жауабы: қант

V. Қорытынды

Қайталау сұрағы: «Біз бүгін нені білдік?» Сын есімнің мағынасы, түрлері және сөйлемдегі қолданысы бойынша қорытынды жасау.

VI. Бағалау

Бағалау шартты белгілер арқылы жүргізіледі:

5 — алма

4 — шие

3 — жуа

VII. Үй тапсырмасы

  • Сын есімді қайталау.
  • 59-жаттығуды орындау.
  • 55–59-жаттығулар бойынша қорытынды қайталау.