Жеті қазына. Жеті күн

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушылардың сан есім туралы білімдерін еске түсіру, түсініктерін кеңейту, білімдерін тереңдету және теорияны тәжірибемен ұштастыру.

  • Дамытушылық

    Оқушылардың ойлау, сөйлеу және тапқырлық қабілеттерін дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын тиянақты жеткізу дағдысын қалыптастыру.

  • Тәрбиелілік

    Сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу, киелі сандардың қасиетін тануға бағыттау.

Сабақтың түрі

Қайталау-қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, кластер, ребус, жұмбақ, метаграмма шешу.

Көрнекіліктер

Компьютер, слайдтар.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, география, информатика, халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық. Сөзжұмбақты шешсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

  1. 1. Балалардың ойыны — асық
  2. 2. Қазақстанның астанасы — Астана
  3. 3. Ең қымбат адам — ана
  4. 4. Алтай Республикасының бір ауданы — Чемал
  5. 5. Баланы тербететін — бесік
  6. 6. Жануар — піл
  7. 7. Қазақ халқының батыры — Алпамыс
  8. 8. Қосағаш ауданының әншісі — Жанайдар
  9. 9. Қоянның баласы — көжек
  10. 10. Қазақ халқының аспабы — домбыра

Жауабы: Сан есім.

Демек, бүгін біз «Сан есім» мемлекетіне саяхат жасаймыз.

Қайталау сұрақтары

  • Сан есім туралы не білеміз?
  • Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Мағыналық түрлерін атаңдар.
  • Құрамдық түрлерін атаңдар.
  • Сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарады?
  • Қазақ халқында қандай сандар киелі саналады?

Киелі сандар: 3, 5, 7.

Киелі сандарға қатысты ұғымдар

Жеті қазына

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу әйел
  3. Ақыл, білім
  4. Жүйрік ат
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық
  7. Жүйрік тазы

Жеті күн

  1. Бүгін
  2. Ертең
  3. Бүрсігүні
  4. Арғы күн
  5. Ауыр күн
  6. Соңғы күн
  7. Азына

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз — жетім,

Киюсіз тозған бөз — жетім,

Иесіз қалған жер — жетім,

Басшысы жоқ ел — жетім,

Аққу-қазсыз көл — жетім,

Замандасы қалмаса —

Бәрінен де сол — жетім.

«Сан есім» мемлекетіне саяхат: қалалар бойынша тапсырмалар

Бірінші қала: Есептік сан есім (количественные числительные)

Мәтіннен есептік сан есімдерді табыңдар.

Алтай Республикасының астанасы — Горно-Алтайск қаласы. Оның аумағы — 92,6 мың км². Халық саны — 205,6 мың адам. Республикада 10 аудан, 1 қала бар. Ең биік тау — Белуха, оның биіктігі — 5448 метр.

Екінші қала: Реттік сан есім (порядковые числительные)

Жеті аталарыңды еске түсіріп, реттік сан есімдерді жазыңдар.

Атасы (дед)

бірінші

Әкесі (отец)

Баласы (сын)

Немересі (внук)

Шөбересі (правнук)

Шөпшек (праправнук)

Немене (прапраправнук)

Үшінші қала: Жинақтық сан есім (собирательные числительные)

Жұмбақтарды шешіп, жинақтық сан есімдерді табыңдар.

Кездеспейді екеуі, көк аспан мекені.

Жауабы: ай мен күн

Басы да екеу, аяғы да екеу.

Жауабы: қайшы

Қатар тұрып екеуі, бірін-бірі көрмейді. «Көр!» десең де көрмейді.

Жауабы: екі көз

Біреуін бердім, онын тердім.

Жауабы: тұқым

Қосымша сұрақ

Сағат қанша болды? Айтшы.

Келесі қала: Бөлшектік сан есім (дробные числительные)

A) Жаттығу

Цифрларды сөзбен жазыңдар (230-жаттығу).

B) Метаграммалар

Сөздегі бір әріпті ауыстырып, жаңа сөз құраңдар.

Жазда өсіп, піседі, дәмі тәбет ашады. Қ орнына Ж қойсаң, көктен тамып түседі, жердің шаңын басады.

Қауын — Жауын

Аспан көгі жамылды, қара мақпал бүркеніп. Т орнына К қойсаң, жылытып, шағылды, тұрар елге нұр төгіп.

Түн — Күн

Қыста суды қаптаймын, бірақ жазда жатпаймын. Алғашқы әріп ауысса, онсыз тамақ татпаймын.

Мұз — Тұз

Сұйықпын да тазамын, басамын жер тозаңын. С орнына Б қойсаң, бозғылт боп тозамын.

Су — Бу

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Бесінші қала: Болжалдық сан есім (предположительные числительные)

A) Сөйлем құрастыру

  • Жетідей
  • Жүз шамалы
  • Он шақты

B) Мақал-мәтелдерді толықтыру

Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жазыңдар.

  1. Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады.
  2. Қызға қырық үйден тыйым.
  3. Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
  4. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
  5. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
  6. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
  7. Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.

Алтыншы қала: Топтау сан есім (разделительные числительные)

Суретке қарап, топтау сан есімдермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Логикалық сұрақтар

  1. 1) Қандай айда 28 күн бар?

    Жауап: барлық айда.

  2. 2) Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ, Алматыда екеу, Астанада үшеу. Бұл не?

    Жауап: «а» әрпі.

Қорытынды ой

Сандар сөйлейді: олар сөйлем ішінде нақты мағына беріп, ойды дәл жеткізуге көмектеседі.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

Сан есім түрлерін қайталау және берілген жаттығуларды орындау.