Суреттен мақал шығарып, есімшенің жұрнағын табу
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Есімшенің түрленуі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдістері
- Түсіндіру
- Практикалық жұмыс
- Сұрақ–жауап
Көрнекілігі
- Слайд
- Семантикалық карта
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың мақсаты
- Есімшенің тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу жолдарын түсіндіру; білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
- Оқушылардың ойлауын дамыту, салыстыру арқылы ерекшеліктерін анықтауға дағдыландыру; тіл байлығын арттыру.
- Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу; адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
- Үй тапсырмасын сұрау: әдеби кітаптан есімдіктің мағыналық түрлеріне қарай сөйлем құрастыру.
II. Қызығушылықты ояту (шаттық шеңбері)
Музыка ойнатылады. Қорапшаға салынған өткен тақырып бойынша сұрақтарға оқушылар кезекпен жауап береді. Әр жауаптың бастапқы әрпінен жаңа тақырып құрастырылады: Есімше.
Сұрақтар үлгісі
- Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
- «Бұл, сол, анау» қандай есімдіктер? (сілтеу)
- Сөз қай септікте тұрса, анықтауыш қызметін атқарады? (ілік септік)
- Қалып қойған үнді дауыссыз дыбыс қатарында «л, н, ң, р, й, у…» қайсысы ерекше аталады? (м)
- Сын есімнің түрленуі деген не? (шырай формалары)
- Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы қалай аталады? (есімдік)
Тақырыпқа кіріспе (поэтикалық жолдар)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етісте боп жиылдың.
Топқа бөлу
Үлестірмелі суреттер арқылы топқа бөлінеді. Суретке сәйкес мақал-мәтел құрастырып, есімшенің жұрнағын анықтайды. 5 минут
III. Жаңа сабақ: Есімше
Есімше дегеніміз не?
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Ол сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады:
- Етістікше жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарады.
- Есімше есім сөздер сияқты түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп), есім қызметін атқарады.
«Есімше» атауы да осы қасиетіне байланысты: есім сөздерге ұқсап түрленеді.
Есімшенің жасалу жолдары (жұрнақтар)
1) -ған, -ген, -қан, -кен
Мысалдар: алған, көрген, айтқан, кеткен.
2) -ар, -ер, -р; болымсыз тұлғадан кейін -с
Мысалдар: барар, келер, оқыр, айтпас, көрмес.
3) -атын, -етін, -йтын, -йтін
Мысалдар: айтатын, келетін, тыңдайтын, сөйлейтін.
4) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
Мысалдар: бармақ, келмек, жазбақ, безбек, шашпақ, төкпек.
Түсіну: мақал-мәтелдерді толықтыру
Суреттерді пайдаланып мақалдарды толықтырыңыз (есімше жұрнақтарын табыңыз).
- Бас кесілсе де, тіл кесілмейді.
- Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер.
- Инені ұстай білмеген көзіне тигізер.
- Көрмеген түйені де көрмеген дейді.
- Болған бала — пысық, жауған күн — ыстық.
Рефлексия
Не білем?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Қолдану: есімшені табу және түрлендіру
Әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша берілген сөйлемдерден есімшені тауып, оның қай түрде тұрғанын анықтаңыз (тәуелдену, септелу, көптелу, жіктелу).
- Ұлт әдебиетін Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты алыптардың орнықтырғаны белгілі. Ескертпе: тәуелденіп тұр.
- Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, жалыналық Абайға, жүр баралық! Ескертпе: септеліп тұр.
- Шиқанымды езгендей шықты жаным, айтқанда естігендер ұғып келіп. Ескертпе: септеліп, көптеліп тұр.
- Қойың қыстан әбден титықтады, малыңнан айрыларсың деді. Ескертпе: жіктеліп тұр (баяндауыш қызметі).
Кітаппен жұмыс
- I топ: 165-жаттығу (ауызша).
- II топ: 166-жаттығу (ауызша).
- 167-жаттығу: қарамен жазылған есімшелерді құрамына қарай талдау.
Шығармашылық жұмыс
«Тәуелсіздік — қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыбында ой-толғаныс жазыңыз немесе өлең шумақтарын құрастырыңыз.
Жаңа сабақты бекіту: жедел жауап
Мұғалім етістікті оқиды, оқушылар оны есімшеге айналдырады.
Түрлендіру үлгілері
- Егін орылды
- Орылған егін
- Көз көрді
- Көрер көз
- Жұмыс істелді
- Істейтін жұмыс
- Әңгіме тыңдалды
- Тыңдалған әңгіме
Қосымша мысалдар
- Ән шырқалды
- Шырқалған ән
- Құс ұшты
- Ұшқан құс
- Тау басылды
- Басар тау
- Ас пісті
- Піскен ас
Рефлексия
2 минутНе білем?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Бағалау және үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
- 168–169-жаттығулар.
- Ережені жаттау.
- С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен есімшелерді теріп жазып, олардың түрленуін түсіндіру.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар стикерге сабақтың екі жақсы тұсын және бір ұсыныс-тілегін жазады.
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Абдығалиева Гүлмира Инғайлиевна.